Cауат ашу әдістемесі пәнінің маңызы неде?
Автор: Арай Жанарбекова • Декабрь 13, 2022 • Контрольная работа • 510 Слов (3 Страниц) • 398 Просмотры
1.Cауат ашу әдістемесі пәнінің маңызы неде?
2. Cауат ашу әдістемесін түсіндір
1.Cауат ашу әдістемесі пәнінің маңызы неде?
Сауат ашу пәні жалпы білімнің негізін құрайтын маңызды пәндердің бірі. Балаларды оқуға,жазуға сондай-ақ тыңдауға үйрету. Әріп таныту, буын, создерді уйрету. Осы пәнді оқу арқылы оқушылар дыбыстарды ажыратуды, дыбыстармен танысқан кезде кейбір дыбыстардың, сөздердің басқа тілден енгенін, сөздердің заттың атауын білдіретін, қимылын білдіретінін, мағыналары қарама – қарсы сөздерді ажыратуды үйренеді. Үйрену барысында оқушылар жақсы түсіну үшін сұрақ қоя, дәлелдеу, талқылау, іздену жұмыстарын жүргізеді.
Фонетика — сауат ашу әдістемесінің ғылыми негізіне олардың жасалуы тіл білімінің басты бір саласыболып табылады
Фонетика : жалпы және жеке[pic 1][pic 2][pic 3][pic 4]
қатынас құралы; пікір алысу құралы; танымдық құрал; ойлау құралы
Қазақ тілінде дыбыстардың бөлінуін (дауысты,дауыссыз). Дыбыстарды дауыстылар, дауыссыздар деп топтастырғанда балаларға әсіресе олардың акустикалық жақтары мен физиологиялық жақтары баса үйретілуі қажет. Физиологиялық тұрғыдан алып қарағанда,
дауыстыларды айту үстінде ауа:
- кедергіге ұшырамай, тосқауылсыз, еркін шығады;
- дыбыстау мүшелеріне күш түспей, лепсіз, бірқалыпты шығады;
- созып айтуға келеді.
Дауыссыздарды айтқанда ауа:
- кедергіге ұшырайды;
- тосқауылдан өту кезінде дыбыстау мүшелеріне күш түседі де, ауа лап етіп шығады;
- созып айтуға келмейді.
Тіліміздегі дыбыстарды дұрыс айтып үйрену — сауат ашу кезіндегі ерекше көңіл аударатын жұмыс болып табылады. Дауыстылар мен дауыссыздар салыстырмалы түрде айтылады, балалар бұл дыбыстардың қалай айтылатынын әрі аңғарады, әрі өздері айтып үйренеді.
Сауатты болудың алғашқы баспалдағы балалар дыбыстарды айтуға дағдыланумен бірге олардың қалай таңбалатынымен де танысады. Дыбыстардың таңбасын білу, әріптерді үйренеді.
Сауат ашу өзі бір кезең-кезеңімен жүретін үрдіс болып келеді. Ол дегеніміз .
...