Қытайдың Орталық Азиямен қатынасының маңызы
Автор: kuka-02.94 • Февраль 27, 2018 • Курсовая работа • 26,629 Слов (107 Страниц) • 770 Просмотры
МАЗМҰНЫ
Қысқартулар мен шартты белгілер тізімi....................................................3
Кіріспе…………………………………………………………………………..4
1 Қытай Халық Республикасының халықаралық қатынастары
1.1 ҚХР-дің әлемдік сахнадағы рөлі және оның сыртқы саяси доктринасы...........................................……………………………………………..13
1.2 Қытай және жаһандану проблемалары………………………………….25
2 Қытай Халық Республикасының Орталық Азиялық стратегиясы мен беделі
2.1 Орталық Азия елдері арасындағы Қытай елінің жүргізіп отырған саясаты………………………………………………………………………………33
2.2 Қытайдың Орталық Азия елдеріне деген қызығушылығы…………….40
3 Қытайдың Орталық Азиямен қатынасының маңызы
3.1 Қытайдың Орталық Азия елдерімен энергетикалық байланыстары……………………………………………………………………….51
3.2 Шанхай Ынтымастық Ұйымындағы Қытайдың орны………………….58
Қорытынды…………………………………………………………………..69
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………72
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР ТІЗІМІ
АҚШ – Америка Құрама Штаттары
АӨСШК (СВМДА) – Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңес
АТА – Азия-Тынық мұхиты аймағы
БРИКС – Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка Республикасы
БСҰ – Бүкіләлемдік Сауда Ұйымы
БҰҰ – Біріккен Ұлттар Ұйымы
БҰҰ КҚ – Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі
БХӨЖ – Бүкіл Қытай Халық Өкілдері Жиналысы
ЖАҚ – Жабық акционерлік қоғам
ЖІӨ - Жалпы Ішкі Өнім
ЕО – Еуропалық Одақ
КСРО – Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы
ҚКП – Қытай Коммунистік Партиясы
ҚКП ОК – Қытай Коммунистік Партиясы Орталық Комитеті
ҚР – Қазақстан Республикасы
ҚХР – Қытай Халық Республикасы
ҚҰМК – Қытай Ұлттық мұнай компаниясы
НАТО – Солтүстік Атлантикалық Келісім-Шарт Ұйымы
ОА – Орталық Азия
ӨАТҚ – Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Өңірлік антитеррорлық құрылымы
РФ – Ресей Федерациясы
СІМ – Сыртқы істер министрлігі
ТМД – Тәуелсіз мемлекеттер достастығы
ШҰАА – Шыңжаң Ұйғыр Автономиялық Ауданы
ШЫҰ – Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы
ҰҚКҰ – Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарт ұйымы
CNPC – China National Petroleum Corporation (Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы)
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диплом жұмысында Қытай Халық Республикасының халықаралық қатынастардағы рөлі мен оның Орталық Азия елдерімен арадағы ынтымақтастығы зерттелінеді.
Тақырыптың өзектілігі. Қытай-Орталық Азия қатынастарының 25 жылдық тарихы күрделі кезеңдерден өтті. Екі жақты қатынастар бұрын-соңды болмаған деңгейде дамып келеді. Саяси-экономикалық қатынастарға бірінші болып мүдделілік танытқан және Орталық Азияны өзінің стратегиялық ықпал аймағы ретінде есептеген ҚХР – Орталық Азиямен қарым-қатынаста өткен жиырма жыл ішінде айтарлықтай табыстарға жетті. Орталық Азия елдерінің көпшілігі жиырма жыл бұрынғымен салыстырғанда Қытай ықпалына айтарлықтай еніп үлгерді. Бұл көбіне экономикалық-энергетикалық сипатта жүзеге асты.
Қытайдың әлемдік күшке айналып келе жатуы және Орталық Азияны «жұтып қою» ықтималдығын мәлімдейтін гипотезалар мен фобиялар кең тарауда. Кез келген құбылыстың екі жағы болатыны секілді өрлеген әлеуетті Қытайдың да кем түсіп жатқан жақтары аз емес. Қытайдың экономикалық ықпалының қарқындылығын жоққа шығармасақ та, Орталық Азия мемлекеттерінің «Қытай қаупінен қашып», өзге елдермен ынтымақтастыққа түсуіне мүдделі Ресей мен АҚШ секілді елдердің де бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Бұл пікірлердің артында аталған елдердің тұруын да жоққа шығармауымыз керек. Өйткені, Орталық Азия аймағы аталмыш елдердің ақпараттық ықпалында отыр.
...