Мәңгілік ел пәлсапасы
Автор: Олжас Аббасов • Сентябрь 13, 2020 • Доклад • 632 Слов (3 Страниц) • 462 Просмотры
Мәңгілік ел пәлсапасы
Қазақстандықтардың ұлттық-мәдени бірегейлігі туралы ұғымды айтқанда, сырт көздер қоғамдық дамудың қазіргі теориясы аясында ғалымдар мен философтардың ойлап тапқан әлдебір жасанды дүниесі ретінде қабылдайды. Мұндай ой-пікір Президент Н.Назарбаев ұсынған «Үшінші жаңғыру» тұжырымы идеясын талқыға салған бірқатар батыстық саясаткерлердің мақалаларында кездеседі.
Батыс ғалымдары қазіргі жаһандану жағдайында қазақстандықтардың (басқа мемлекеттің тұрғындары сияқты) ұлттық-мәдени бірегейлігі көбінесе шартты әрі тұрақсыз сияқты көрінеді деп санайды. Бірақ, бұл тезис Қазақстандағы ахуалды емес, керісінше, автордың шындыққа балаған ойындағы дүниесін көрсетеді. Біздің ұлттық бірегейліктегі «шарттылық» пен «тұрақсыздық» секілді нәрсені айтқанда, олар қазақстандықтардың этникалық тегінен бөлек өзге халықтан жалпы сипаты бойынша дараланатын фактіні мойындайды. Біздің адамдардың өзіндік ұлттық-мәдени коды бар, ол дүниетанымға, мінез-құлыққа, қоршаған ортаны қабылдауына әсер етеді. Дәл осы жерде сәл кідіріс жасап, тарихи теорияны еске түсірген жөн: өздерін біртұтас ел санайтын жер шарындағы кез-келген халықтың ұлттық-мәдени бірегейлігі тарихи, мәдени, тілдік, саяси, аумақтық, өркениенттілік сынды көптеген фактормен анықталады. Кез-келген қоғамның болашағы мен даму бағытын бір іргелі мәселе анықтайды – бұл оның мүшелерінің өзін-өзі сәйкестендіруі туралы мәселе. Бұған барлығы – қоғам мен мемлекеттің тағдыры байланысты, өйткені, ол адамның қоғаммен, халықпен немесе ұлтпен қаншалықты сәйкес келетінін немесе келмейтінін анықтайды.
Сырттағы біреудің біздің ұлттық бірегейлік сезімінен ада ұсқынымызды көргісі келетіні белгілі. Әрі неліктен екені де белгілі. Тарих бірыңғай ұлттық бірегейлігі жоқ мұндай қоғамдар мен мемлекеттерді жоюдың оңай екенін көрсетеді. Қоғам мүшелерінде ортақ иелену сезімі мен ортақ құндылықтар болған кезде ғана қоғамның болашағы болады. Бірегейлік әрдайым халықтың бағдары құндылықтарға тәуелді әрі сайып келгенде қоғам дамуының бағытын айқындайтын ұлттық парадигма негізінде қалыптасады. Әрбір адамға арналған бірегейлік – психологиялық тұрғыдан өте нәзік ұғым, тарихи-ұлттық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-мәдени, саяси-мәдени және басқа да салалар тоғысында қалыптасқан әлдебір ішкі құнды код. Бұл код адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастың қағидаларын, наным-сенімдер мен мифтерін, адамгершілік императивтерін және т.б анықтайтын ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениеттің ерекшеліктері, этникалық сипаттамасы, әдет-ғұрыптарын қамтуы мүмкін. Ұлттық-мәдени бірегейлік адамдардың әлемдегі өз орны, мінез-құлық үлгілері, яғни, дұрыс өмір сүру және сыртқы әлеммен дұрыс байланыс жасау туралы адамдардың ойларын білдіретін «ұлттық сипат» ұғыммен тығыз байланысты. Кейбір саясаткерлердің түрлі елдер және құрлықтар тұрғындарының осы айырмашылықтарды жоюға, ұлттық кодты бір қалыпқа салуға деген жалықтырғыш ниетіне қарамастан, әлі күнге шамасы жетпей келеді. Себебі, әр халық өзінің ұлттық кодын сақтап қалуға тырысады, бұл талпыныс әр түрлі елдер мен қоғамдағы экономикалық жаһанданудың белсенді үдерістерінен де қатты байқалады. Қазақстанда біз үшін ұлттық бірегейлікті сақтаудың өмірлік маңызы бар, қоғамның болашағы осыған байланысты. Ал оны сақтап қалуда қоғамның сыртқы және ішкі, пішіні мен мазмұны, көрінісі өте маңызды.
Қазақстанның әрбір азаматының жалпы моральдық және тарихи құндылықтар тұрғысынан алғанда осы дүниедегі өз орнын үйлесімді қабылдай білуін қамтамасыз ету маңызды. Адамдардың өзін-өзі сезінуі шынымен де үйлесімді болуы үшін бізге ұлттық-мәдени және азаматтық бірегейлікті қарапайым этникалық өзін-өзі тану ұғымынан бөліп алу өте маңызды. Қазақстанда 100-ден астам этникалық топтың тұратынын түсіну керек. Олардың әрқайсысының өкілдері – мысалы, қазақтар, орыстар, түріктер, әзірбайжандар, немістер, кәрістер, ұйғырлар және т.б өз отбасында халқының құндылықтары мен салт-дәстүрлерін сақтайды. Бірақ, сонымен бірге, олардың барлығы жалпы қазақстандық қоғамға тән құндылықтар мен мәдени-моральдық бағыттардың бірыңғай жүйесін білдіреді. Бұл тұрғыдан алғанда, адамның этникалық өзін-өзі анықтауы – оның тар шеңберлі тұжырымдамасы деп айтуға болады, өйткені, ол оны белгілі бір этноспен байланыстырады. Қазақстандықтардың ұлттық-мәдени бірегейлік ұғымы әлдеқайда кең. Ол этникалық құндылықтар мен дәстүрлерді ғана емес, сондай-ақ бір адамның (ұлттың) бөлігі ретінде, азаматы ретінде өзін-өзі тануына негізделген.
Тарихи тұрғыдан біздің ортақ азаматтық және ұлттық-мәдени бірегейлігіміз негізгі этнос – қазақ халқының салт-дәстүрлері мен пәлсапасы негізінде қалыптасатындығын түсіну маңызды. Бұл көптеген полиэтникалық мемлекеттерге тән, ал Қазақстан үшін тарих солай өрбігендіктен бұл табиғи нәрсе іспетті. Сан ғасыр бойы, әсіресе Кеңес дәуірінің онжылдығында бұл жер наным-сенімі әр түрлі көптеген этникалық топтардың отанына айналды. Сан түрлі себеппен, тағдырдың жазуымен бұл аймақты мекендеген этностардың ұрпақтары Ұлы Дала пәлсапасы мен мәдениетін өздеріне сіңірді. Әрі бүгінгі күні Қазақстанда өмір сүретін барлық адамдар оның насихатшысы деп айтуға болады. Бұл ғасырлық пәлсапа – қазір біз мұны Мәңгілік елдің пәлсапасы деп атаймыз. Міне, бұл еліміздегі жаңа өскелең ұрпақтар үшін қазақстандық бірегейлікті қалыптастыруға негіз болатын рухани тұғырнама.
...