Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мәңгілік ел ұлттық идеясының контекстінде қазіргі жастардың ұлттық санасын қалыптастырудың өзектілігі

Автор:   •  Март 24, 2019  •  Реферат  •  1,730 Слов (7 Страниц)  •  881 Просмотры

Страница 1 из 7

                   Қазақ – Ресей медицина университеті

[pic 1]

             

             

               РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Мәңгілік ел ұлттық идеясының контекстінде қазіргі жастардың ұлттық санасын қалыптастырудың өзектілігі

                                                Тексерген: Сазанбаева Арайлым

                                                Орындаған: Төлеубаева Динара

                                                Факультет: Жалпы медицина

                                                Тобы: 105 Б

                             Алматы 2018

«Ұлы Дала елі», «Қазақ елі», «Мәңгілік ел» деген киелі ұғымдар талайлы тарихында басынан қилы қиындықты өткерген қазақ халқының бұрыны мен бүгінінен хабар беріп тұрғандай.[pic 2]

Елбасымыз тәуелсіздігімізді алғаннан бастап «Тұтас түркі елі» идеясынан «біртұтас Түркістан» идеясына дейінгі бабаларымыздың ізгі армандарын іске асыру ниетімен «Түркі бірлігі» идеясын айтып келеді.

Көне түркілер аңсаған Мәңгілік Ел – бүгінгі қазақ мемлекеті. Ежелгі Ұлы даланың мұрагері, ұлтын сүйетін перзент,құнды дәстүрлердің мирасқоры ретінде қазақ елі басшысының «Мәңгілік Ел» идеясын жаңғыртуы – заңдылық әрі перзенттік парыз.

Ұлт жасампаз болу үшін ұлтты ұйытатын ұлы идея қажеттілігін болмысымен сезінетін, мақсатсыз елдің тарих көшіне ілесуі неғайбыл екенін тереңнен пайымдайтын Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауында «Мәңгілік ел – ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. ...Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел», – деп елді елең еткізген«Мәңгілік Ел» идеясын жариялады.

Тарихқа тағзым жасап, бабалардың ұлы істерін ұлықтау – мемлекеттілік ұғымын ұлттық идеологияның алтын қазығына айналдыру. «Мемлекеттілік» ұғымы мемлекеттік құрылым ғана емес, мемлекеттілік – әр мемлекеттің дамуы мен қызметін ұйымдастыруға қажетті идеялар мен көзқарастардың тұтас жүйесі. Демек, «Мәңгілік Ел» идеясы – ұлттық-мемлекеттік идеяның іргетасы, елдің болашағына қызмет ететін жасампаз озық ой.Бір кездері дүркіреген Көктүріктер империясы ту етіп, Тоныкөк негізін қалаған, Мәңгі ел құндылығы бүгін, міне, осылайша Қазақстан мемлекетінің түп қазығы – ұлттық идеясына айналды.

2015 жылғы 11 қыркүйекте Астанадағы салтанатты жиыннан басталған Қазақ хандығының 550 жылдық мерейлі мерекесі ежелгі мемлекеттігімізді дүйім елге паш етті. Сəні мен мəні үйлескен торқалы той елдігіміз бен береке-бірлігіміздің, жарқын болашағымыз бен мəңгілік мұратымыздың бүкілхалықтық аламанына айналып, барша қазақстандықтарды, жалпы республика жұртшылығын бір серпілткені аян. Елбасының осы жиында: «Қазақ хандығы бұдан бес жарым ғасыр бұрын ғана шаңырақ көтерсе де, Еуразияның ұлы даласында орнаған арғы дəуірдегі сақ, ғұн, үйсін мемлекеттерінің, бергі замандағы Ұлы түрік қағандығы, Дешті Қыпшақ пен Алтын Орда мемлекеттерінің заңды мұрагері болды», – деп айтқан тұжырымы ондаған жылдар бойы қиянатқа ұшырап, көмескіленіп келген тарихи ақиқатқа шамшырақтай жарық шашып, тарихшы-ғалымдардың тиянақтайтын тұғырнамасына айналды.

Халқымыздың береке-бірлігін паш етіп, мерейін тасытқан Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесі қазан айында қасиетті Тараз төрінде үлкен табыспен, шарықтаған көңіл-күймен түйінделді. Алғаш рет «қазақ» атауымен ежелгі ордамыздың шаңырағы көтерілген көне Тараз жерінде мемлекет басшысының қатысуымен «Қазақ хандығы» монументі бой көтерді. Қазақ хандығының негізін қалаған айбынды хандар Керей мен Жəнібек қос қапталдағы тақта отырып, өздеріне ыстық ілтипат көрсетіп жатқан ұрпақтарын елдіктің мерекесімен құттықтап тұрғандай әсер қалдырады.Ән әуелетіп, шашулар шашқан халық көңілі – жаймашуақ. Тараз тарих бесігінде тербелгендей тебіреніп, 17 елден келген қонақтарды тарихи той қызығы тамсандырғаны анық.

...

Скачать:   txt (21.2 Kb)   pdf (413.1 Kb)   docx (40 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club