Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мәңгілік ел-мәңгілік тіл

Автор:   •  Сентябрь 29, 2020  •  Эссе  •  952 Слов (4 Страниц)  •  1,736 Просмотры

Страница 1 из 4

                                        Мәңгілік ел-Мәңгілік тіл                

                                                             «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде»

                                                                                                         Н.Ә.Назарбаев

              Тәуелсіздігімізді тірек етіп, бейбіт халықтың  болашағын баянды ету жолында мұратымызды анықтап, алға қойған асуы көп мақсат қойдық- ол «Мәңгілік ел» идеясы. Бүгінде қабырғамызды қатайтып, айдай әлемге өзіміздің айбынды кескін-келбетімізді танытып, Мәңгілік ел болуға қарышты қадам жасадық. Әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу деген асыл да биік арманның арғымағына мініп,  көз жетпес қиянға қырандай қанат қағып, осы жолда рухани түлеп, жаңғыруға һәм жаңаруға бет алмақпыз. Ел мен тіл егіз ұғым екені даусыз. Бабалардан мирас болып келе жатқан мәңгі өлмейтін асыл қазынамыздың бірі - ана тілі  Қазақстанның ұстанған бағытымен  тығыз байланысты. Олай болса, мәңгілік елдің онымен қатар жасап, бірге дамитын мәңгілік тілі болуы да шарт. Қазақ тілі-«Мәңгілік ел» идеясын ұстанған, болшаққа жарқын көзбен қарайтын, еліміздің ертеңіне нық сенетін қазақ халқын төрге шығарар, мәртебесін көтетер баспалдақ. «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасымен қазақ тілі әлемдік тілдің қатарына еніп, жаһандық тілдермен терезесін тең құратын өркениетті тіл болмақ. Қазақстандықтар үшін үш тілді білу – өмір талабы. Өзге тілдің бәрін біліп, өз тілін құрметтеп, өзі өмір сүріп отырған елдің мемлекеттік тілін білу – парыз.  Сонымен қатар жаңа мың жылдыққа ұлы мұратпен қадам басқан еліміздің рухани жаңаруының бастауы – латын әліпбиінде жатыр. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында еліміздің көк туын аспанға шарықтатар игілікті істер атқарылуда. Еліміздің ертеңі болар, ел сеніммен қарайтын Мәңгілік ел идеясы осы жолмен қарыштап дамымақ.Болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсатқа жетелейтін жарқын жол ел ертеңіне айналды. Ең ащы да тіл, ең тәтті де тіл, ең жеңіл де тіл, ең ауыр да тіл, ең қатты да, ең жұмсақ та тіл екенін ұмытпасақ, Мәңігілік ел болуға ұмтылған еліміздің ертеңі жарқын боларына кәміл сенемін. «Тіл халқымызбен бірге туып, біте қайнасқан «мәңгілігінің мәңгілігі», рухани әлемнің сарқылмас қазығы»  Ғабит Мүсіреповтың бұл сөзі өзінің аясына  қанша мән-мағына сыйдырып тұр ғой шіркін! Жүз отыздай ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде өмір сүруші әрбір адам өз тілін  жанындай сүйіп, оның мәртебесін  көкке көтеруді мақтаныш тұтатын шығар сірә?! Қазақстанның  да тәуелсіздігіне 26 жыл толған шақта, ауыз толтыра айтарлықтай, көкірегіңді мақтаныш сезімі кернеп еске аларлықтай жеткен жетістіктері, асқан асулары мен бағындырған жаңа белестері еліміздің ертеңі

...

Скачать:   txt (6.6 Kb)   pdf (49.6 Kb)   docx (214.2 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club