Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жастардың құндылықтар жайлы көзқарастары

Автор:   •  Ноябрь 22, 2023  •  Статья  •  1,333 Слов (6 Страниц)  •  154 Просмотры

Страница 1 из 6

ӘОЖ 37.01(574)

ЖАСТАРДЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖАЙЛЫ КӨЗҚАРАСТАРЫ

Смайыл З.Б. М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік Университетінің «Ұстаз»институтының «Ағылшын\корея тілі» мамандығының 2 курс студенті, Тараз қаласы, smajylzaure51@gmail.com

Мырзапайызова Г.У. М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік Университетінің «Философия және саясаттану» кафедрасының магистр, аға оқытушысы, Тараз қаласы, myrzapaizova@mail.ru 

Аңдатпа: Мақалада жастардың құндылықтар жайлы көзқарастары жайлы айтылып, қазіргі замандағы жастардың сұранысы, талабы, қажеттіліктері туралы сөз қозғалады. Сонымен қатар, жастардың құндылықтарға деген әрекеттерін, тіліміздің дамуы, адами қасиеттің маңызы туралы баяндаймыз.

Заман дамыған сайын көзқарастар, сұраныстар өзгеріп, әр кезеңнің жастары әртүрлі болғанын білеміз. Мақалада өткен ғасыр жастарымен бүгінгі күннің жастарын салыстырып, қандай өзгерістер болғанын, қандай жетістіктерге жеткендігі туралы айтамыз.

Түйін сөздер: Құндылық, ұлттық құндылықтар, жастардың сұраныстары, таңдауы, мәдениет, адамдық қасиет, ұлы арман жолы, толық адам.

Ең алдымен, құндылық деген нәрсенің не екенін түсініп алуымыз керек. Құндылық дегеніміз белгілі бір заттың маңыздылығы, қажеттігі, керектігі болып табылады. Құндылықтар адамның өмірге керек нәрселері болуы мүмкін, жұмысқа қажетті, күн көруге қажетті заттар болуы мүмкін. Сонымен қатар, құндылықтар адамның белгілі бір қасиеті де болуы мүмкін. Осы заттарға байланысты, құндылықтар материалдық және рухани болып бөлінеді. Өмірге қажетті, тұрмыс-тіршілікте қолданатын құндылықтар материалдық құндылықтар болып саналады. Ал, адамның сана-сезіміне байланысты, философиялық, әлеуметтік ойлар жағынан қажет ететін нәрселері рухани құндылықтарға жатады.

Біздің байқайтынымыз, үлкен кісілер құндылықтарға өте жауапты, байсалды түрде қарайды. Ал жастардың көзқарастары қандай?

Қазіргі кездегі жастардың өзіндік құндылықтары болады. Мысалы, телефон, ноутбук және тағы басқа да заманауи материалдық құндылықтарды айтуға болады. Бұндай заттар жастар үшін өте үлкен маңызға ие. Себебі, телефон арқылы ақша тауып, ноутбук арқылы әлеммен байланысқа шығып, үлкен бизнестерді жүргізіп отырған жастар аз емес. Ал енді осы нәрсенің барлығы Интернет желісі арқылы жүзеге асатындықтан, Интернет те жастардың құндылығына жатады десем де қателеспеймін. Бірақ, жастар үшін ұлттық құндылықтардың орны қандай екен?

Ұлттық құндылықтарымыз ата-бабамыздан мұра болып қалған дүниелер. Сол құндылықтар үшін, болашақ ұрпақ үшін аталарымыз, апаларымыз өз өмірлерін құрбан еткен болатын. Ал, біз бүгінгі жастар, сол құндылықтарды жоғалтып алмай, барынша қадірлеп, бізден кейін келетін ұрпаққа аманат етіп табыстауымыз керек. Енді ұлттық құндылықтарға деген жастардың көзқрасына аздап тоқталайық!

Ұлттық болмысымыз ең маңызды құндылық болып саналады. Өзге елдердің Қазақ деген кім деген кезде, болмысымыздан тануы керек. Қазақ халқының болмысы момын, бірақ намысты, досқа құшақ жаяр бауырмал, қонақжай, адал және шыншыл. Бүгінгі жастар осы болмыстарды толығымен сақатп қалып жатыр деп айта алмаймыз. Әлеуметтік желілерде көріп жатқанымыздай, бұзақылық, алдау, арбаушылық жастар арасында көп кездеседі. Жаман халық жоқ, жаман адамдар бар демекші, кейбір қазақ жастары өздерінің іс-әрекеттері арқылы ұлтқа, қазақ халқына жаман ат әкеліп жатады. Бұның барлығы үйдегі ата-ананың тәрбиесіне байланысты, екіншіден ортаға байланысты. Ұлттық болмысты сақтаудың бірден бір жолы тәрбие деп ойлаймын. Қазақы тәрбие де негізгі құндылықтарға жатады. Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы,-деп Әл-Фараби айтқандай, барлық нәрсенің басында тәрбие болмаса, белгілі бір жүйе болмаса, еткен еңбек, жасаған жұмыстар зая кетеді. Бүгнігі жастардың қателігі, үйден алатын тәрбиені көшеден, әлеуметтік желіден алып жатқандықтан, ұлттық болмысымызды сақтап қалу қиындық тудырып отыр. Жастар шетелге еліктеп, киім кию стильін өзгертіп жатыр. Тіліміз орыс шатыс болып, көп жастар ана тілінде сөйлей алмайды десек те болады. Осының барлығы жастардың ұлттық болмысты сақтамай, кейін қалдырып жатқанын көрсетеді.

...

Скачать:   txt (18.7 Kb)   pdf (73.2 Kb)   docx (12.6 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club