Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Болмыс

Автор:   •  Март 27, 2023  •  Эссе  •  836 Слов (4 Страниц)  •  271 Просмотры

Страница 1 из 4

                     

Болмыс дегеніміз-бүкіл әлемнің тұтастығын, дүние мен адамның бірлігін, тіршіліктің мәнін білдіретін философиялық бір бағыт деп есептеуге. Қарапайым санада болмыстың баламалары ретінде әлем, ғарыш, дүние, табиғат, өмір тәрізді жалпы ұғымдар пайда болды. Болмыс философияның ерекше бір саласы.*Болмыс* философия саласының бір категориясы ретінде енгізген тұңғыш Греция философы Парменид болады. Болмыс – тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым . Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялық толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну қажет.            Болмыс философиядағы ең көне, дәстүрі мол, тарихы бай ұғымдардық бірі болып саналады. Ол “бол”, “болу” сияқты түсініктердің баламасы. Бұл ұғым адамды қоршаған ортаны біртұтас бүтіндік деп тану қажеттігінен туындаған. Оның көмегімен өте мақызды дүниетанымдық “әлем деген не” сұрағына жауап беріледі. Парменид болмыс дегеніміз — бұл тірлік, одан басқа еш нәрсе емес деп үйретті. Болмыс жақсы, жаман жақтары бар толтырылған, қозғалмайтын шар іспеттес. Діни дүниетаным үстемдік еткен орта ғасырлар дәуірінде болмыс құдай жаратқан әлем деп қарастырылған.Осыдан басқада ғалымдар болмыс теориясына Н.Коперник, И.Ньютон үлкен үлес қосқан. Немістің классикалық философиясы болмыс туралы ілімдердің екі бағытын біріктірді. Мәселен, Гегель нағыз болмыс деп абсолюттік идеяны, ал Л.Фейербах болмысты табиғат деп қарастырған. Келтірілген түсініктерді жинақтай отырып, болмыс дегеніміз- дүниеде бар барлық құбылыстарды, заттарды, процестерді білдіретін ұғым деп анықтауымызға болады. Ол шексіз көп материалдық және рухани әлемдегі барлық құбылыстарды білдіреді. Қысқаша айтсақ, барлық бар нәрсе — болмыс. Яғни, ол заттар мен руханилық әлемін, өтпелі мен мәңгілікті білдіреді. Философиядағы бұл ұғым өте кең мағынада қолданылады, ол пайда болған, әлі де пайда болатын барлық құбылыстарды білдіреді. Біріншіден, табиғат болмысы — онық күллі заттары, құбылыстары, процестері.

Болмыстың философия саласында 4 формаға бөлініп,зерттеледі.Олар-заттар,адам,рухани,әлеуметтік түрлері.Заттар болмысы-табиғат болмысы және адамның қолымен жасалған заттар негізгі бағытты.Бірақ философия саласында адам және рухани болмыстар кең зерттелген.Адам және рухани,әлеуметтік болмыстар бір-бірімен тығыз байланыста.Бұрыңғы заманда табиғаттың үрдістері,ғарыш,әлем,заттар табиғылықтың күрделі бір жүйесі болғандықтан,зерттелмегендіктен беймәлім болып қалды.Бірақ қазіргі заманда болмыстың түрі мен зерттеулері күннен күнге өсіп,нақтылану түсіде.Адам болмысы-біздің психикалық және рухани,тәндік-организімдік,бір-біріне ұқсамайтын жеке тұлға болуы ,ойлауы мен санасының ұшқыр болуы,сыпайылық,мейрімділік,қамқорлық,адамгершілік барлығы қосылғанда бір адамның бойында болуы керек қасиеттер.Адам болмысы және рухани болмыс-адамның өзінің жеке тұлға ретінде дамуы мен жеке тұтас адам болуын қалыптастыруы. Адам болмысы екіге бөлінеді: — Адам тікелей жанды, нақты кісі ретінде өмір сүреді. Оның үстіне адамның өмір сүруінің табиғи алғышарты — оның денесінің өмір сүруі. Яғни адам, ең алдымен, «сүйек пен еттен жаралған пенде». Сонда адам денесі – табиғат бөлшегі. Денесінің болуы адамды шектеулі, өткінші жан иесі етеді. Ерте заманнан адамдар өз өмірлерінің ұзақтығының ұлғаю мұмкіндіктерін іздестірген. Ағылшын биологтарының айтуынша, барлық жағдайлар жасалса, адам денесі бір мың жыл өмір сүре алады. Өмір ұлғаю үшін не керек? Біріншіден, адам денесінің тіршілігін қамтамасыз ету қажет. Екіншіден, адамның ең алғашқы құқығы өз өмірін сақтаумен, адамзаттың аман-есендігімен байланысты. Үшіншіден, жаңа организм ретінде адамдар тұқым қуалаушылық заңдарына бағынады, мұны жойып жіберуге немесе жоққа шығаруға олар дәрменсіз. Төртіншіден, философия адамның денесі және оның ынтызарлығы, қуаныш – реніші, психикалық жай – күйі, ойы, мінез – құлқы, ерік жігері, іс – әрекеті, бір сөзбен айтқанда, арасындағы байланысты үнемі іздестіреді.Ал рухани болмыс-адамның сана мен санасыздық процестерін қамтиды. Рухани болмысты шартты түрде екі үлкен топқа: жеке кісілердің өмірлік қызмет – тіршілігінен бөліп алуға келмейтін (дербестенген руханилық) және кісіден тысқары өмір сүретін, басқаша айтқанда, объективтендірілген (дербестенген емес) руханилыққа бөлуге болады.Осыдан алып қарасақ рухани болмыс адамның тұлға болып қалыптасуына үлкен үлес қосады.Әлеуметтік болмыс-адамның қоршаған орта мен өзінің ортасында қалай ұстай алатын болмыс деп айта алам.Әлеуметтік болмыс бойынша 2 түсінік қалыптастыруға болады.Ол жеке тұлғаның  және қоршаған ортадағы болмыс .Жеке тұлғаның болмысы адами болмыс болса,қоршаған ортадағы болмыс -қоғам қаншалықты жоғары деңгейде дамыса  ондағы алуан саладағы прогресті жоғарылату қарқыны бұқараның, таптардың, жеке адамдардың жоғары саналылығына, әлеуметтік белсенділігіне тікелей түрде байланысты. Әлемдегі адам болмысы мәңгілік пен өткіншіліктің, шексіздік пен шектіліктің, тұрақтылық пен өзгермеліліктің, субстанционалды анықтық пен бос белгісіздіктің, мәнділік пен тіршіліктің және т.б.  маңыздылықпен сипатталады. Осымен қортындылай келе болмыс - барлық табиғат және қасиеттер ,әлем,ғарыш деп саналады.Болмыс бұрыңғы кезімізден қазіргі кезде көзіміз ашық болғандықтан шығар әр адам жеке болмыс десек болады.Табиғаттың өзінің құбылыс арқылы жеке адамның санасына байланысы бар.Ұлттық болмыстың өзі -ұлтымызды,дінімізді бір-бірімізге деген сыйластығымызды білдіреді.Ұлттық болмыс жеке адамның санасында болуы керек қасиет. Бүгінгі қазақ елі болмысы түркілік мәдениеттен бастау алатын іргелі мемлекет. Осы уақыт ішінде (көне сақтардың, оның арғы жағында бүгінгі қазақ жерінде өмір сүрген тайпалардың мәдениетінен бастау алған) қалыптасқан мәдени құндылықтарды қайта игеру уақыт күттірмейтін үлкен мәселе. Үлкен мәселе дейтініміз, бүгінгі жаһандануда империялық үстемдігін құрғысы келетін елдер тарих арқылы рухани империя құруға ұмтылуда. Екі жағында алып империя тұрған Қазақстанға тарихи сана бағытында стратегиялық бағдарламаларды жүзеге асыру үлкен міндеттерді жүктейтіні белгілі. Бұл жерде айтқымыз келетіні, мемлекет басшысы тарапынан мәні зор стратегиялық бағдарламалар өз уақытында қоғамға ұсынылып отыр, бұны жүзеге асыруда нақты міндеттер мемлекет тарапынан белгіленді. Бірақ мемлекетіміздің ұсынып отырған стратегиялық бағдарламаларын жүзеге асыруға бір кісідей жұмыла кірісу, алдыменен мемлекет пен қоғамға, соның ішінде ғылым өкілдеріне жүктелетін міндет. Ұлттық болмысты сақтап, замана талабына сай білімді, өнерлі болып, оны кейінгі ұрпаққа табыстау қазіргі ұрпақтың ұлт алдындағы перзенттік борышы. Сондықтан да, жастар бойында, ұлтқа адал қызмет ететін мінезді қалыптастыру арқылы ұлттық болмысымызды сақтаймыз, әрі кейінгі буынға табыстаймыз

...

Скачать:   txt (12.2 Kb)   pdf (59.8 Kb)   docx (10.1 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club