Ақын лирикасындағы пейзаж бен адамдық болмыс
Автор: 21442 • Март 31, 2018 • Курсовая работа • 9,762 Слов (40 Страниц) • 626 Просмотры
Мазмұны:
Кіріспе.............................................................................................................................3
1. Мұқағали лирикасындағы ақындық болмыс көрінісі.............................................6
1.1 М. Мақатаев лирикасындағы ұлттық көрініс.......................................................8
1.2Лирикалық қаһарманның психологиялық сипаты...............................................11
2. Ақын лирикасындағы пейзаж бен адамдық болмыс............................................16
3. Ақын лирикасының стилі мен тілі.........................................................................20
4. Қорытынды...............................................................................................................22
5. Пайдаланған әдебиеттер..........................................................................................23
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі.
Қазақ лирикасының жаңаша көркемдік өрлеуі 60-70 жылдардан басталды. Себебі, бұл жылдар бейбітшілік заманның әбден орнығып, халықтың сұрапыл соғыс жылдарының ауыртпалығынан ес жиып, көңілі оқу-тоқуға ден қойып поэзияға талғаммен қарай бастаған кезеңі еді. Бұл жөнінде белгілі зерттеуші ғалым Б. Кәрібозұлы: «Қазіргі қазақ өлеңінің жапырағын жайқалта түскені 60-жылдардан бергі уақытты қамтиды. Қазақ лирикалық поэзиясының философиялық тереңдігі артып, мазмұнының баюы, түр жаңалықтарына еркін баруы, уақытпен үндестігі, публицистикалық сипаттың молаюы, ақындардың даралыққа ұмтылуы,и ең бастысы ұлттық дәстүрге бірыңғай бет бұруы – 1960-жылдардан басталып, күні бүгінге дейін жалғасып келе жалғасып келе жатқан қазақ өлеңдерінің сапалы қасиеттері»[1.88б]
Қазақ поэзиясының табиғатын барынша ашып, көркем сөзді дамытушылардың бірі – Мұқағали. Ақын шығармашылығынан адамның ішкі дүниесіне тереңдей еніп, тебірене толғаған лирикалық сипатты молынан кездестіреміз. М. Мақатаев поэзиясы ұлттық болмысты танытуда көркемдік нақышымен, мазмұн тереңдігімен, қазақы ұғымды өлең жолдарында қолдану шеберлігімен өзекті.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Мұқағали Мақатаев поэзиясы бүгінгі таңға дейін біраз зерттеу көзіне айналып келді. Ақынның артында қалған зор мұрасына К. Сейітова, К. Хамидуллаев ғылыми зерттеу жұмысын жүргізді. Сонымен қатар, Ә. Тәжібаев, Ә. Жәмішев, Б. Сарбалаев, А. Егеубаев, т.б ғалымдар еңбектерінде ақын поэзиясына жан –жақты зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Курстық жұмыстың басты мақсаты - Мұқағали Мақатаев ақындығының лирикалық табиғаты мәселесі жағынан кеңірек тоқталып, берілген тақырыпты жан-жақты ашуға тырысу.
Осы мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттер алға қойылады:
- Мұқағали лирикасының ақындық болмысын таныту;
- Ақын поэзиясындағы адам болмысын ашу;
- Ақынның дүниетанымына, эстетикалық қабылдау сезімдеріне, стиль жүйесіне жүйелі сипаттама жасау.
Мұқағали Мақатаев қазақ өлеңінің ұлттық бояуы мен рухын ұстанды, оны түрлендіре байытты, сөйтіп қалың қазақ оқырмандарының жүрегіне жол ашты. Сонымен қатар ақын қазақ лирикасын ХХ ғасыр әдебиетінің озық үлгілерімен құнарландырды. Білікті, парасатты ақын ретінде өз заманының ірі мәселелеріне қалам толғаса да, соның өзінде қазақ өлеңі мен ана тілінің ғасырлар қойнауынан нәр жинаған аталы дәстүрін бұзбай жарасымды табиғи дамытты. Ол бірде қоғамның керенаулығын бетіне басқан қатал сыншы, енді бірде бала мінезді кіршіксіз таза, аңқылдаған аңғал жан. Сөйтіп жыр әлемінде өз ойын, өз шындығын, жүйелі көркем тілде ақындық биік тұрғыдан тұтас шеберлікпен жырлай білген. Мұқағали сыршыл ыстық лирикасымен өз оқушыларының жүрегіне жол тапты, оларды жақсы жырдың ләззатына қандырып, өзінің «менімен» адамзатқа ортақ ақиқатты жырлап, қалың оқырманның жан жүрегін баурады.
...