Педагог мамандығы: қазіргі талаптар мен болмысы
Автор: Sadvakasova01 • Сентябрь 21, 2021 • Эссе • 402 Слов (2 Страниц) • 2,961 Просмотры
10.Эссе
Педагог мамандығы: қазіргі талаптар мен болмысы
Ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам өзінің болашағын тапсырытын сенімді өкілі,дүниедегі мамандық атаулының төресі.«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» - деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, педагогтың еңбегі ерен.Себебі,шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару - екінің бірінің қолынан келе бермейді. Педагогикалық мамандық – педагогикалық үдерісте тəрбиеленуші тұлғасын дамытудың, оның өзінше дамуының оңтайлы жағдайларын тудыруға жəне өзін еркін көрсетудің мүмкіндіктерін таңдауға бағытталған кəсіби қызмет.Менің ойымша педагог мамандығын мəңгілік мамандық деп атасақ қателеспейміз.Себебі, адам пайда болған кездерден бастап-ақ жинақтаған тəжірибесін жас ұрпаққа беру мен өмірде тəжірибені саналы түрде жинақтау қажеттігін сезінген.Сол қажеттілік ұзақ жылдар бойы өз жалғасын тауып, бүгінгі күні ең құрметті мамандықтардың біріне айналды.Дегенмен,уақыт ағымына қарай кез-келген дүненің болмысы өзгеретіні барлығымызға мәлім.Мысалы, «Педагог» термині құл иеленушілік кезеңде Ежелгі Грецияда пайда болып,бұл термин құл иеленушілердің балаларын мектепке ертіп апаратын құл деген мағынаны білдіретін еді.Кейіннен бұл термин өзіндік сипатқа ие болды,өйткені қоғам білімнің өз алдына құндылық екендігін, балаларға білім беретін арнайы ұйым қажет екендігін ұғынды.
Қазіргі таңда да ұстаздардың болмысы мен оларға қойылатын талаптар ауқымды өзгеріске ұшырамаса да, заман талабына сай одан әрі даму үстінде.
Педагог мамандығының қазіргі талаптары мен болмысына нақтырақ тоқталсам, ең алдымен мұғалім білім беру барысында сол білімдерді тек көрсетіп қана қоймай, қазіргі заманғы техниканы пайдалана отырып,сол білімдердің ең негізін, маңызын түсіндіре білуі керек деп ойлаймын.Сондықтан педагогтың қазіргі таңдағы озық технологияларды меңгере білуі басты орын алады.ХХІ –ғасыр мұғалімі заман талабына сай, шығармашылықпен жұмыс істей білуі керек.Әлем өзгерді, қоғамның дамуы өзгерді. Қазіргі заман балалары да өзгерген.Олар жаңа техниканы тез меңгереді, ойын ашық айтады, жаңа ақпаратты қабылдау деңгейі жоғары.Сол себепті жаңаша оқу форматында оқушы мәліметтерді өзі ізденуі қажет.Ал мұғалім оның оқуын, ақыл-ой дамуын ұйымдастырып оған басшылық жасау қажет.Қазіргі заман мұғалімі – рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға болуы шарт.Білім берудің жаңа моделіне көшкен қазіргі мектептерге ойшыл, зерттеуші, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген,педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет.
Ойымды қорытындылай келе, кез-келген педагог қазіргі заманауи технологиялар заманында осы қоғамға сай өмір сүре алатын білімді де, білікті, елін, жерін, мамандығын сүйетін, адамдарға ізгілік жасайтын, шәкірт жүрегіне жол табатын мықты маман болуы тиіс деп санаймын.
...