Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Болмыс. Онтология және метафизика

Автор:   •  Сентябрь 23, 2021  •  Реферат  •  2,599 Слов (11 Страниц)  •  2,065 Просмотры

Страница 1 из 11

Төртінші апта. Тақырып:

Болмыс. Онтология және метафизика

№4 дәріс:

Дәріс жоспары: 1.Философия тарихындағы болмыс мәселесі (Парменид, Зенон, Платон, Аристотель, Әл-Кинди, Ибн Рушд) 2.Онтология болмыс туралы ілім ретінде. Болмыс пен ойлау арақатынасының мәселесі. Болмыс формалары. 3.Жаңа Заман философиясындағы субстанция мәселесі (Декарт, Спиноза, Г.Лейбниц). ''Материя'' түсінігі. Қозғалыс, кеңістік және уақыт. 4.Диалектика даму туралы ілім ретінде, оның тарихи формалары, заңдары мен категориялары.

Терминдер мен анықтамалар: болмыс, субстанция, материя, қозғалыс, кеңістік, уақыт, мән, құбылыс, жеке, ерекше, жалпы; тұтас, бөлшек, сапа, сан, өлшем, теріске шығару, форма, мазмұн; себеп, салдар; қажеттілік, кездейсоқтық; мүмкіндік, шындық.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:

1.        Жаңа заман философиясындағы субстанция мәселесі (Декарт, Спиноза,Г. Лейбниц).

2.        "Іргелі онтология" М. Хайдеггер. "Материя" ұғымы.

3.         Материалдық әлем болмысы. Қозғалыс, кеңістік және уақыт.

4. Абай дүниетанымындағы құдай және адам мәселесі

 «Болмыс» ұғымының және болмыс жайындағы ілімнің (онтологияның) төңірегінде философияда ежелден бері және қазірде де қызу пікірталас болып келеді, өйткені дүниеге көзқарастық және методологиялық басты проблемалардың бірі болып табылады.

Болмыс проблемасының мәні неде? Не себепті көптеген философтар оны өздерінің философиялық ой - пікірлер жүйесінің негізгі мәселесі деп санайды? Не себепті құдайдың болмысы, яғни ол бар ма, әлде жоқ па? — деген сұрақтың төңірегінде ғылыми көзқарас пен діннің арасында ымырасыз күрес жүріп келеді? Осы және осы сияқты басқа да алуан түрлі сұрақтардың жауабын табу үшін болмыс ұғымының философиялық мазмұнын ашып көрсету қажет.

Болмыс бүкіл шындық дүниені қамтитын шегіне жеткен жалпы ұғым - философиялық категория болып табылады. Болмыс - дегеніміз дүниеде өмір сүретіннің бәрі: материалдық заттар да, құбылыстар мен процестер де, қатығыстар мен байланыстар да, яғни бәрі - бәрі. Тіпті адамның қиялы, ертек, аңыздар, ауру адамның сандырағы сияқты рухани өмір көріністері де болмысқа жатады. Болмыс сияқты философиялық категориялардың барлығы: материя, сана, сапа, сан, кұбылыс, кеңістік, уақыт, себеп, салдар т.б. бәрі тілде сөздер арқылы тұжырымдалады. Философиялық категориялардың, оларды білдіретін сөздермен байланысы іштей қайшылықты: бір жағынан алғанда, көптеген ғасырлар бойғы сөйлеу тілінің практикасы философиялық категорияларға сәйкес сөздердің мән - мазмұнын жинақтап, олардың мағынасын түсіндіруге көмектессе, екінші жағынан алғанда, күнделікті сөйлеу тіліндегі сөздерді білдіретін философиялық категорияның, тек философия ғана анықтайтын ерекше мағынасы болатынын әрдайым естен шығармау керек. Сондықтан философиялық «болмыс» категориясының мәнін түсіну үшін, оның өзіне ғана тән айрықша мазмұнын және күнделікті сөйлеу практикасымен байланысын ескерудің маңызы зор.

Түрліше нәрселер мен құбылыстар арасында байланыстар мен қатынастар бар екенін, болғанын немесе болатынын адамдар ғасырлар бойы байқай келе, олардың бәріне ортақ жалпы қасиетті бейнелендіретін «болмыс» деген жалпы ұғым қорытып шығарылды және болмыстың толып жатқан түрлерін танып білді. «Болмыс» категориясын фплософияға түңғыш енгізгендердің бірі ертедегі грек философы Парменид болды.

Парменид болмыс туралы терең ой-пікірлер қозғаған. Ол: «Болмыс бар, болмыс емес жоқ» - деп кесіп айтты. Өйткені оның ойынша, «болмыс еместіні» тануға, білуге тіпті болмайды, оны сөзбен де айтып жеткізе алмайсың. Осыдан ой мен болмыстың өзара қатынасы келіп шығады. «Ойлау  мен болу бір» дейді Парменид. Яғни, ойлау  мен болмыс бір деген ұғым туады. Болмыс еместі жоққа шығара отырып, болмысты өзгермейтін, қозғалмайтын процесс деп қарады.

...

Скачать:   txt (20.1 Kb)   pdf (93.9 Kb)   docx (13.7 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club