Болмыс. Онтология және метафизика
Автор: Дана Дилдахан • Октябрь 1, 2021 • Реферат • 278 Слов (2 Страниц) • 922 Просмотры
Болмыс. Онтология және метафизика
1. Философия тарихында «болмыс» ұғымы туралы түсініктің қалыптасуы мен дамуы.
2. Кеңістік, уақыт пен қозғалыс туралы түсініктер.
3. Болмыстың негізгі формалары. Болмыс және тіршілік.
Мән және бар болу. Онтология – болмыс туралы ілім. Бар болудың онтологиялық құрылымы. Болмыс және бейболмыс (Парменид, Зенон). Болмыстың түрлері. Платон мен Аристотельдің философиясындағы болмыс мәселелері. ӘлКинди және Ибн-Рушд концепциялары. Жаңа заман философиясындағы субстанция мәселесі (Р.Декарт, Б.Спиноза, Г.Лейбниц). М.Хайдеггердің «фундаменталды онтологиясы» (Dasein). «Материя» ұғымы. Материалдық әлем болмысы. Қозғалыс, кеңістік және уақыт. Философияның негізгі ұғымдары: дүние, заман, мән, құбылыс, мазмұн, форма, жалпы, жеке, бүтін, бөлік, сан, сапа, өлшем, терістеу, себеп, салдар, қажеттілік, кездейсоқтық, мүмкіндік, шындық. Болмыс және Абсолют. Құдай-әлем қатынасы мәселесі. Абай дүниетанымдағы Құдай және адам мәселесі. «Идея» ұғымы. Болмыс пен ойлау арақатынасы мәселесі. Идея және рухани құндылықтар болмысы. Виртуалды шындықты философиялық зерделеу пәні ретінде талдау. Көптеген филосолфиялық ілімдерде өткен мен бүгінгі күнде де болмыс категориясы орталық орын алады. Философияға бұл терминді алғашқы болып философ Парменид (б.з.д. У-ІУ ғ.) енгізді. Болмыс философиялық категория, ол дүниедегі барлық өмір сүретін құбылыстарды белгілейді. Болмыстың негізгі формаларына жататындар: 1) заттар болмысы; 2) адам болмысы; 3) қоғам болмысы; 4) рухани болмыс. Басқаша айтқанда, болмыс категориясы материалдықты және руханиды қамтиды. Бұл категория, барлық реалдықтың түрлерін жинақтайтындықтан мазмұны жағынан ең кең деп саналады. Болмыстың әр формасы айрықша өзінің заңдарымен дамып отырады. Олардың барлығының шекті негізі, субстанциясы ретінде материя саналады. Материя философиядағы ең бір фундаменталдық ұғым. Әрбір тарихи дәуірде материя ұғымы дүние туралы ғылыми білімнің деңгейімен анықталады. Алғашқы материя туралы ұғым ежелгі заманда-ақ пайда болды. Күнделікті тәжрибеге және бақылауға сүйеніп, ежелгі заман материалистері, бізді қоршап түрған дүниедегі бүкіл құбылыстардың ең алғашқы негізі, яғни субстанциясы бар деп санады. Ежелгі гректер сондай субстанция ретінде су (Фалес), ауа (Анаксиман), от (Гераклит) т.б. деді
...