Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Болмыс пен сананын онтологиясы

Автор:   •  Февраль 18, 2023  •  Контрольная работа  •  1,100 Слов (5 Страниц)  •  159 Просмотры

Страница 1 из 5

Жоломанова Аружан , биомед.

     БОЛМЫС ПЕН САНАНЫҢ ОНТОЛОГИЯСЫ

Мен Г. Ж. Нұрышеваның «Философия» атты кітабын оқып көрдім. Бұл кітапта жалпы болмыс пен сананың онтологиясы, болмыс пен материя ұғымдары туралы, болмысқа қарсы категерия туралы жазылған, сипатталған . Осы ұғымдардың философиядағы орны туралы баяндалған. Ендеше кітап мазмұнын қарастырып өтсек :

        150-152 бет:

         Болмыс (бытие) категориясы философиялық категориялардын арасындағы ең бастысы. Бұл ұғымға анықтама берсек, болмыс бар болып отырғанның(сущее), өмір сүріп отырғанның барлығын  қамтитын  және олардын ең маңызды қасиетін - бар болу, нақты өмір сүруді білдіретін категория. Оған мағынасы жағынан жақын ұғымдар ретінде "космос", "дүние", "табиғат" ұғымдарын атауға болады, бірақ "болмыс" категориясы кең және ауқымды, мазмұны жағынан терең.                                          

Болмысқа қарсы категория - "болмыс емес" (небытие) немесе "болмау"(кейбір ғалымдар қазақ тіліндегі философиялық әдебиетте "биболмыс" ұғымын да қолданып жүр).Болмысты жалпы түрде реалды жане идеалды деп бөлуге болады. Реалды болмысты өмір сүру, бар болу деп, ал идеалды болмысты мән атайды.

 Реалды болмыс кеңістіктік – уақыттық сипатка ие, қайталанбайтын, индивидуалды заттардын, үрдіс-процестердің, әрекеттердің, адамдардың нақты өмір суруі. Идеалды болмыс маңгі, уақытқа тауелсіз,өозгермейді. Құндылықтар, идеялар, ұғымдар осындай сипатқа не. Кейбір философтар идеалды болмысты ақиқат

болмыс деп таниды

           Болмыстың осылайша жалпы бөлінуін одан әрі жіктесек, оның мынадай түрлерін атауға болады: тірі жане өлі табиғаттың заттары, қасиеттері және қатынастары болмысы; адам болмысы; әлеуметтік болмыс; рухани болмыс; материалдық заттар мен олардың түсінік, ұғым, теория түрінде бейнеленетін идеалдық образдары болмысы.Тірі және өлі табиғаттың заттары, қасиеттері жане қатынастары болмысын қоршаған орта деген ұғым арқылы бейнелеуге болады.

           Қоршаган орта бірінші және екінші табиғат деп бөлінеді. Бірінші табиғат - адамнан бұрын пайда болған, оған дейін өмір сүргеннің бәрі. Оның санасынан тәуелсіз табиғат заттары, процестері және күйлері.. Табиғат кеңістік пен уакытта шексіз, табиғат болмысы өзгермелі, объективті, реалды. Онсыз адам өмірі мумкін емес, бірақ табиғатка белгілі бір дәрежеде мән беретін, оны кабылдайтын - адам. Екінші табиғат - адам бірінші табиғат материалдарын өз енбегі мен білімінің көмегімен өндеуінің нәтижесінде жасаған заттар дүниесі, ол табиғи материал мен х индивидтердің рухани қызметінің және бұл заттардың әлеуметтік қызметтері мен міндеттерінің ажырамас бірлігі.

Бірінші табиғат пен екінші табиғат бір-бірімен тығыз байланысты, сонымен қатар, өзіндік ерекшеліктерге ие. Екінші табиғат көптүрлі, ол әлеуметтік-тарихи болмыс,адам болмысына жақындау, бірақ ол адамнан салыстырмалы турде тауелсіз.

             153-155 бет:

             Болмыстың түрлері саналуан болғанымен, олар бір-бірімен тығыз байланыста және бірлікте. Бұл тұжырымды сонғы кезде қарқынды дамып отырған синергетика (synerqeia - ынтымақтастық, бірлесе әрекет ету) ғылымы немесе ашық жуйелердің өзін-өзі ұйымдастыруы теориясы жақсы дәлелдеп отыр.

            Болмысты жан-жақты түрде философияның саласы-онтология зерттейді. Болмыс, оны құрайтын заттар, кұбылыстар, процестер

сантүрлі болғанымен, осының бәрін біріктіретін бір бастау болуы мумкін деген маселе философтарды ерте заманнан-ақ ойландырды және бұл мәселе бойынша пайымдаушыларды плюрализм, дуализм, монизм ілімдерінің өкілдері ретінде бөлуге болады. Дүниенің өзгермейтін, жойылмайтын бір бастауын, негізін бейнелейтін философиялык категория субстанция деп аталады.

Плюрализм - дүниенің көптүрлілігін, бұл турлердің бір-бірінен тауелсіздігін мойындайды. Дуализм - дүниенің екі, материалдық және идеалдық бастауы бар дейді, ал монизм бір ғана  бастау туралы тұжырымдайды. Монизм идеалистік және материалистік монизм болып белінеді. Алгашкысы дуниенін негізі ретінде идеалдыкты таниды. Ал Материалистік монизм дүниенің бастауы материалдық дейді.

...

Скачать:   txt (13.2 Kb)   pdf (78.5 Kb)   docx (11.2 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club