Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

«Бақыт» деген не?

Автор:   •  Октябрь 16, 2022  •  Эссе  •  262 Слов (2 Страниц)  •  267 Просмотры

Страница 1 из 2

Эссе

«Бақыт» деген не?

Бұл өмірде әрбір адам дүниеге келген соң, жақсы өмір сүруді аңсайды. Жақсы өмірді әркім әрқилы елестетеді. Біреуге ол мықты денсаулық, бейбіт өмір, біреуге көңілді сәттер, байлық.

Осыларға қарамастан, адамдардың көптеген бөлігі бақытты болуды көздейді. Бақыт – әлемдегі барлық жандар сезінуге ұмтылатын құбылыс болғанмен, оны түсіну әркімнің ойлау көкжиегімен байланысты. Меніңше, бақыттың не екенін анықтаудан қиыны жоқ. Бар ғұмырын бақытты өткізгісі келетіндер бар, бірақ, өмір тек ақ жолақтардан тұрмайтындықтан, үнемі бақытты сезіну оңай емес. Әрі, үнемі бақытты күйде болу өмірдің мәнін ұмыттырар еді.

Мен әр адамға жақсы тілегімді арнағанда, бақытты болуды тілеймін. Осыдан артық тілек жоқ деп есептеймін, себебі бақытты әр адам өздігінше түсінетіндіктен. Бақыт, менің ойымда, үйлесімділікте өмір сүру, өмірдегі тепе-теңдікті сақтау ретінде көрініс табады. Бақыт – армандай алу. Армандай білген адам өзінің бақытты өмірін жасай алады. Бақыт – біреуге жақсы сәттер сыйлау. Өзгені қуанту адамға өте сапалы сезімдер әкеледі. Бақыт – әлемді тек бір қырынан ғана көрмеу. Әлемнің ғажайыбын танып білуге, оны зерттеуге, көруге деген құлшыныс өмірді жарқын сәттерге толтырады. Өзіңді осы әлемнің іргелі бөлшегі сезіну де бір бақыт деп ойлаймын. Бір нәрсеге үйрене алу да бақыт, кішкене затттарға қуана алу да бақыт, себебі осылайша өзіңнің хайуаннан артықшылығыңды сезіне аласың. Бақытты өмір сүру – қайғы келсе де, қарсы тұру, күресе алу. Өмір күресінде шыңдала түскен тұлға бақытты үлкен істермен өлшемейді. Ондай адам әр сәттің қадірін түсініп, әр адамды бағалай

...

Скачать:   txt (3.4 Kb)   pdf (30.7 Kb)   docx (7.6 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club