Әл-Фараби еңбектері негізінде бақыт деген
Автор: GuldanaR • Сентябрь 23, 2023 • Эссе • 748 Слов (3 Страниц) • 186 Просмотры
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
[pic 1]
СӨЖ
(эссе)
Тақырыбы:___ «Әл-Фараби еңбектері негізінде бақыт деген...»___
Орындаған: Рабиғұлова Гүлдана НФ 235
Тексерген: Құдайбергенова Н.Ж.
Алматы 2021
Әл-Фараби еңбектері негізінде бақыт деген...
Адамзаттың тарихи дамуы барысында бақыттың мәні және оған жету жолдары туралы әртүрлі көзқарастар мен ілімдер қалыптасты. Осыған байланысты көптеген философиялық ойлау тарихындағы мысалдарды келтіруге болады. Егер кейбір ілімдерде тек бір адамның бақытына қол жеткізу алға тартылса, басқаларында жалпы алғанда қоғамның бақыты туралы ойлар келтіріледі.
Бұл тұрғыда бақыт мәселесі туралы көзқарасы ерекшеленетін ұлы философ ғалым Әбу Насыр Фараби «..адам бақыты жалпы адамзатпен үйлеседі» деп тұжырымдады. Ойшылдың өмірінің соңғы кезеңінде жазылған трактаттарда, олардың ішіндегі ең маңыздылары - «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап», «Бақытқа жол сілтеу» еңбектерінде Әл-Фараби бақыт - бұл адам қызметінің басты мақсаты деген ойға сүйенді. Бұған апарар жол – білім және тәрбие. Ойшыл бақытты келесідей сипаттайды: «Сезімнен немесе қиялдан туындайтын ұмтылысқа келетін болсақ, ол тең дәрежеде барлық басқа тіршілік иелерінде бар. Адамның алғашқы зияткерлік объектілерін жүзеге асыру-оның алғашқы жетістігі. Олар оған өзінің ең жоғары жетілуіне жету үшін ғана беріледі.Бұл – бақыт. Бақыт дегеніміз - өзі үшін іздеген жақсылық. Бақытқа жетуге көмектесетін ерікті әрекеттер - бұл керемет әрекеттер. Бақытқа кедергі келтіретін әрекеттер-жаман әрекеттер болып табылады.»
...