Әлеуметтік қиял
Автор: nurgul985 • Октябрь 8, 2022 • Реферат • 633 Слов (3 Страниц) • 251 Просмотры
“Әлеуметтік қиял”
Әлеметтануең алдымен таным функциясын атқаратын ғылым ретінде қалыптасқан ілім ретінде адамдардың арасындағы қарым-қатынастарды, байланыстарды одан әрі жетілдіріп, олардың сана-сезімдерін,мінез-құлықтарын,тәртібін жақсартады. Сөйтіп ол қоғамдық қоғамдық қатынастарды жетілдіріп, мәдени және саяси тұрғыда дамуына ықпалын тигізеді.
Сонда әлеуметтану адамдар мен топтардың өзара әрекетке түсуін, солардың үлгілерін және функцияларын зерттейді. Жалпы айтқанда әлеуметтану-қоғам туралы ғылым. Әлеуметтану адам мен қоғам арасында маңызды рөл атқара отырып, кез-келген адамға қоғамдағы өз орнын анықтауға, өмірлік жолды таңдауға және өмірлік перспективаларын білуге, жеке күш жігерін әлеуметтік қайшылықтарды шешуге шоғырландыруға көмектеседі.
Әлеуметтанудағы ең негізгі ұгымдардың бірі - әлеуметтік құрылым. Әлеуметтік құрылым - белгілі бір қоғамды құрайтын топтық қарым-қатынастардын кайталанып келiп отыратын үлгiлерi. Ол тек мiнез-құлық сиякты жекелеген проблемаларды ғана емес, бiлiм алуды, неке құруды калай уйымдастыру керектiгi сиякты кенірек контекстегі проблемаларды да қамтиды. Әлеуметтік қиял деп жеке адамның проблемасын тусiнудi, әлеуметтiк кұрылымдарды, аз дегенде iшiнара тусiнудi көрсететін қабілетті айтамыз. Ч. Райт Миллстің пікірінше, әлеуметтік қиял дегенiмiз - жеке бастағы қиындықтарды (мысалы, кедейлік, ажырасу немесе сенiмнiн жоғалуы), аса манызды когамдык проблема, жалпыға ортақ проблема деп тусiну. Миллетiн айтуынша, көп нәрсенi бiз толыктай бакылай алмаймыз, көптеген кубылыстар қоғамның түзілуінен келіп шығады да бізден тыс жузеге асып жатады. Күнделiктi өмiрде бiз тарихты, экономикалык ерекшелiктер мен әлеуметтiк кұрылымдардың өмiрге тигiзетiн әсерін сирек байқаймыз. Егер бала нашақор болса ата-ана өздерін кінәлайды; мектепте нашар оқыса көпшілік оқушының өзiн жазгырады. Әлеуметтік киялды дамыту дегенiмiз - осы сияқты мысалдардын когамдағы жағдайлардың салдары екенiн және оны адамнын өзi толык бакылай алмауы мүмкін екенін түсіну. Мысалы, кейбiр адамдардың мектепте нашар окуы олардың акылсыз немесе жалкау болгандыгынан емес, отбасынын кажеттi каржылык немесе психологиялык колдау көрсете алмауынан. Кейбір оқушылардың іні-қарындастарына көмектесу үшін аптасына сабақтан тыс 30 сағаттай жұмыс iстеуiне тура келедi. Ендi бiреулерiне жаксы оку қиынға соғады, себебі олардың отбасылары колледждің нені талап ететінін немесе колледждің оқушыларына сабаққа дайындалу үшін тыныштық қажет екенін түсіне бермейді. Керiсiнше, кейбір студенттердiн оку улгерiмiн жаксартуға бар мумкiндiк жасалған: ата-аналары оку акысын төлеп, күнделікті шығындарын өтеп, психологиялык колдау көрсетіп отырады, тіпті ноутбук, iPad және жаңа автокөлікте әпереді. Кім колледжден шығып калады, ал кім окуды ойдағыдай бiтiредi - бұл жағын ата-аналардың әлеуметтік жағдайы анықтауы мумкін.
...