Әлеуметтік статификация
Автор: Ainur2106 • Апрель 18, 2018 • Реферат • 2,645 Слов (11 Страниц) • 1,079 Просмотры
Қазақстан Респуликасы ғылым және білім министрлігі
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Әлеуметтік статификация
Орындаған: Жамбурбаева А.А.
Математика 1 курс
Тексерен: Шуршитбай Майра
Өскемен қаласы
2018
Мазмұны:
1.Кіріспе
2. Қоғамда адамдардың жіктелуі мен стратификациялық жүйе
3.Әлеуметтік стратификация құбылысы жайлы әлеуметтанушылардың көзқарасы мен ғылыми зерттеулері
3.1.Шетел әлеуметтанушыларының зертеулері
3.2. Қазақ әлеуметтанушыларының зерттеулері
6. Қорытынды
Әлеуметтік стратификация ұғымы
Әлеуметтік стратификация - қоғамның әлеуметтік жіктелуі. Біз қоғамының әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып еткен едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа алынады, мәселен, табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейі, мамандықтағы мәртебесі, билікке қатынастары. Қоғам мүшелерінің арасында әлеуметтік теңсіздіктің табиғатын, себептерін, оның заңды құбылыс ретіндегі мәнін түсінуде әлеуметтік стратификация теориясының маңызы зор. «Стратта» деген геология термині жердің құрылымындағы қабаттарды анықтауға байланысты қолданылады. Ал, қоғамға байланысты біздің ана тілімізде қабаттан гөрі «жік» деген ұғымды пайдаланғанымыз жөн. Біз тарихтан қоғамның әр даму сатысына тән түрлі стратталардың болғанын білеміз. Қоғам адамдарын стратталарға жіктеудің тарихи үш типі белгілі. Олар:
• касталар;
• сословиелер;
• таптар.
Осы аталған жіктеудің үш типіне байланысты стратификациялық жүйе
1. Ашық - Қоғам мүшелерінің статустары мен әлеуметтік жағдайларын өзгертулеріне мүмкіндік бар әлеуметтік құрылым ашық стратификациялық жүйе деп алады да, ал, мұндай мүмкіндік балмайтын қоғам жабық стратификациялық жүйе деп аталады
2. жабық жүйе- Үндістан қоғамында орын алған касталық жүйені жатқызуға болады. «Каста» - латын тілінде castus (таза) деген мағынаны береді. Бұл жүйе 1900-шы жылға дейін сақталып келген. Үнді қоғамында қалытасқан дәстур бойынша қоғам мүшелері касталарға жіктелген және соған байланысты әлеуметтік статус ата-аналарынан балаларына беріліп, ол өмірлік статусқа айналып отырған. Бұл қоғамда касталардың 4 тобы болған:
• брахмандар (діни иелері, абыздар), олар халықтың 3%-ын құрайтын;
• кшатрийлер (әскери адамдар);
• вайшьтер (саудагерлер), бұл екі топ халықтың 7%-ын құрайтын;
• шудралар (шаруалар мен қолөнершілер) – 70%-ға жуық;
• хариджандар – қоғамдағы ең төменгі, ауыр жұмыстарды (ауланы сыпыру, қоқыстарды жинау, тері илеу, шошқа бағу) атқаратын адамдар.
Қоғамдағы қалыптасқан діни наным мен дәстүр бойынша, жоғары каста мен төменгі каста адамдарының араласуларына, қарым-қатынастар жасауларына қатаң тыйым салынған. Драхмалық діни наным бойынша, әр адам құдайдың берген тағдырына көніп, өмір бойы сонымен келісімде болуы керек. Қазіргі кезде де Үндістанның кейбір аймақтары мен селолық жерлердегі
...