Ұйым қызметінің мотивациясын жетілдіру
Автор: ulzhanturysbai • Сентябрь 30, 2021 • Реферат • 1,242 Слов (5 Страниц) • 934 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
КЕЙС
Тақырыбы: Ұйым қызметінің мотивациясын жетілдіру
Орындаған: Молжан Қошқар
Тобы: Ммг 20-1к3
Қабылдаған: Алдиев Ахатбай
Шымкент 2021 ж
ЖОСПАР:
I КІРІСПЕ……………………………………………………………………
- Ұйым персоналы мотивациясының мәні
1.2 Ұйым персоналы мотивациясының теориялық негіздері
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Әр түрлі тәсілдері бар ынталандыру
2.2 Еңбек мотивациясы
III ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.1 Ұйым персоналы мотивациясының мәні
Ұйым персоналы мотивациясының мәні Адамдардың өмір сүру деңгейінің көтерілуіне ықпал ететін мотивациялық механизм жасалмай , бірде бір әлеуметтік - нарықтық механизм табысты қызмет ете алмайды . Қолданыстағы мотивациялық механизмді сипаттаудың қажеті жоқ . Себебі бүгінгі таңда ондай механизм әлі жасалмаған . Осы жерде келесі сұрақ туындайды : халықтың әл - ауқатын жақсарту міндеті сірә қойылған ба ? Өмір сүру деңгейінің көтерілуін қандай мотивациялық механизмнің көмегімен жүзеге асыруға болады ? Бұл жерде жүзеге асыру механизмінің болмауы салдарынан бағдарламалық мақсаттың жоқ екендігін тағы да айта кету керек . Нарық жағдайында өмір сүру деңгейі біздегідей төмендемей , тапжылмастан көтеріле беруі үшін қандай факторларды іске қосу қажет ? Ең алдымен , қойылған мақсатқа басқару жүйелері мен әдістерін жетілдіру , өнім мен қызметкөлемін өсіру , бәсекелестік күрестiкүшейту , жұмыспен қамтамасыз ету деңгейін жоғарлату сияқты факторлардың көмегімен қол жеткізуге болады . Сонымен қатар , жұмыс жасайтын кәсіпорындар өздерінің мотивациялық модельдеріне ие , оларды тәжірибе жүзінде қолдану олардың нарықтағы орындарын сақтап қалуға , тіпті өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді
Адамдарға еңбек әрекеті барысында күн сайын қандай қатаң нұсқаулар мен бұйрықтарберіліп отырғанына қарамастан , ең бастысы – олардың қажеттіліктерінің қанағаттандырылуы берілмесе , экономика дамуының тұрақталуы мен толықтырылу қимылдарын елестетумүмкін емес . Бұрын жұмыс жасадық қой деп , менімен келіспеушілер де болатын шығар . Иә , әрине , жұмыс жасадық , бірақ еріксіз жұмыс жасаған адам әлеуметтік әділдік сезімін сезінбей , әрқашан өзін құл ретінде сезінеді . Сондықтан бұл мәселе барлық мотивациялық модельдерде орталық орынды алады
Бүгінде қандай да компанияның маңызды қоры болып оның қызметкерлері саналатындығы ешкімде күмән тудырмайды . Дегенмен , басшылар осы қорды басқарудың қаншалықты қиындығын бәрі бірдей түсіне бермейді . Әрбір компанияның табысы қызметкерлерінің еңбегі қаншалықты тиімді болғандығына байланысты болады . Менеджерлердің мақсаты қызметкерлердің мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалану болып табылады . Басшылардың жасаған шешімдерін қаншалықты күшті болғанына қарамастан , олардың әсері компания қызметкерлерімен іске сәтті қосылған кезінде ғана , байқалуы мүскін , Ал бұл тек өз еңбегінің нәтижесінде мүдделі болған жағдайда ғана бола алады . Осы жерде біз басқарудың маңызды аспекті болып табылатын мотивацияға кезігеміз .
1.2 Ұйым персоналы мотивациясының теориялық негіздері
Ұйым персоналы мотивациясының теориялық негіздері Әрекет етуге талаптанған адамдардың қажет анықтау , әсіресе маңыздылық ауқымын айқындау үшін мотивацияның маңызды теориясын зерттеу қажет . А.Маслоу бойынша қажеттілік пирадасы . Маслоу адамдарды бұрын тәжірибесі бар , әрі білімді деп қана қарамай , оларды өзін - өзін жетілдіретін және өзін өзін меңгеретін , өз өмірін қалыптастыра алатын жандар ретінде қарастырады . Ол адамдарда иерархиялық жүйеден тұратын көптеген қажеттілік болатындығын мойындайды . А.Маслоу бұл қажеттіліктерді бес категорияға бөледі . 1. Физиологиялық қажеттілік өмір сүру үшін керек . Бұған тамақ , су , баспана , демалу және жыныстық қатынас қажеттіліктер жатады . 2. Қауіпсіздік , қорғану , және болашаққа сенімділік қажеттіліктеріне қоршаған орта тарапынан болатын физикалық және психологиялық қауіп – қатерден қорғану қажеттілігі , болашаққа физиологиялық қанағаттандырылуы мүмкін . 3. Әлеуметтік қажеттілік – бұл бір нәрсеге немесе біреулерге қатыстылық сезімі , өзіңді біреулердің құрметтеу сезімі , әлеуметтік қарым – қатынас , құштарлық және сүйемелдеушілік сезімі
...