Менің мамандығым әлеуметтік жұмыс
Автор: Akmarzhan_00 • Февраль 14, 2023 • Эссе • 567 Слов (3 Страниц) • 634 Просмотры
.
Менің мамандығым әлеуметтік жұмыс. Басында осы мамандықты оқып бастағанымда түсіне аламын ба деген ойлар болғаны рас, себебі мен бұл мамандық жайлы ештенке білмейтінмін. Бірақ уақыт өте келе оқытушымның арқасында көп мағлұмат алып өз мамандығыма деген қызығушылық арта бастады. Себебі бұл мамандықтың өзінің ерекше құндылықтары бар екенін түсіндім.
Әлеумет өте күрделі жүйе және оның басты құндылығы адамдар. Адамдардың өмір салты тағдырына қарай, әр адамның өзінің әртүрлі мәселелері болады. Қазіргі әлемде адамдардың жағдайы әртүрлі. Және де сол қиын жағдайға тап болған біреудің көмегін қажет ететін әлжуас топтардың әлеуметтік психологиялық, әлеуметтік технологиялық, әлеуметтік құқықтық, әлеуметтік медициналық, әлеуметтік тұрмыстық көмекті қажет ететін адамдарға көмек беру қабілетті.
Осы кәсіп туралы оқып келе жатқан уақыттан бері, әлеуметтік жұмыс мамандығы туралы көп нәрсе білдім. Ең бастысы бұл мамандықтың біздің Қазақстанға 1991 жылы ғана енгенін және әлі де өз дамып танылмаған кәсіп екен. Біздің елімізде экономикалық белсенді емес 10% қарттар, 14% балалар осы жандарға әлеуметтік қызметкер қол ұшын береді. Әлеуметтік қызметкер – өздігінен өз проблемаларын шеше алмаған және жәрдем немесе қолдауға мұқтаж болған адамдарға көмек көрсетеді. Ол обьектісіне және субьектісіне бөлінеді. Обьектісіне арнайы қоғамнан көмек қажет ететін адамдар мысалы; қарт-кісілер, көп балалы аналар, ардагерлер, жалғыз басты аналар, зорлықты көрген қыздар, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар және де жастар жатады. Ал субьектісіне мемлекет, жеке басқару орталықтары және де әлеуметтік қызметкердің өзі жатады. Әлеуметтік жұмыс мамандығы 9 құзіреттілікке бөлінеді. Ал әлеуметтік жұмыс мамандығынның құзіреттілігі дегеніміз теориялық білімді практикалық дағдыларды әртүрлі тәсілдермен әлеуметтік технологиядарды жұмыс барысында қолдана алу қабілеті, яғни түсінікті тілмен айтатын болсақ біздің барлық оқығанымызды, үйренгенімізді практикада барлық тәсілдермен қолдану. Әлеуметтік жұмыс теория, практика, технологиядан тұрады. Әлеуметтік жұмыс технологиясынның үш деңгейі бар олар микродеңгей, макродеңгей және мезодеңгей. Әлеуметтік қызметкер басқа да маман иелерімен әрқашан байланыста болуы тиіс екен. Оны біз әлеуметтік жұмыстың ресурстары дейміз.
...