Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Конфликт теориясы

Автор:   •  Ноябрь 16, 2021  •  Лекция  •  576 Слов (3 Страниц)  •  450 Просмотры

Страница 1 из 3

[pic 1]               

                                           №2

                                            1    

 Құрылымдық-функциялықтеорияны қолдану. Құрылымдық-функциялық теорияны қолданатын әлеуметтанушылар әлеуметтік құрылымдардың табиғатын және салдарын зерттеумен шұғылданады. Құрылымдық-функциялық теория ғалымдары әлеуметтік құрылымдардың жағымды (пайдалы) нәтижелерін функция ретінде, ал әлеуметтік қүрылымдардың теріс (зиянды) салдарын дисфункция ретінде сипаттайды.

    Конфликт теориясы Құрылымдық-функциялық теория әлемді ымыраға келу (консенсус) және тұрақтылық тұрғысынан қарастырса, конфликт теориясы оны қақтығыстар мен өзгерістер негізінде сипаттайды (Ритзер, 2003). Конфликтологтер қоғамды толық түсіну үшін ондағы бәсеке мен шиеленістерді, әсіресе біреулер жеңіп, екіншілері жеңіліске ұшырайтын процестерді сыни түрғыдан зерттеу керек деп санайды. Демек конфликт теориясы қоғамдағы күйзеліс пен шиеленістерді, осыған орай, қоғамды әлеуметтік өзгерістерге бастайтын жолдарды қарасгырады.

     Жеке түлғалардың әлеуметтік құрылымдарға қатысын және оларға эсер ету ерекшеліктерін зерттейтін әлеуметтанушылар символдық интеракционизм теориясын пайдаланады. Символдық интеракция теориясы (немесе символдық интеракционизм) адам әрекеттерінің субъективті мәнін және осы мәнді қалыптастырып, дамытатын процестерді қарастырады (Страйкер, 2008). Бұл теория адамдардың өзара әрекетке түсуінің символдық (немесе субъективті) мағынасын зерттегендіктен осылай аталады. Символдық интеракционизм теориясы - осы тарауда сипатталған дәстүрлі үш георияның ішіндегі ең жаңасы.

                               2

  Әлеуметтік зерттеулер дегеніміз - зерттеліп отырған нысан туралы объективті мағлұматтар алу мақсатындағы бір-бірімен өзара байланысты жүргізілетін логикалық, методологиялық, тәсілдік және ұйымдастырушылық-техникалық амалдар жиынтығы. 

  Әлеуметтік зерттеу төрт кезеңнен тұрады: 1. Зерттеуге дайындық: Бұл кезеңде тақырып анықталып, теориялық тұжырымдама, бағдарлама жасалады, іріктеу өлшемдері анықталады.

   2. Бастапқы ақпаратты жинақтау кезеңі: мағлұматтарды “алаңнан” (жеке адамдардан, аудиториялардан, сыныптардан, үйден, мекемеден, т. б) жинаумен байланысты.   3. Жиналған ақпаратты өңдеу кезеңі: жиналған мағлұматтардың барлығы іріктеу өлшемдерінен ауытқуын тексеру тұрғысынан зерттеледі.     4. Мағлұматтарды талдау және социологиялық зерттеудің қорытынды құжаттарын дайындау кезеңі-қорытынды кезең.

...

Скачать:   txt (7.4 Kb)   pdf (251.5 Kb)   docx (476.2 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club