Итальяндық микротарихшы ғалымдар
Автор: Saiyp Armanuly • Февраль 16, 2022 • Реферат • 3,033 Слов (13 Страниц) • 560 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім Ғылым Министрлігі
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университет
Реферат
Тақырыбы: Итальяндық микротарихшы ғалымдар Қабылдаған: Алдабергенова М
Орындаған: Шымбай С
Тобы: 1601-11
Жалпы микротарихшылардың бағыты қандай?
Бұл бағыттың К.Гинзбург, Дж.Леви, Эдоардо Гренди,
С.Черутти сияқты көрнекті тарихшыларының негізгі бағдар-
ламалық мақалалары бүгінде орыс тілінде жарияланғандық-
тан, олардың зерттеушілік мұратын
танып-білуді жеңілдетеді. Басқа елдерде жұмыс істеп жүрген
тарихшылардың түсініктемелерінде де олқылық жоқ
.
«Микротарих» терминінің өзі 50–60-жылдары-ақ пайда-
ланылды (мысалы, Ф.Бродель, сондай-ақ француз жазушысы
Раймон Кено еңбектерінде), бірақ жағымсыз және әжуа ас-
тарда, яғни «түкке тұрмайтын нәрсемен айналысатын» тарих
синонимі ретінде қолданылды. 60-жылдардың соңында бұл
терминді мексикалық зерттеуші Л. Гонсалес-и-Гонсалес өзінің
туған деревнясы туралы кітап атауының тақырыпшасы ретінде
салмақты мағынада қолданды. Соған қарамастан, тек 70-жыл-
дардың соңында бір топ итальян тарихшылары microstoria тер-
минін жаңа ғылыми бағыттың туына айналдырды және ол бү-
кіл әлемге осы атауымен әйгілі болды
Quaderni storisi журналы итальян микротарихының мін-
бесіне айналды, онда К.Гинзбург, Э.Гренди, К.Пони, Дж.Леви
қты осы бағыт көшбасшыларының мақалалары басыл-ды. 1977 жылғы мақаласында Э.Гренди тұлғалар арасындағы қарым-қатынасқа талдау ретінде түсінілген микроталдауды әлеуметтік тарихта қолдану туралы айтты. Ол сондай-ақ кіші-гірім қауымдастықтарды қарастыруда үлкен тәжірибесі бар антропологтар бақылауының мұндай тарихи зерттеулер үшін маңызды екенін де атап көрсетті [137]. Бұл еңбекте «микро-тарих» термині әлі қолданылмаған болатын. Ол келесі жылы, К.Понидің «Жер өңдеу шаруашылығы және микротарих»3 атты кішігірім мақаласында көрініс берді. К.Гинзбург пен К.Понидің 1979 жылы сол журналда «Есім және ойын: баламасыз айырбас және тарихнамалық рынок» [135] деген тартымды тақырыппен жарық көрген мақала-сы бағдарламалық сипатта болды. 70-жылдары Франция мен Италия арасындағы тарихнамалық алмасу тең сипатта болма-ғандығы анық: итальян тарихшыларының француз әріптесте-ріне бергенінен гөрі, алғаны көп болды. Гинзбург пен Пони бұл жағдайдан шығу жолын көрсетті: сол кезде «Анналдар» мекте-бі насихаттаған сандық және «сериялық» тарихқа қарама-қар-сы, олар микротарих идеясын – Италия архивтерінде есімдері сақталған көптеген қарапайым адамдардың өзара қарым-қа-тынасы мен нақты өмірін антропологиялық рухта, детальдық тұрғыда талдауды ұсынды. Сол мақаланың қысқаша нұсқасын французша жариялаған авторлар оған «Микротарих»4 деп ықшам ат қойды. Осылайша, шын мәнінде, 60-жылдардан бастап қалыптасқан жаңа бағыт (К.Гинзбургтің атақты екі кітабында – бенандантилер (мейі-рімді жүргіншілер) (1966) мен диірменші-философ Меноккио туралы (1976) – микротарихи тәсілдің көптеген белгілері бай-қалады) ақыры өз атауын иеленді. Микротарих қоғамдық үдерістер мен тенденциялардың автоматизмі туралы жеңіл түсінікке қарама-қарсы (италь-ян микротарихының тарихнамалық контексте тууы туралы И.Е. Андроновтың және Эдвард Мюиридің
Италиядағы инсти-туттық және заңнамалық тарихқа, синтез-тарихқа реакция ре-тінде пайда болды.
Э. Гренди «ерекше қалыпты» тұжырымы
Э.Гренди мойындағандай, бұл бағыттың қа-лыптасуына әлеуметтік антропология қатты ықпал етті Дәл осы автор микротарихтың ішкі әртектілігін атап өтеді. Бұл түсінікті де. Теориялық манифестер бұл қозға-лыс туындағаннан кейін он жылдан соң пайда болғандықтан, нақты зерттеу тәжірибесі әрқашан айқындаушы мағынаға ие болды. Әйтсе де микротарихтың қандай да бір ортақ принципте-рінің болатыны сөзсіз. Оларды анықтау үшін микротарихтың ең танымал манифесті болуға тиісті Дж.Левидің алғаш рет 1991 жылы жарық көрген мақаласына [110] жүгінейік. Ең алдымен, бұл бағыттың эксперименттік сипаты жөнінде айту керек: тарихшылар зерттеу әдістемелерін де, материалды маз-мұндау түрлерін де өзгертеді. Бүкіл бағытқа атауын берген тәжірибенің айқын бөлігі зерттеу ауқымын өзгерту болып са-налады: зерттеліп отырған құбылыстың әдетте тарихшылар назарынан тыс қалатын елеулі ерекшеліктерін құдды үлкейт-кіш әйнекпен қарағандай анықтап барлау үшін, зерттеушілер микроталдауға жүгінеді. Дж.Леви проблеманы микродеңгейде зерттеу мәселенің өзі-нің ауқымын ерекшелеп көрсетпейтінін айтады. Керісінше, микроталдау «шынайы өмірдің белгілі бір нүктелерінде» жалпы үдерістің бағыттық өзгерісін көруге мүмкіндік береді. Мұның қалай жүзеге асатынын Дж.Левидің өзінің Еуропаның негізгі тілдерінің барлығына аударылған «Материалдық емес мұра: XVII ғасырдағы Пьемонттағы экзорцист мансабы» (1985) [138] кітабы арқылы көруге болады. Бұл кітаптың кейіпкері – адамдардың бойынан жын шы-ғара білетінімен аты шыққан дін қызметшісі және экзорцист Джован Баттиста: оқиға орны – Сантена Пьемонт деревнясы, зерттеу тақырыбы – ескі жүйедегі шаруалар өмірін заманауи-ландыру үдерісі. Кітап атауының мағынасы мынада: бейресми билік пен жерлестерінің арасындағы құрмет Дж.Б. Кьезаға бұ-рын көп жылдар бойы жергілікті қауымдастықтың көшбасшы-сы болған әкесі – судья және нотариус Джулио Чезаре Кьезадан
...