Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Түркі халықтары ғалымдары мен ойшылдары

Автор:   •  Сентябрь 23, 2021  •  Реферат  •  4,831 Слов (20 Страниц)  •  773 Просмотры

Страница 1 из 20

                                             

                                           Жоспар

1.Кіріспе

Түркі халықтары ғалымдары мен ойшылдары

  1. Негізгі бөлім

2.1 Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы

2.2 Қожа Ахмет Йассауидың өмірі мен шығармашылығы

2.3 Махмұт Қашқаридың өмірі мен шығармашылығы

2.4 Жүсіп Баласағұнидың өмірі мен шығармашылығы

  1. Қорытынды

Түркі халықтары ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы

                                                        Кіріспе

Түркі халықтары ғалымдары мен ойшылдары

Ғалымдар Қайта өрлеу дәуірін  Ренессанс деп атайды, өйткені бұл кезеңде антикалық дәстүрлер қайта жаңғырып,  ғылым мен мәдениетте,  әдебиетте өрлеу, өркендеу байқалды. Ренессанстың алғашқы ғалымдары мен жазушылары, философтар  түркі  ойшылдары еді. Олардың Ренессансы ІХ-Х ғасырларда-ақ  басталды, Европаға Ренессанс бірнеше ғасырдан кейін келді.

Әбу Насыр Әл Фараби (870-950 жж) бүкіл әлемге «Екінші ұстаз» ретінде танылды (бірінші ұстаз болып ежелгі грек философы Аристотель саналады). Әл Фараби ғұлама ғалым, философ, математик,  өнертанушы, әдебиеттенушы, ақын болатын.

Қожа Ахмет Ясауи (1093-1166) — қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын, сопылық поэзияның негізін салушы, күллі күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған ұлы ойшыл, діни қайраткер. Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Ясауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезінен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы.

Жүсіп Баласағұн 1015 немесе 1016 жылы Баласағұн қаласында туды. Ол кездері Баласағұн қаласы Күз-Орда болып аталатын.  Жүсіп бай, белгілі түркі отбасынан шыққан, сол уақыт өлшемі бойынша өте терең білім алған, парсы-тәжік және араб поэзиясын тамаша білген, олардың әсері ақын шығармаларынан байқалып  отырады. «Құтты білік» — Шығыс ақындарының көптеген буындарына үлгі болған, ерте түркі поэзиясының аса құнды  маржандарының бірі. Оны  ақын қартайған  шағында Қашқар қаласында жазған. Жүсіп Қашқар әміршісі сарайында қызмет етсе керек, өйткені поэма-әмірші мен оның айналасындағыларға өзін-өзі қалай ұстау, тәрбиелі болуды үйретіп, өмірдің  әр қилы жағдайларында не істеу керектігін насихаттайды. Бұл поэманы Қашқар мен Табғаш империясының бүкіл  шығыс бөлігінің  әміршісі Боғра-Қара –Хақанға сыйлаған соң Жүсіп «сарай министріне» тең «ұлық хасс-хаджиб» лауазымы мен үлкен қызметке ие болады.

Махмұт Қашқари (11 ғасыр) – ортағасырлық Шығыс ғалымдарының ішіндегі жарқын жұлдыздардың бірі, ұлы түркі филологы, ақын, әрі тарихшы. Ол  көне түркі сөйленістерінің алғаш түсіндірме сөздігін «Диуани лұғат ат-түрк»- «Біртұтас түркі тілдерінің сөздігін» жазған. Бұл еңбек көне түркі филологиясы бойынша бізге жеткен жалғыз тұтас еңбек қана емес, сонымен бірге көне түркі филологиясының озық туындысы, көне тілдер қалпын терең зерттеумен қатар, сол дәуір тайпалары өмірінің энциклопедиясы, халық даналығының нағыз қазынасы. Кітапта көптеген өлеңдер, халық әндері, мақал, мәтелдер, жұмбақ, аңыздар мен ертегілер, сонымен қатар тарихи деректер келтірілген.

                                                           2.   Негізгі бөлім

2.1 Әбу Насыр әл-Фарабидің  өмірі мен шығармашылығы

Әбу Насыр Әл Фараби (870-950 жж) бүкіл әлемге «Екінші ұстаз» ретінде танылды (бірінші ұстаз болып ежелгі грек философы Аристотель саналады). Әл Фараби ғұлама ғалым, философ, математик,  өнертанушы, әдебиеттенушы, ақын болатын. Ол  қазақ жеріндегі Отырар қаласында дүниеге келді.  Арыс өзенінің Әмударияға  құятын жеріне жақын орналасқан Отырар  қаласын қыпшақтар Қарашоқы деп атады.

...

Скачать:   txt (66.3 Kb)   pdf (90 Kb)   docx (305.9 Kb)  
Продолжить читать еще 19 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club