Қазіргі заманғы функционалды анализ ғалымдары
Автор: Dana1234561 • Октябрь 14, 2023 • Реферат • 2,907 Слов (12 Страниц) • 127 Просмотры
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
«Ұстаз» институты
СӨЖ
Пәні: Функционалды анализ
Тақырыбы: Қазіргі заманғы функционалды анализ ғалымдары
Орындаған: Мұратбекқызы Дана
Тексерген: Сулеймбекова Айнаш
Төлеубай Ыдырысұлы Аманов
Төлеубай Ыдырысұлы Аманов жылы тамызда Жаңасемей ауданының Құрманқожа ауылында, қазіргі Петропаловка селосында, дүниеге келген. Бала кезден ән айтып, өлең шығарып, тоғызқұмалақты жақсы ойнап зерделі болып өседі. Семей қаласындағы № 16 орта мектепті бітірген. Ол 9-сыныпта оқып жүргенде республикалық шахмат турниріне қатысып, бірінші орын алған.
1940 жылы Алматыдағы ҚазМУ-дың физика-математика факультетіне оқуға түседі. Бірақ келер жылы Ұлы Отан соғысы басталып, әскер қатарына алынады да, Шыршық әскери училищесіне жіберіліп, көп ұзамай қайнаған соғысқа кіріп кетеді. 1943 жылы Днепр шайқасында қатты жараланып, госпитальдан шыққан соң, Семейге қайта оралады. “Әскерге кеткен уақытымды былай толтырамын”, - деп бекінген болашақ ғалым Семей пединститутының физика-математика факультетіннің толық бағдарламасын бір жылда меңгеріп, институтты үздік бітіріп шығады (экстренно).
21 жасынан факультеттің деканы және математика пәнінің оқытушысы болады. Әуелі тарих пен философиядан орысша лекция оқып, неміс тілінен сабақ береді. Бірақ көп ұзамай тек физика мен математикаға ғана ден қояды.
1949-1953 жылдары Мәскеудегі В.А.Стеклов атындағы математика институтының аспирантурасында оқып, оны өте жақсы аяқтап, “Физика-математика ғылымдарының кандидаты” ғылыми дәрежесімен Семей пединститутына қайта оралады. Институтта математикалық анализ функциялар теориясы, математикалық физика әдістері курстарынан лекция оқиды. Осы институттың проректоры қызметін атқарып, 1954 жылы доцент атағын алады.
1966 жылы Мәскеуде өткен ХІІІ халықаралық математикалық ғылыми конгресіне қатысып, “Теоремы представления вложения” деген тақырыпта баяндама жасайды. Оның әлемдік математика тұғырына көтерілуі осы жылдардан басталады.
Амановтың ғылыми еңбегі математикалық физика саласының аса күрделі проблемалық тарауына жатады. Қазіргі математикалық физиканың қиырсыз кеңістіктегі космостық құбылыстармен қатар микрокеңістіктегі атом, электрон, квант, тағы сол сияқты элементар бөлшектерге тән заңдылықтарды зерттеуге, дифференциалдық теңдеулер арқылы олардың моделін жасауға кең қолданылатынын еске алсақ, оған Амановтың қосқан ғылыми үлесі математика тарихының төрінен берік орын алып отыр деп мақтаныш етеміз.
Төлеубай Ыдырысұлы 1967 жылы Новосибирскіде докторлық диссертация қорғады, 1968 жылдан бастап Алматыдағы математика және механика институтының лаборатория меңгерушісі, 1970 жылдан институттың директоры, ҚазМУ-дің дифференциалдық теңдеулер кафедрасының меңгерушісі, 1972 жылдан Қазақстан Ұлттық ғылым Академиясының мүше корреспонденті.
Төлеубай Ыдырысұлы Қазақстандағы функциялар теориясы және функционалдық анализ мектебінің негізін салушы ғалым. Оның осы салада жарық көрген отыздан астам ғылыми еңбектері әлемдік ғылымның алтын қорына қосылған үлкен үлес. 1976 жылы Алматыдағы “Ғылым” баспасынан оның “Пространства дифференцируемых функций с доминирующей смешанной производной” атты монографиясы жарық көрді. С.Л.Соболев “W-кеңістігі” мен С.М.Никольскийдің “Н кеңістігіңе” ілесе, Амановтың “В – кеңістігі” де ғылым сахынасына көтерілді.
Заңды түрде “Аманов кеңістігі” деп аталған бұл теорияның әуе кеңістігінің ғана емес, жалпы кибернетикалық есептеуге елеулі жаңалық әкелгенін ғылым біледі.
Төлеубай Ыдырысұлының ғылыми жетістіктерін әлем таныды. 1973 жылы оған Америка математика қоғамының президенті Саундерс Мак Ланстың Чикаго университеті математика факультеті атынан жазған хатында былай делінген: “Қымбатты профессор Аманов! Егер Америка математика қоғамы еңбектерінің ішінен сіздің де ағылшын тіліне аударылған еңбегіңізді көрген болсақ, біз үлкен қуанышқа бөленген болар едік. Ал, егер Америка математика қоғамына мүше болу жөніндегі біздің шақыруымызды қабыл алсаңыз бізді екі есе қуантқан болар едіңіз”.
...