Демократиялық қоғамдағы бақ рөлі
Автор: Dianakim20 • Ноябрь 25, 2022 • Практическая работа • 418 Слов (2 Страниц) • 197 Просмотры
Қазіргі таңда БАҚ-ның адамдарға ықпалының арта бастауын байқай отыра, оның индивидтердің іс-әрекетінің қалыптауында қандай рөл ойнайтынын байқай аламыз. Ол қоғам қызығушылықтарын қалыптастыра отыра, бұқаралық сананы қалыптастырушы болып табылады. Қазіргі күнде бұқаралық ақпарат құралдарының төртінші билік саналуы бекер емес. Көпшіліктің саясатта немесе әлеуметтік, экономикалық сфераларда орын алған жағдайларға реакциясы БАҚ-тың ақпаратты қалай жеткізунеде байланысты болып табылады. Яғни, БАҚ өкілдері тек қана индвивидтер санасына ғана емес, олардың іс-әрекетіне ықпал етеді.
Егер тоталитралы қоғаммен салыстырмалы түрде қарастыратын болсақ, демократия орнатылған қоғамда БАҚ-тың рөлі аса жоғары. Антидемократиялық мемлекеттерде бұқаралық қапарат құралдары пропаганда және манипулциямен айналысуы жиі байқалады. Себебі, әлеуметтік немесе саяси процесстерді басқару үшін қоғамдық ойдың болуы басты назарда қарастырылады. Демокартиялық басқару жүйесінде бұқаралық ақпарат құралдары белгілілі бір шеңберден шықпауы тиіс. Яғни, өз пікірін асыра сілтеу, басқарушы рөлін ойнау, басқа көзқарастарға төзгісіз реакция көрсетуден аулақ болуы тиіс. Қазіргі таңда мемлекетке бағынышты емес көптеген бұқаралық ақпарат құралдарының болуы назардан тыс мәселелерді шешуде үлкен рөл ойнайды да, негізгі ақпараттар екінші назарда қалып коюы мүмкін. Бұл жағдайдан біз адамдар құқығының бос сөз болып қалатынын байқаймыз. Оның негізгі себебі ретінде, көптеген коммерциялық БАҚ ұйымдарның негізігі көзі – пайда табу болып табылатынын ескерген жөн. Ал, қарапайым азаматтар көп жағдайда ақпарат өндіруге, дербес пікір білдіру құралдарына тікелей қол жеткізе алмайды.
Егер қоғамда еркін баспасөз болмаса, демократия орын алуы қиын
...