Мемлекет пен діннің бөлінуі, бір – бірінің ісіне араласпауы
Автор: Inzhu020796 • Июнь 3, 2018 • Статья • 1,174 Слов (5 Страниц) • 793 Просмотры
ДІН ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІ
Шукей Інжу Болатқызы
Inzhu020796@gmail.com
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Әлеуметтік ғылымдар факультеті, дінтану мамандығының
3 – курс студенті, Астана, Қазақстан
Ғылыми жетекшісі – А.Избаиров
Дін-бұл әлемдік тарихтағы қол жетімді деректерге қарағанда, адамзат баласы пайда болғалы бері ең көне және әмбебап қоғамдық сана болып табылады . Адамзат қоғамының ерте сатыларынан бастап дін күні бүгінге дейін қоғамдық өмірдің маңызды саласы болып келді және солай бола бермек. Діннің пайда болғалы бері оның индивидуалды жеке адаммен ғана байланысы емес, белгілі бір тайпамен, румен, қаламен, кейіннен толық бір қоғаммен байланыста дамығанын көруге болады. [1] Сондықтанда дінді қоғамдық жүйеден ажыратып қарастыру бүгінде мүмкін емес.
Қоғамның саяси өмірінде де дін айтарлықтай рөл атқарады. Мысал ретінде бірнеше жәйттерді атап өтсек. АҚШ – тағы ұлт – азаттық күрес кезінде діни қайраткерлердің көбі революцияға қатысып, құлдықты жоюға, әйелдерге дауыс беру құқығын беруге және т.с.с. шақырды. Кейбір діндер әділеттілікті бұзған, құдай жолынан тайған басшыларды биліктен қууға халықтың құқығы бар деді. Бірқатар діндер еңбекқорлықты құдайға құлшылық етудің әдісі ретінде қарайды. Кейбір мұсылман елдерінде ислам мемлекетін құру, ел Конституциясының Құранға сәйкес келуін талап ету, шариғат заңдарын сақтау идеялары діннің саяси процесіне ықпал ететіндігін байқатады. Мұнда көңіл аударатын тағы бір мәселе – мемлекет пен діннің ара қатынасы. Адамзат тарихында ол 3 түрлі шешіліп келді:
Мемлекеттік билікті діннің орталығына айналдыру;
Мемлекетті діни мекемелерге бағындыру;
Мемлекет пен діннің одағы;
Қазір ол 2 түрлі шешіледі:
Мемлекет пен діннің имандылық одағының негізінде
Мемлекет пен діннің бөлінуі, бір – бірінің ісіне араласпауы [2]
Алайда өз қызметін толық атқару үшін мемлекетке дін қажет екенін ұмытпау қажет. Өйткені дін қоғамда этикалық қызметтерді атқарып, имандылық ережелерін қалыптастырады. Дін әділетті, қайырымды болуға, кісі ақысын жемеуге, өтірік айтпауға, туыстарын, үлкендерді сыйлауға, ұрлық – қарлық жасамауға және т.с.с. үйретені белгілі.
Мемлекет пен дін арасындағы қарым-қатынастар, діни дәстүрлер кез-келген мемлекеттің тарихы мен ішкі қоғамдық - саяси тұрақтылығына үлкен ықпалын тигізеді. Қазіргі таңда әлемде мемлекет пен дін арасындағы қатынастарының түрлі үлгілері қалыптасқандары белгілі. Сол үлгілердің бірі ретінде зайырлылықты алып қарастыруға болады. Ал зайырлы мемлекет дегеніміз – діннің бөлінуі нәтижесінде пайда болған діни емес, азаматтық нормалар негізінде басқарылатын, мемлекеттік органдардың шешімдері діни негіздері болмайтын мемлекет. Зайырлы мемлекеттің заңнамасы (толықтай немесе ішінара) діни нормаларға сәйкес бола алады; «зайырлылық» діни ұстанымдармен қарама-қайшылығымен емес, олардан тәуелсіздігімен анықталады.[3]
Діни ұйымдардың мемлекеттен бөлінуінің құқықтық мазмұны да әр елде әртүрлі болып келеді. Бірқатар елдерде мемлекет пен діни ұйымдардың бөлінуі қатаң формада болса, оларды бөлу қағидатының көлемі кең болып келсе, екінші бір елдерде мемлекет пен діни ұйымның бөлінуінде аса қатаңдық жоқ, мемлекет діни ұйымдарға қоғамдық өмірдің маңызды бір салаларында айтарлықтай қызмет ету және ықпал ету мүмкіндіктерін береді. Бұндай көрініс, әр мемлекет пен діни ұйымдар арасындағы қарым -қатынастар үлгілерінің әртүрлі болып келуінде, ал бұл өз кезегінде, әр елде қалытасқан тарихи, ұлттық-мәдени, геосаяси және тағы басқа ерекшеліктерге байланысты орын алып отыр.
Сол себепті, зайырлы мемлекеттер өз іштерінде дінге қатысты түрлі саясат жүргізеді, бірақ cоған қарамастан зайырлы мемлекеттер болып табылады. Дәл осы мемлекеттердің дінге қатысты саясаттарындағы ерекшеліктеріне тоқталу үшін, екі зайырлы мемлекетті алып салыстырмалы түрде талдау жасасақ. Бұл мемлекеттердің бірі ретінде өзінің ерекше саясатымен әлемде белгілі болған Түркия мемлекетін, екінші үлгі ретінде зайырлы мемлекет болып табылатын, бірақ өзіндік бір үлгіні қалыптастыра қоймаған Қазақстанды алып отырмын.
...