Марат хасанаевтың архив ісіне қосқан үлесі
Автор: bektaskul • Апрель 3, 2018 • Реферат • 5,292 Слов (22 Страниц) • 1,018 Просмотры
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ..........................................................................................................................................3
I ТАРАУ. МҰРАҒАТ ПЕН РУХАНИЯТ ӘЛЕМІНІҢ ӨНЕГЕЛІ ТҰЛҒАСЫ.........................5
1.1 Марат Жақсыбайұлы Хасанаевтың өмірі мен қызметі.........................................................5
II ТАРАУ. МАРАТ ХАСАНАЕВТЫҢ АРХИВ ІСІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ..............................7
2.1 Марат Хасанаевтың архивке байланысты мақалалары,еңбектері,сұхбаттары..................9
2.2 Мұрағат саласы бойынша жасасқан келісімшарттар ..........................................................11
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................................................12
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................................................13
КІРІСПЕ
“Ұлы мәдениеттер өзінің кішкентай өкілін де жоғалтпайды, ол сонысымен ұлы, ал кіші мәдениет өзінің кішкентай өкілдерін оп-оңай жоғалтып жатады, ол сонысымен кіші”,- деп Олжас Сүлейменов айтпакшы Қазақ тариxында ірі тұлғалардың көп болғаны соншалық оны біріміз танып жатсақ , біріміз ұмыт қалып сол тариxымыздың астарлы қабаттарында қалып қойып жатады. Соның бірі Марат Жақсыбайұлы Хасанаев. Бұл ірі тариxи тұлғамызды бірі білсе, бірі білмейді. Қысқа да болсын мазмұнды өмір кешкен Марат Хасанаевтың мұрағат ісіне қолтаңбасы сайрап жатыр.
Өткен ғасырдың 70 жылдарынан бастап 2000 жылдардың басына дейінгі Қазақ мұрағатына қалыптасуына жан-жақты еңбек сіңірген,ғылыми-ізденістері арқасында мұрағат ісінің гүлденуі мен алға жылжуына ат салысқан, бірден бір үлес қосқан білікті мұрағатшы,ірі мұрағаттың майталман тұлғасы болатын. Жаңа жүзжылдықтың басында – 2002 жылдың 17 қаңтарында – дыбыс тұншықтырғымен жабдықталған тапаншадан атылған оқ Қазақстан «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы төрағасының орынбасары, Орталық мемлекеттік мұрағатының директоры Марат Хасанаевтың өмірін үзіп жіберді...
Ол сонау кеңестік кеңістіктің өзінде-ақ 1969-1974 жылдары Мәскеудің мемлекеттік тариx-арxив институтында оқып жүрген студент шағында қазақ тариxының ақтандықтарын тапжылмай зерттеді.Бұл табанда еңбегі көз қарақты қауымның жадында әлі жаңғырып тұрған қызыл империяның қиын қыстау кезінің өзінде Шығыс Түркістан тариxын зерттеуі Марат Хасанаевтың ұлтжандылығын танытатын азаматтық ерлік еді. Арxив деректеріне сүйене отырып жазған сол мақалалар күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. Арxив ісіне қосқан үлесі нәтижесіне көп адамның тісі бата қоймаған аса нәзік шекара жайлы шетін мәселелерді шұқшия зерттеді. Өзінің қызмет бабы негізіндегі еңбегінің жемісі ретінде кандидаттық қана емес докторлыққа татитын еңбектері жарыққа шыққан болатын.”1920-1941” жылдары Қазақстандағы арxив жұмысының қалыптасуы деп аталатын еңбегі де,”Қазақ соқырлары қоғамының тариxы” мен “Құжаттар мен арxив ісі жөніндегі бүкілресейлік ғылыми зерттеу институты”деген күрделі еңбектері жарияланған болатын. Өзінің еңбек жолын Қазақ КСР Орталық мемлекеттік мұрағатының ғылыми-техникалық құжаттама бойынша аға-ғылыми қызметкері болып бастады. Содан бар болғаны бес жыл өткенде ол Орталық мемлекеттік мұрағат директоры және Бас мұрағаттық басқарма бастығы сынды жауапты мемлекеттік лауазымдарға дейін көтерілді. Мемлекеттік мұрағатты 1979 жылдан 15 жыл бойы үздіксіз басқарған Марат Хасанаев төрт жылдай үзілістен кейін, сол лауазымына қайта тағайындалды. Өйткені ол Республикамыздағы бірден-бір маман мұрағатшы,өз ісінің білгірі мұрағат қызметің өркениетті заман талабына сәкестендіріп, асқан біліктілік пен жандандыры алған ұйымдастырушы,ғылыми тарихшы және қаламы жүйрік публицист болды. Білімді де қарапайым басшы, әдетте ұяң және иіптеп тұйықтау көрінетін бірақ жазуының уыты өткір асыл азамат тарихшы-қаламгер Марат Хасанаевтың баспасөз бетіндегі үні зор әрі өр щығушы еді. Оның публиистикалық ізденіс ауқамы өте кеңдігімен ерекшеленетін.Ол басқарып отырған алып мұрағаттың мол қазынасын жақсы білетін және оларды өз орнымен тиімді пайдалана алатын. “Әділет” атты тариxи ағарту ерікті қоғам ірге тасын қалап, шаңырағын көтеріскенде соның тұнғыш төрағасы академик Манаш Қозыбаевтың тұнғыш орынбасары да Марат Хасанаев еді.Қазақ елі үшін керегі осы қоғамның ауыр жүгін ақысыз- пұлсыз арқалаған Марат Хасанаевтың азаматтық тұлғасы алғаш танып,анық бағасын берген Манаш ағамыздың “ Марат барда біршама жеңіл еді”дегені есімізде.
...