Өмірлік және кәсіпке қатысты қажеттіліктерді қанағаттандырудағы стрестті басқару
Автор: halel.togzhan • Февраль 11, 2023 • Реферат • 1,308 Слов (6 Страниц) • 266 Просмотры
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЗИКА-ТЕХНИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
[pic 1]
«БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫ» БОЙЫНША
№1 МОӨЖ/МӨЖ
Өмірлік және кәсіпке қатысты қажеттіліктерді қанағаттандырудағы стрестті басқару.
Орындаған:
«Физика-7М05308»
Халел Тоғжан Қанатқызы
Тексерген:
Э.К.Қалымбетова
[pic 2]
Алматы, 2023 ж.
Өмірлік және кәсіпке қатысты қажеттіліктерді қанағаттандырудағы стрестті басқару.
(презентациялы-баяндама)
Позитивтілікке бағыттылық – негативті ой адамды кері тартатын тежеуіш күш болса, позитивті ойлап, мүмкіндіктерді көре білу – жетістіктерге жету мен адамның тұлға ретіндегі дамуының кілті.
Мұхаммед пен Рашид Әл Мактум
Жұмыста негізгі кәсіби қажеттіліктің болмауы немесе оның қанағатсыз қалуы адам өмірін мәнсіз қылып, өмірге деген құлшынысын психологиялық тұрғыда жағымсыз эмоциялармен жүйке жүйесін жаулап, стресстік ситуацияларға әкеліп соғады. Басқару қызметтерінің, яғни өндірістік және әлеуметтік-психологиялык функцияларының нормаға сай орындалуы кәсіби қажеттілікті қамтамасыз етеді, оның болмауы кәсіби түрде стрессті басқаруды талап етеді.
Стресс дегеніміз — ағзаның қиын жағдайға қайтаратын жауабы. Бұл кезде адамның миы бүкіл ағзаға өте көп мөлшерде гормон бөліп, нәтижесінде жүрек қатты соға бастайды, қан қысымы жоғарылайды, тыныс алу жиілейді, бұлшық еттер жиырылып қалады. Не болып жатқанын сіз өзіңіз толық сезінбей жатқанда-ақ, ағзаңыз қауіппен күресуге дайын тұрады. Стрестік жағдай аяқталған соң, ағзаңыз “дабыл қағатын” күйден қалыпты күйге түседі.
Қазіргі таңда ғалымдар психологиялық стрессті эвстресс (жағымды стресс) және дистресс(жағымсыз стресс) деп бөледі. Эвстресс кезінде өзін-өзі тану процесінің және танымдық процесстердің белсенділігі жүзеге асады. Жұмыс жағдайында пайда болатын дистресс жұмыс уақыты болмаса да кең ауқым алады.
Өмірлік стресстер туралы біршама толық жіктеуін ұсынған Р. Т. Wong болды. Тағы да бір аумағы – тұлға ішілік стресс. Біздің сыртқы әлемге деген көптеген талаптарымыз бен оның бізге әсері осы стресс түрімен байланысты. Стресстің бұл түрі орталық күш болып, өміріміздің барлық аумағына әсер етеді. Егер адамның ішкі әлемі реттелмесе, онда ол біздің сыртқы әлемге кері әсерін тигізеді және тұлғааралық өзара қатынасты бұзады. Сонымен қатар, бұл топқа орындалмайтын күтілімдер, шынайыланбаған қажеттіліктер, мақсатқа бағытталмаған әрекеттер немесе мағынасыздық, жабысқақ естеліктер, оқиғаны адекватсыз бағалау және т.б. жатады.
Кәсіби қызметтегі стресс − бұл адамның және жалпы ұйымның қаржылық, Әлеуметтік және психологиялық тұрақтылығына әсер ететін деструктивті жағдай.
Кәсіби қызметтің қазіргі жағдайында стресс − маңызды ұйымдастырушылық және әлеуметтік мәселе, ұйымдағы тұрақтылыққа және жалпы қоғамдық өмірдегі адамдардың мінез-құлқына әсер етеді. Қазіргі заманғы компания қызметкерлері мен қоғамның көп бөлігі технологиялық прогреске байланысты және әлеуметтік-экономикалық өмірдің қарқындылығына байланысты күйзеліске ұшырайды
Кәсіби қызметттің физикалық және эмоционалдық күйзелістің әсері мен жоғары қарқындылық пен үлкен жұмыс көлемінің көпшілігінен жүйке ауруларына әкеліп соғады. Компаниядағы адамдарға да, жалпы компанияға да қызметкерлердің бастан кешіретін стресстері кәсіби өнімділік қызметтеріне жойқын әсер етеді.
Ұйым деңгейінде стрессті басқару әдістері мыналарды қамтиды:
1.Әлеуметтік қолдау,
2.Психологиялық тренингтер өткізу,
3.Сауықтыру бағдарламаларын жүзеге асыру,
4.Релаксация әдістерін қолдану,
5.Психологиялық кеңес беру.
...