Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар

Автор:   •  Ноябрь 24, 2021  •  Лекция  •  3,087 Слов (13 Страниц)  •  1,712 Просмотры

Страница 1 из 13

№ 15 тақырып. ӘЛЕМДІК САЯСАТ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

1. Әлемдік саясат ұғымы және халықаралық қатынастар жүйесі. Геосаясат.

2. Халықаралық қатынастардың субъектілері.

 3. Қазіргі заманғы жаһандық проблемалар.

 1. Әлемдік саясат ұғымы және халықаралық қатынастар жүйесі. Геосаясат. Әлемдік саясат - деп біз жекеленген елдер көлемінде аймақтық және жаһандық деңгейде жүріп жатқан, белгілі бір саяси мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған әлеуметтік қауымдастықтар мен институттардың, ұйымдар мен топтардың, жеке тұлғалардың бірлескен іс-әрекетін айтамыз. Әлемдік саясат әлемдік қауымдастықтың шеңберінде жүргізіліп, адамзаттың жаһандық проблемаларын шешуге бағытталады. Көптеген қоғамдық-гуманитарлық пәндер қазіргі таңда адамзат қауымдастығында болып отыратын әлеуметтік, саяси, мәдени, экономикалық, әскери және т.б. күрделі үрдістер жиынтығын «халықаралық қатынастар» деген терминмен түсіндіріп жүр. Саясаттану, әлеуметтану, философия, тарих, құқықтану секілді қоғам туралы пәндер көп дәрежеде «халықаралық қатынастар», «халықаралық саясат» және «дипломатия» деген ғылыми категориялармен тығыз байланысты. Отандық және шетелдік ғылыми әдебиетте бұл категориялардың аражігі әртүрлі түсіндіріледі, әрқилы талданады, сондықтан осы ұғымдардың әрқайсысына қысқаша түсіндірме бере кеткен жөн. Жоғарыда аталынған категориялардың ішіндегі басты, жетекші орынды иемденетін ұғым – «халықаралық қатынастар» термині. «Халықаралық қатынастар» ұғымын талдай отырып ескеретін жайт, бұл ұғым бір қалыпты түсіндіріліп, түрлі тарихи кезеңдерде біржақты болып қалған емес, керісінше өз бойына түрлі уақыттардағы эволюциялық дамудағы өзгерістерді жинақтай отырып, қазіргіше түсінікке ие болған. Саясаттанушы ғалымдар «халықаралық қатынастардың» даму динамикасына үлкен деңгейде әсер еткен мынадай екі сыртқы орталық факторды бөліп көрсетіп жүр: бірінші фактор — әлеуметтіктен тыс немесе әлеуметтік емес; екінші фактор — әлеуметтік немесе адами қоғам факторы. 196 Бұндағы әлеуметтіктен тыс немесе әлеуметтік емес фактор сыртқы ортамен адамзаттың өзі мен адамзат қоғамы пайда болғанға дейінгі кезеңдегі халықаралық қатынастар жүйесінің ерекшеліктерін түсіндіреді. Яғни, табиғаттың жаратылысындағы алғашқы күйі, қоршаған сыртқы ортаның табиғи заңын өзгертуге әсер етуші ірі субъект — адамдардың ықпалына дейінгі әлемдік қозғалыстың жүйесі. Бұл жерде, адамнан гөрі жаратылыстың, сыртқы қоршаған орта, табиғаттың әсері басымдыққа ие. Бірақ, әлеуметтіктен тыс фактордың әлеуметтік фактордан айырмашылығы халықаралық қатынастардың табиғатына, әсеріне, баяу түрдегі даму эволюциясына басымдық береді. Мысалы, материктер мен мұхиттардың және теңіздердің шектік белгілері, алып таулар мен қыраттардың орналасуы мен өзіндік сипаттамалары бірнеше мыңдаған жылдар бұрынғы қалпын сақтап қалып отырады. Бүгінгі таңда әлеуметтік емес ортаның өзі де үлкен дәрежеде техника мен технологиялық прогрестің, индустриялизацияның ықпалын басынан кешуде және де халықаралық қатынастардың жүйесіне келгендегі өзінің алғашқы қалыптастырушылық ролінен айрылып, жанама түрдегі ықпал факторына айналып оты. Демек, табиғи ресурстардың шектелуі, экологиялық жүйедегі үлкен өзгерістер, адамзаттың төл туындылары - ақпараттану мен техниканың бұрын-соңды болмаған үлкен дамуды бастан өткеруі адамдар қауымдастығының күнделікті өмірінде, ұлттар мен мемлекеттердің және халықтар арасындағы қатынастарда ескерусіз қалуы мүмкін емес. Енді әлеуметтік, немесе, адами қоғам факторы туралы айтар болсақ, оның халықаралық қатынастар жүйесіне әсері аталынған бірінші фактордан гөрі едәуір басым және үлкен динамикалық сипатқа ие болып отырғандығын байқаймыз. Жалпы әлеуметтік орта деп, — адаммен бірге пайда болған және де қоғамның өмірін анықтайтынның барлығын айтамыз. Бұлар саясат, экономика, техника, технология, идеология, дін, мәдениет және т.б. Әсіресе, соңғы ғасырларда халықаралық қатынастардың эволюциясының дамуына үлкен ықпал еткен транспорттық және ақпараттық технологиялардың жетілуі мен қарыштауы сияқты әлеуметтік орта факторларын айтуға болады. Сондықтан да, ХХІ ғасырды ақпарат пен жоғары технологиялар дәуірі деп те атап жүр. Енді тақырыптың негізгі ұғымның өзегіне көшсек, «халықаралық қатынастар» термині international relations терминінің қазақ тіліндегі баламасы болып табылады. Алғаш рет оны ХVІІІ-ХІХ ғасырларда 197 ағылшын философы Джеремия Бентам ғылыми айналымға енгізген болатын. Осы дәуірлер тоғысында «халықаралық қатынастар» ұғымының пайда болуы кездейсоқ болған емес, өйткені бұл кезеңде Батыс Еуропада тәуелсіз ұлттық мемлекеттер жүйесі пайда бола бастады, ұлттар мен халықтар арасындағы қатынастар тек қана монархтар мен жеке дара билеуші династиялар арасындағы символдық сипатта ғана емес, кең, әрі шынайы түрде ұлттар мен халықтар бірлестігінен құрылған, өздері өкілеттік берген этностық-ұлттық топты танытатын мемлекеттер арасында бір ізділікте қалыптасып, дами бастады. Бір мемлекеттің үкіметі мен дәл сондай екінші мемлекет үкіметі арасында орнаған ресми байланыстар тек мемлекеттік құрылымдар арасында ғана емес, сонымен қатар, мемлекеттердің азаматтық қоғамдарының түрлі субъектілері арасында орнатылып, сақталып, халықтар арасындағы қатынастар дамып отырды. Дегенмен, мемлекеттер арасындағы байланыстардағы транспорттық, ақпараттық технологиялардың әлсіз жетілу дәрежесі көпке дейін жекелеген субъектілер арасындағы тұрақты байланыстың болуына кері әсер етіп, үлкен материалдық қажеттіліктерді талап етті, көптеген мүмкіндіктерді шектеп отырды. Уақыт өте келе әлеуметтік жүйенің жетілуі, транспорттық және ақпараттық коммуникацияның қарыштап дамуы экономика мен саясат және халықаралық қатынастар аясына үлкен әсер етті. Халықаралық саяси қатынастарды әлемнің негізгі саяси процестері мен қатынастарының бір саласы – халықаралық саясат ретінде де қарастыруға болады. Ол тарихи дамудың кезеңі барысында өмір сүріп келе жатқан халықаралық экономиканың негізінде қалыптаса бастады. Бұның барлығының куәгері ретінде, әлемде туындап отырған халықарлық дағдарыстар, оның артынша туындаған халықаралық соғыстар – қарулы қақтығыстар бұрын соңды болмаған үлкен деңгейдегі масштабтарды қамтып отыр. Кейбір зерттеушілер «әлемдік саясат» және «халықаралық саясат» терминдерін синоним сөздер ретінде қолданып жүр. Бірақ бұларды бір ұғым деп қарастыру жөнсіз болар еді. Әлемдік саясат тек ғаламдық көлемдегі халықаралық саясат қана емес. Әлемдік саясаттың пайда болуы бүкіл саясат дүниесін бүтіндей өзгертіп отырған құбылыс десек те болады, тіпті саясат атаулының жаңа даму эволюциясының сипаты. Осы жерде, «әлемдік саясат» бұған дейін жүздеген жылдар бойы өмір сүріп келген «халықаралық саясаттан» несімен ерекшеленеді?» деген заңды сұрақ туындайды. Қазіргі уақытта олардың ара жігін: проблемалардың құрылымы, мәні мен мазмұны, соның шегіндегі қатысушы субъекттердің мінез-құлқы мен іс әрекеті және басқа да көптеген факторлар бөлектеп тұр. Әлемдік саясат өз құрамына халықаралық саясатты біріктіреді, дегенмен, толығымен оның сипатын көрсетпейді, тіпті одан өзіне қатысушы субъектілер санымен де, мәселелерінің кеңдігімен де ерекшеленіп отырады. Осылайша, әлемдік саясат пен халықаралық саясаттың, халықаралық саясат пен халықаралық қатынастардың арсындағы арақатынастар айтарлықтай күрделі әрі үнемі ауыспалы қозғалысқа ие. Әлемдік саясат деп барша дүние жүзінің даму векторын айқындайтын, оның ауқымынан ешбір саясат субъектісі тыс қалмайтын кең көлемдегі саясатты атаймыз. Әлемдік саясат жекеленген кейбір халықаралық саяси субъектілердің әрекетіне бағына қоймайды, керісінше олардың барлығын да бағындырады. Аталмыш саясат мысалы, адамзаттың жаһандық проблемаларына байланысты туындауы мүмкін. Себебі, халықаралық саяси қатынастар жалпы халықаралық қатынастар құрылымын құраушы жетекші элемент бола отырып, әлемдік саясаттың атқаратын қызметі мен құрылымын толығымен қамти алмайды. Сол құрылымға кіретін халықаралық экономикалық қатынастар, әлемдік саясатқа сыртқы орта ретінде қатынасқа түсетін әлемдік экономиканың шеңберінде қалыптасып қызмет атқарады. Әлемнің дамуы жолындағы жаңаша сипаттағы келелі мәселелердің жинақтала өсуі жаһандық деңгейдегі көптеген жаңа үкіметтік емес ұйымдар мен қозғалыстардың пайда болуына алып келді. Олардың көбісі алғашқы сипаты бойынша саяси мақсаттарды көздемеген, біртіндеп әлемдік саяси құбылыстарға қосыла келе саяси формаға ауысып, уақыт өте келе жаһандық саяси субект кейпіне енді. Халықаралық саясатқа тән дәстүрлі мемлекетаралық дағдарыстық жағдайлар мен мемлекетаралық серіктестік мәселелеріне бүгінгі таңда әлемнің экономикалық, әлеуметтік және саяси дамуының жолында тұрған көпмақсатты таңдаулар мен бағыттар қабаттаса келе, ондағы түйінді мәселелерді толықтырып күрделендіре түсуде. ХІХ ғасырдың екінші жартысында ғаламдық саяси идеологиялар (либерализм, консерватизм, социализм және т.б.) негізінде жетіле бастаған халықаралық саяси қозғалыстар кемелдене келе жаңа үлгідегі саяси тәртіпті қалыптастыра отырып барша қоғамның дамуына қатысты көптеген өзіндік нұсқаларды ұсына бастады. Бұл қозғалыстар 199 дүниежүзілік дәрежеде институционалдана отырып әлемдік саяси сахнада жекелеген ұлттық мемлекеттердің көптеген партияларын, топтары мен қозғалыстарын біріктіре келе, халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың үлкен желісін жасақтау үстінде. Ішкі және сыртқы саясатты бөлектеп тұрған ұлттық мемлекеттік шекаралар әлсірей келе, ХХ ғасырдың соңына таман тек қана шартты белгі ретіндегі өзінің жаңа рөлін иемдене бастады. Осы уақытқа қарай әлемдік саясатқа өзектілік алып берген қазіргі заманның басты проблемалары болып отырған: экологиялық, демографиялық, энергетикалық, сауда-саттық, қаржы-экономикалық сияқты жаңа мәселелердің доминанттылығы арта түспесе кеміген емес. Осыдан келіп бүгінгі таңдағы әлемдік саясаттың ерекше бір түрі жаһандану процесі маңызды рольге ие болуда. Жаһандану деп қазіргі таңда қарқынды қарыштап жүріп жатқан әлемдік ортақ экономикалық, мәдени, ақпараттық, қауіпсіздік кеңістікті құруға ұмтылу процесін айтамыз. Әлемдік саясаттың бір саласы – халықаралық қатынастар. Халықаралық қатынастар деп біз әлемдік қауымдастықтың негізгі субъектілері арасындағы саяси, экономикалық, әлеуметтік, дипломатиялық, құқықтық, әскери және гуманитарлық байланыстардың жиынтығын айтамыз. Халықаралық қатынастар негізінен сыртқы істер министрліктері мен соған барабар саяси және мемлекеттік құрылымдар мен қайраткерлер тарапынан жүргізіледі. Аталмыш саясатты жүзеге асыруда көптеген факторлар жетекшілік сипатқа ие болып, көптеген процестерді қамтиды. Бұл қатынастардың негізінде жатқан осындай факторлардың ішіндегі ең маңыздыларының бірі – геосаясат.

...

Скачать:   txt (46.1 Kb)   pdf (140.5 Kb)   docx (18.1 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club