Әлемдік саясаттың жаһандануы-алықаралық қатынастарға кіріспе
Автор: anell000 • Октябрь 24, 2021 • Реферат • 2,346 Слов (10 Страниц) • 498 Просмотры
Әлемдік саясаттың жаһандануы-алықаралық қатынастарға кіріспе
Репорт
Халықаралық қатынастарда соғыстың алатын орны ерекше. Соғыс та дипломатия сияқты уақыт өткен сайын дамып, әлеуметтік шарттарға байланысты өзгеріп отырады. Соғысты түсінетін пікірлер өте көп, біреулер жауға қарсы соғысқа дайындалып, соғысу керек деп санаса, енді бірі туындаған мәселелерді мемлекеттер мен адамдар арасындағы келіспеушілік қақтығыстар, дау дамайды реттеу арқылы шешу керек деп санайды. Бұл тарауда жалпы соғыстың не екенін оның халықаралық қатынастарды зерттеу саласындағы маңыздылығы, Жаһандық Оңтүстік пен Солтүстіктегі қоғамдар мен саясатқа қалай әсер ететіні талданады. Жаһандық Оңтүстік пен Солтүстіктегі соғыс пен қоғам террорға қарсы соғыста жаңа жолдармен өзара байланыс орнатты Соғыс саяси құрылымдар мен ұйымдасқан зорлық-зомбылық. Сондай - ақ қазіргі заманғы мемлекет , қарулы күштер және соғыс арасындағы тығыз байланысқа баса назар аударылады . Ұлттық және халықаралық көзқарас тұрғысынан алганда , соғыстың екі түрі бар : бір мемлекет шiндегi азамат соғысы және бірнеше мемлекеттер арасындағы халықаралық соғыс . Ел iшiндегi топтар егемен мемлекетке бақылау орнату үшін өзара күрескенде немесе қандай да бір топ немесе топтар бөлініп шығып , өз мемлекетін құрғысы келген кезде азамат соғысы болады, оған мысал ретінде Испания және Америкадағы азаматтық соғыстарды жатқызуға болады.Ал соғысқа екі не одан да көп тараптар қатысса халықаралық соғыс болып саналады, мысалға Иран мен Ирак арасындағы қақтығыстар.Соғыстың негізгі сипатын, түрлерін және стратегиялық идеясын ерекшелеп зерделеуден бастап, соғыс философы Карл фон Клаузевицтің еңбегі көрсетілген. Клаузевиц соғыс табиғатын « үштік » ұғымы арқылы түсiндiруге тырысады . Үштік яғни үш түрлі фактор немесе үрдістен тұрады , олардың әрбірі көптеген комбинация құра отырып өзгере алады . Клаузевицтің ойынша , қандай да бір соғыстың тарихи мысалында әрқилы комбинациямен келген соғыстың үш түрлі үстем үрдісі болған . Олар : құштарлық , мүмкіндік және ақыл - ой. Сонымен қатар қосымша түсінік қалыптастырған соғыстың екі түрін ұсынады: шектеулі соғыс- аса маңызды емес мақсат үшін жүргізіледі ал жаппай соғыста елдің аман қалуы шешуші рөл атқарады. Соғыста қарулы күштердің алатын орны маңызды. Қарулы күштер- саяси биліктің маңызды негізі. Әрбір мемлекет соғысқа әрдайым дайын болады, оның негізі әскер күштің мықтылығымен есептеледі. Халықаралық қатынастар саяси өте мазмұнды , қызықты және өзекті зерттеу саласы . Сан алуан теориялық негізге сүйенген бұл сала ауқымды эмпирикалық зерттеулерді қамтиды . Ол туралы қызу пікірталастар күшке қатысты сұрақтардың төңірегінде өрбиді,әлемімізді қалыптастыратын және күнделікті өмірімізге мейлінше әсер ететін жаһандық саяси экономикадағы оқиғалар халықаралық саяси экономиканың тақырыптары мен идеяларына тікелей байланысты . Конструктивист ойшылдар өз идеяларын екі негiзгi ұйғарымға негіздейді : біріншісі халықаралық саясаттың негiзгi құрылымы әлеуметтік тұрғыдан қалыптасады және халықаралық қатынастар туралы пайымдық жүйемізді өзгерту халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға көмектеседі . Кей конструктивист ойшылдар неореалистердің көп ұйғарымын қабылдайды , бірақ «құрылымның» тек материалдық мүмкіндіктерден тұратыны жайындағы көзқарасын жоққа шығарады . Олар ортақ білім , бірегейлік ,сондай - ақ материалдық мүмкіндіктер тұрғысынан анықталған әлеуметтік құрылымның маңызын ерекшелеп көрсетеді . Жоғарыда талданған Жаһандық және халықаралық қауіпсіздік туралы қазіргі пікірталастар негізінде сабақтастық пен өзгерістер жатыр. Жаһанданудың ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіре алуы рас, себебі оның кей кездері кері әсерлері де болады.Әлемдік саясатта маңызды өзгерістер болып жатқанына қарамастан халықаралық қауіпсіздікке қатысты түсінікктер әлі де сақталып келуде. Қырғиқабақ соғыс аяқталып, Шығыс пен Батыс қарым қатынастарындағы өзекті ядролық қақтығыс жойылып, әлем қазіргі кезде қауіпсіз мекенге айналған. Бұл тарау аталмыш зерттеу саласына кіріспені , сондай - ақ оның қазіргі жаһандануды зерттеу саласына қосатын үлесін қарастырады . Tapay халықаралық саяси экономиканың теориялық контурына және бұл саладағы басты тәсілдердің қалай дамығанына шолу жасаудан басталады . Жаһанданудың қалай дамығаны және халықаралық саясат экономистерінiң бұл процестердің артында тұрған қозғаушы күштерді қалай түсінгені зерттеледі . Екіншісін талқылағанда жаһанданудың салдарына тереңірек үңіледі,әсіресе теңсіздік , еңбекті канау және жаһандық миграция туралы халықаралық экономика талқылауларын қарастырады. Халықаралық саяси экономика сөзін түсіндіретін болсақ- халықаралық қатынастар мен саяси экономика және саясаттанудан алынған теориялық көзқарастарға ,сондай - ақ басқа да пәндерден туындаған идеяларға негізделген бай жане жан-жақты сала деп түсінеміз. Соғыстан кейінгі кезең халықаралық экономикалық тәртіпті қайта орнатуға бағытталған халықаралық ынтымақтастықтың артуымен және ұзаққа созылған соғыс пен дағдарыстан кейін экономикалық ашықтықты қалпына келтірумен ерекшелендi. Бұл тарауда халықаралық саяси экономика саласының жаһандануды жете түсінуге мүмкіндiк беретін мәліметтер айтылды . Келесі тарауда жаһандық саясаттағы гендердің ықпалы туралы болады . Гендер ұғымын түсінумен қатар оның ұлттық қауіпсіздік тен бастап бұқаралық мәдениетке , халықаралық экономикадан бастап БҰҰ - ның бағдарламала рына дейінгінің бәріне әсер ететінін байқаймыз. Ол бір құбылыстың жиынтығымен әрі тек әйелдерге қатысты мәселелермен шектелмейді яғни кең ауқымды .Тарауда гендер қалай сипатталады , оның жыныстан айырмашылығы қандай , гендер саласының ғалымдары мен феминистердің мәні және олардың зерттеу нысанын жаһандық саясаттың бір бөлігі болу себептері деген сияқты тармақтар қарастырылады. Сонымен қатар гендерлік теңсіздік – қазіргі заманғы саяси пікірталас тың ең басты тақырыбы . Халықаралық ұйымдардың да біразы гендерлік көзқарасқа көңіл аударуда. Гендер соғысқа дайындық,соғыс барысы және соғыстан кейінгі уақытта маңызды рөл атқарады . Гендер саяси зорлық - зомбылық барысында қайта қалыптасады , алайда стереотиптік гендерлік рөлдер соғыстан кейін қайта пайда болуы мүмкін . Гендер саясат пен соғыска араласуымен қатар , жаһандық экономикадағы билікті стратификациялайды . Гендер экономикалық қызметтің ресми және бейресми екі түрі үшін маңызды. Жаһандық саясаттың гендер араласпаған бірде - бір саласы жоқ десек болады. Сонымен қатар гендер барша жаһандық саяси құбылыстың негізгі себебі емес.Керісінше гендер -күш , саяси динамика және бірегейліктің басқа формаларымен әрекеттесетін күш құрылымы , өзгермелі динамика және бірегейлік желісі .Гендер негізгі жыныстық айырмашылықты емес , жеке тұлғалар мен қоғамның бірегейлігін анықтайтын , маскулиндік және фемининдік идеяларын қолданатын бай әрі сан алуан тәсілдерді білдіреді. Әлемдік саясаттағы нәсіл мәселесі. Нәсіл қашанда халықаралық қатынастар пәні үшін негізгі мәселелердің бірі болып саналады. Нәсілшілдік не дейтін болсақ ол адамзатты иерархияға жіктейтін, биологиялық бөлініске негізделуі деп түсіндіреді.Нәсілге адамзатты жеке топтардың иерархиясына бөлетін әлемдік саясаттың тәртібін анықтаушы негізгі принцип peтiнде қарайтын түрлі тәсілдер бар.Тарауда нәсiлдiң пайда болуын , алдымен , Атлант әлемін , кейін әлeмнің түкпір түкпірінe кeңейген еуропалық имперализмдi қалыптастыру арқылы әлемдік саясаттың тәртібін анықтаушы принцип ретінде қарастырады . Одан соң , нәсілдің ХХ ғасырдағы екі дүниежүзілік соғыс пен кырғиқабақ соғысқа катысы зерттеледі . Халықаралық құқық- мемлекеттерге ықпалды қызығушылықтың қызмет етушісі. Халықаралық тәртіпті орнату үшін құқық бекітіліп, халықаралық институттар құрылған болатын. Соғыс- халықаралық өмірдің өзіне тән ерекшеліктері болғанымен, мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және мүдделерін жүзеге асырудың өрескел және нәтижесіз тәсілі. Мемлекеттер өзара ынтымақтастығын арттырып мәселелерді шешу жолдарына ықпал ететін халықаралық құқық пен институттарды құрды. Мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық пен тәртіпті түсінуге қажет қалыптасқан басты институттардың ішіндегі ең маңыздысы - халықаралық құқық болып табылады. Халықаралық құқық, ең алдымен, халықаралық тәртіпті реттеу, яғни егемен мемлекеттердің негатив еркіндіктерін қорғау үшін қалыптастырылғанға дейін салыстырмалы түрде шектеулі бірақ, айтарлықтай манызды институт болып есептеледі. Халықаралық құқықтың қазіргі институттары тереңге бойлаған тарихи тамырына байланысты, ең алдымен, олардың саяси либерализм құндылықтарына негізделген бірқатар ерекше сипаты бар. Халықаралық құқықтың қазіргі институттарының ең басты ерекшелігі – заң шығарудың көпжақты формасы, құқықтық міндеттемелердің келісімге негізделген формасы, негіздеудің тілі мен тәжірибесі және оның институттық дербестік дискурсы болуы. Халықаралық құқықтың басты субъектісі мен объектісі мемлекеттер болып табылады. Ол мемлекетаралық қарым қатынасты реттеумен қатар, оның қамту саласымен айналысты. Сонымен қатар халықаралық құқықтың теориялық тәсілдері жіктеледі. Реалистер құқық арқылы бейбітшілік әкелу деген либерал идеалистік түсінікке қарсылық танытады. Неолибералдар өз пайдасын ойлайтын мемлекеттердің халықаралық құқықтық режимдердің күрделі желісін қалай қалыптастыратынын түсіндіреді.Конструктивистер халықаралық құқықты мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің халықаралық қатынастарға араласуына жағдай жасайтын нормативтік құрылымдардың бір бөлігі ретінде қарастырады. Жаңа либералдар мемлекет таңдауының, тиісінше халықаралық құқықтың мемлекет ішінен бастау алатынын баса айтады. Олар халықаралық құқық саласына келгенде, трансұлттық құқықтық интеграция мен өзара . іс-қимылды түсіну үшін мемлекетті бөлшектеу қажеттігін ерекшелеп, халықаралық гуманитарлық құқыққа артықшылық береді. Практикалық теоретиктер құқықтық міндеттемелер мәжбүрлеу, келісім беру немесе легитимдіктен заңдылықтан туындайды деген пікірге күмән келтіріп, керісінше, оның халықаралық құқық практикасына араласудың жемісі екенін айтады. Әлемдік саясаттағы халықаралық ұйымдар, яғни ұйымдардың әлемдік саясатқа ықпалы қарастырылады. Бұл тарауда халықаралық ұйымның не екені анықталып, олардың халықаралық жүйеде артуы зерттеледі. Содан кейін мемлекеттерді ресми көпжақтылық жолымен ынтымақтасуға итермелейтін себептерді ашып көрсетеді. Халықаралық ұйымдардың кеңінен тарауына байланысты олардың қызметін түсіндіретін әртүрлі теориялық тәсіл жасалды. Халықаралық ұйымдарды түсінуге арналған либерализм, реализм, әлеуметтік конструктивизм және марксизм секілді халықаралық қатынастар пәнінің басты теориялық тәсілдері халықаралық ұйымдардың мінез-құлқы мен олардың өзгеру қабілетін егжей-тегжейлі зерттеудің жолдарын ұсынады. Халықаралық ұйымдар халықаралық ынтымақтастық алаңына айнала отырып мемлекеттерге қоғамдық игіліктерді қалыптастыруға, содан кейін сол игіліктерді жүзеге асыруға және берілуін қамтамасыз етуге араласа алады. Барлық мемлекеттер қандай да бір халықаралық ұйымға мүше болуды таңдауда тең деп мойындалған, бірақ бұл олардың ұйым ішіндегі ықпалы да тең деген сөз емес. Мысалы БҰҰ Бас Ассамблеясы сияқты кейбір халықаралық ұйым барлық мемлекетке теңдей дауыс беру мүмкіндігін берсе, Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк секілді ұйымдар мұндай мүмкіндік бермей, өкілеттікті мемлекеттердің материалдық салымдарымен байланыстырады. Келесі тарауда БҰҰ-ның дамуы, сондай-ақ 1945 жылы құрылуы, құрылған кезінен бастап басынан өткізген өзгерістері мен сынды-қатерлеріне көңіл бөлінеді. БҰҰ мемлекеттердің тобын білдіреді, сондықтан да «мемлекеттер – халықаралық жүйенің негізгі бірліктері» деген түсінікті негізге алады. БҰҰ институттары ірі державалар консенсусы дәстүрі мен мемлекеттердің теңдігін назарға алатын универсализм дәстүрінің күрделі гибридін көрсетеді. БҰҰ егемен мемлекеттердің тобы ретінде құрылған болса да, бұл тарауда БҰҰ институттарының өте ауқымды қызметтерді атқару міндетін алғаны, сонымен қатар мемлекеттердің ішкі ісіне мейлінше белсенді араласа бастағаны айтылады. БҰҰ Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін мемлекеттер арасындағы бейбітшілікті сақтау мақсатында құрылды. Үкіметтік емес ұйымдар жайлы да нақты ақпараттар көрсетіледі. Трансұлттық үкіметтік емес ұйым мемлекеттен азаматтық қоғам өкілі болып саналуымен және халықаралық құқықтық субъектілігінің болмауымен ерекшеленді. Трансұлттық үкіметтік емес ұйымның мемлекеттен қарым-қатынасы толығымен тәуелсіз болудан бастап мемлекеттен алатын қаржысы немесе үкіметке көрсететін қызметіне байланысты оларға тәуелді болуға дейін өзгеріп отырады. Аймақтық ынтымақтастық – оқшауланған емес, жаһандық құбылыс, мұндай интеграцияның себептері, түрлері және нәтижелері арасында өте үлкен айырмашылық бар. Аймақшылдық – жаһандану процесі , аспектілерінің бірі, ал бір аймақта болған оқиға өзге аймақтағыларға да әсер етеді. Аймақтық ірі интеграция мен ынтымақтастыққа итермелейтін күштер сияқты, бұл талпыныстардың алдындағы кедергілер де әр құрлықта әртүрлі. Аймақшылдық жаһандық құбылыс ретінде сақталуы мүмкін, бірақ Жер шарының әр бөлігінде жасалып жатқан аймақтық келісімдер арасында өзгешеліктер бола бермек. Кітаптың соңғы бөлімінде қазіргі әлемдік саясаттың негізгі мәселелеріне шолу жасалады. Қоршаған орта және ядролық қару сияқты кейбір мәселеде жаһандық апатқа ұшырату қаупі бар. Ұлтшылдық, гуманитарлық интервенция сияқты мәселелер біз өмір сүріп отырған әлемді сипаттайтын бөліну және бірігу процестері туралы сұрақтар туғызады. Алайда терроризм, әлемдік сауда мен әлемдік қаржы, адам құқықтары, қауіпсіздік, кедейлік, даму және аштық сияқты келесі мәселелер жаһанданумен түп-тамырынан байланысып жатыр. Қоршаған орта халықаралық қатынастарды зерттейтін ғалымдар үшін тиімді халықаралық ынтымақтастық туғызатын жағдайды анықтауда өсу алаңына айналды.Қоршаған орта мәселесіне қатысты халықаралық кездесулер экологиялық мақсаттармен қатар саяси мақсаттарға да қызмет етеді.Халықаралық ынтымақтастықтың негізгі қызметі – трансшекаралық мәселелерді реттеу. Алайда қоршаған ортаны қорғау шаралары дүниежүзілік сауда режимі нормаларына қайшы келуі мүмкін. Экологиялық мәселелерге мән берілуі жаһанданумен тығыз байланысты, өйткені тұтыну деңгейі, ресурстардың азаюы және ұлғаюы тұрғысынан жаһандану жердің мүмкіндіктеріне қысым жасайды. Жаһандану, сонымен қатар трансұлттық «жасыл» саясаттың белең алуына, сондай-ақ Қоғамға ақпарат беріп, халықаралық конференцияларға ықпал ететін, тіпті мемлекеттер жасаған келісімдердің орындалуын бақылайтын үкіметтік емес ұйымдардың көбеюіне септесті. Жаһандық терроризм жаһандануға қатысты мәдени, экономикалық және діни терминдердің көмегімен түсіндірілді. Бірақ олардың өзара байланысының түсіндірмелері жеткіліксіз. Жаһандануға байланысты технологиялар террорлық топтардың бұрынғыдан да жойқын, күресуге қиын қимыл жасауына мүмкіндік беріп отыр. Бірақ керісінше : мемлекеттер технологияларды терроризмнің әлемдік қаупін төмендету үшін де пайдалана алады. Ең алдымен, терроризмнің зорлық-зомбылықты қолдануы. Терроризмде зорлық-зомбылық тактикасы әртүрлі және көбіне ол бейбіт адамдарға бағытталады. Терроризм — әлсіздердің экстремистік идеологияны қолданатын азшылықты құралы. Оның саяси өзгерістерге апаруы екіталай. Терроризммен күресті тиімді жүргізу үшін әлемдік қауымдастық өзінде бар мүмкіндіктерді бірлесе пайдалануға тиіс. Реалистердің пайымы бойынша, террорлық топтар жасайтын саяси зорлық-зомбылық заңсыз, өйткені заңды түрде күш қолдану құқығы мемлекетке ғана тән. Қоғамды қорқытып-үркіте алмаса немесе жүртшылық назарын аударатын шабуылдар жасамаса, террорлық топтардың бар-жоғы белгісіз болып кетуі мүмкін. Сол үшін олар өздерінің істерін БАҚ жарияланғанын қалайды. Мысалы, 2008 жылы Мумбайда теракт жасаган топтың бір лидері БАҚ-қа «бұл шабуыл – әшейін трейлер, біраз күтсеңдер, фильмнің өзін көресіңдер» деп хабарлауды терроршыларға тапсырған. Әуе тасымалы терроршыларды бұрын-соңды болмаған дәрежеде мобильдікке жеткізді. Мысалы, жапон Қызыл армиясы 1972 жылы Израильдің Лод әуежайында қантөгіс жасады, сол секілді бір елде жаттығып, басқа бір елге шабуыл жасау басталды. Жаһандану келешекте кей терроршы топтардың жаппай қырып-жоятын қаруды қолға түсіріп немесе өздері дайындап, алапат шабуыл жасауына жол ашуы мүмкін. Жаппай қырып-жоятын қарулар жасауға мүмкіндік беретін технологиялардың таралуы жаһанданған әлемнің басты мәселесі болып отыр. Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін оның ұзаққа кетер салдары бар. АҚШ-тың алғашқы атом бомбасын 1945 жылы Жапонияның екі қаласына тастауы, яғни алғаш әрі бір мәрте Қолданылған ядролық қарудың орасан жойғыш күші дүниеге мәлім болды. Бүгін әлемде ядролық қаруы бар тоғыз ғана мемлекет бар. Жаһандану және қырғиқабақ соғыстың аяқталуы қарудың таралуына қатысты жаңа да күрделі мәселелер туғызды. Олардың қатарына нақты елдердің ядролық бағдарламалары, ядролық энергияның өсуі және мемлекеттік емес акторлар мен жаппай қырып-жоятын қаруы бар терроризмнің өсуі туралы пікірталастар кіреді. Ядролық қарудың таралу мәселелері көбейген сайын, оларды шешу жолындағы халықаралық әрекеттер де дамыды. Ядролық, химиялық және биологиялық қарулар негізіндегі технологиялар 1945 жылдан бері тез тарады.Ұлтшылдық - әлемдік саясаттың жаһандануындағы өзекті мәселе. Заманауи халықаралық қатынастардың аса маңызды институты ұлт мемлекеттің қалыптасуында ол негізгі рөл атқарды. Бұл тарауда студенттер әлемдік сауда мен әлемдік қаржы саясатын жүргізуге қатысты маңызды мәселелермен танысады. Тарауда екі саланы әртүрлі институттың басқаратыны, бірақ бір саладан ақау шықса, оның екіншіде тиісті ақауларға апаратыны айтылады. Экономикалық жаһанданудың ең танымал анықтамасына осы сәйкес келеді. Ол жаһандануды әлемдік экономиканың бір бөлігінің басқа жерлерде болған оқиғалардың әсерін тез сезінуі деп түсіндіреді. Тарау соңғы онжылдықтарда сауда айналымы мен қаржы ағынының қалай өскені жайлы қысқаша түсіндірме береді. Тараудың қалған бөлігі сауда мен қаржының институттық тарихына арналған. Ол параграфтарда саяси биліктің маңызы тағы да айқындалады. Бұл жағдай жаһандық элитаның институттық реттеуші нормаларға өз мүдделерін сәтті енгізуінен көрінеді. Кедейліктің ақша-кредитке негізделген тұжырымдамасы 1945 жылдан кейін үкіметтер мен халықаралық ұйымдардың бәріне бірдей әмбебап болды. Күніне 1,25 АҚШ долларынан аз ақшаға өмір сүру көрсеткіші, материалдық емес кедейлікті есептемегенде, нарықта өздерінің негізгі материалдық қажеттіктерін өтей аларлық жеткілікті табысы жоқ адамдарды қамтиды. Экономикалық жаһандану жағдайында кедейлік Солтүстікте де, нашар дамыған Оңтүстік дүниесінде де, кездеседі.Келесі тарауда адам қауіпсіздігі тұжырымдамасының негіздері, оның анықтамасы мен қамтитын аумағы туралы пікірталастар, қазіргі заманда адам қауіпсіздігіне төнген кей қатерлер және адам қауіпсіздігін нығайту жолындағы халықаралық ісқимылдар қаралады. Дәстүрлі мағынасында қауіпсіздік дегеніміз – мемлекеттің өз егемендігі мен территориялық тұтастығын сыртқы әскери қатерден қорғауы. «Адам құқықтары туралы халықаралық билльде азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарды кеңінен қамтитын бір-біріне тәуелді, бір-бірінен ажырамас және жалпыға бірдей құқықтардың ресми тізімі бар. Жаһандану әлемнің моральдық тұрғыдан өзара байланыстылығы туралы космополиттік көзқарасты жетілдіруде. Бірақ космополиттік моральдық сезімнің тарауы күшпен гуманитарлық интервенция жасау мәселесі бойынша жаңа халықаралық консенсусқа әкелген жоқ. Батыс Қоғамында өзгенің қиналысына бей-жай қарамау сезімі күшейіп келеді. Гуманитарлық интервенцияның қандай принциптерге бағынуға тиістігі жөнінде консенсус болмаған жерде гуманитарлық интервенция жасауға құқық беру халықаралық тәртіпті бұзады. Гуманитарлық интервенция әрқашан күштілердің мәдени құндылықтарына негізделеді.
...