Қамыққан көңілге
Автор: ayazhandaurenbek • Май 4, 2022 • Эссе • 787 Слов (4 Страниц) • 194 Просмотры
Қамыққан көңілге
Көңлім-ау, жанған оттай шалқушы едің,
Қырандай жоғары өрлеп қалқушы едің,
Зұлматқа қаһар тігіп, лағнат айтып,
Балша еріп махаббатқа балқушы едің.
Еркіңді қу қайғыға берме, көңлім!
Күйленіп бұрынғыдай керне, көңлім!
Қамығып жабырқадың неге мұндай,
Талпынып көкке құлаш серме, көңлім!
...Қажыма, ер көңлім, бәрі де өтер,
Сан азап бір күнгідей болмай кетер.
Қара түн басып тұрса алды-артыңды,
Жарқырап ататын таң әлі-ақ жетер.
1919 жыл.
«Екі кездесу» әңгімесі. Бұл әңгімеде әйел теңдігі, оқу-білім жайындағы тақырып қозғалады. Оны мына бір жол аңғартып тұр: «...Өзге, сен тәрізді, қара пәлелерге ұшыраған көп сіңлілерің де сенің жолыңмен бостандық алып, адам қатарына тезірек кіргей еді!».
Негізінен, әңгіме лирикалық кейіпкердің бұрын байлау болып, соңынан кедейленген Қарсақбайдың қызы Жібекті екі рет жолықтыруы жайында. Алғашқы кездесуде лирикалық кейіпкер Жібекті көңілсіз, бетінде шуағы жанбай тұрған, от тұтатып отырған, малға сатылған тоқал бейнесінде көрсе, екінші кездесуде қапастан босанған, делегат болудан ниеттенген Жібекті көрсетеді.
Шағын ғана әңгіме арқылы автор әйел баласының да өз орны барын көрсете білді.
«Омар» әңгімесі. Аталған әңгімеде Омар есімді оқыған азаматты сол замандағы парақор, «пысық» бейнесінде көрсетеді. Ол жоғарыдағы кейбір Шодыр, Мекейле, Иван сынды адамдармен «тамырлас» болып, өзінің жағдайын жасап алуы, тіпті Иманқұлдың бір түйесін өлтіріп алғаны жөніндегі істі де осы «тамырластығымен» жапқызғаны көрсетіледі.
Түсініп отырғанымыздай, автор Омар сынды әділетсіз, парақор адамдарды сынға ала отырып, сондай болудан сақтандырып отыр.
«Жұлдыздар сыры» әңгімесі. Бұл әңгімеде Әзімхан мен Халкеннің жарқырып тұрған, жер жүзін қаптаған жұлдыздарды тамсана тамашалауы және Хасеннің жұлдызды санауға кірісіп, бірақ санауға болмайтынын еске түсіріп, ішінен тек жұлдыздарға сипаттама бергені айтылады. Яғни Жетіқарақшы, Ақ боз ат, Көк боз ат, Үркер сынды ұлдыздар аталады.
«Аққудың айырылуы» дастаны. Мәңгілік махаббатты дәріптейтін бұл дастанда аққудың қасиетті болуымен қатар, шынайы және іңкәр таза махаббат жырланады. Автор бұл дастаны арқылы аққуларды қорғау, адалдықты жырлау, жауыздыққа қарсы тұруды ту еткен.
Айна көлдегі қос ғашықтың бірі мергеннің оғына ұшуы, мұңға күйген аққуның «мені де ат» деп жалынуы, бірақ мергеннің екінші рет атпауға бел бууы және күйген аққудың аспанға бір ұшып, дәл мергеннің алдына найзадай шаншылып құлауы көрсетіледі.
Поэмадағы оқиға автордың өмірден шаршап, таза табиғат, мөлдір көл жағасына келіп демалып, көркем көрініске тамсана қарап, демалып жатуынан басталады. Сосын қос аққудың кездесуі мен олардың бақытты өмірі жайлы жырланады. Бақытты сәттердің бірінде сұрмерген жұп аққудың бірін атады. Жұбынан айырылған аққу шарқ ұрып мергенге "мені де ат" деп жалынады. Бірақ мергеннің екінші рет атпауға бел бууы және күйген аққудың аспанға бір ұшып, дәл мергеннің алдына найзадай шаншылып құлауы көрсетіледі.
Аққудың бұл әрекеті арқылы оқырманға адал махаббаттың күшін, сезімнің күшін білдіргісі келеді.
«Советстан» дастаны «Отарбада», «Тұлпарым», «Қиял ой», «Біздің тұрмыс отарба», «Советстан – отарба», «Советстан – сегіз жасар арыстан», «Экспресс», «Советстан көлемі», «Советстан – ер-ұланның бесігі» деген жалпы саны тоғыз тараудан тұрады. Басты тақырыбы, аты айтып тұрғандай, совет заманын дәріптеу және ондағы жақсы істерді мадақтау. Алғашқы үш тарауында автор өзі сүріп жатқан заманды отарбаға теңеп, сол отарбадағы күйбең тіршілікті өткен өмірмен салыстара суреттегендей болады. Ал «Советстан – отарба» тарауында «Маркс – Ленин, жолы дұрыс» деп оны мақтай отыра, отарба іші елді жылатқан жауыздардан, арамтамақ ауыздардан тазартала түскенін, жұртқа әкім болатын Совет екені айтылады. Бұл ойы келесі «Советстан – сегіз жасар арыстан» тарауынан жалғасын табады және бұл тарауда Совет заманын былайша суреттегенін атап өту қажет:
...