Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстандық отбасыдағы «Ұят» феномені

Автор:   •  Март 2, 2021  •  Эссе  •  784 Слов (4 Страниц)  •  782 Просмотры

Страница 1 из 4

Қазақстандық отбасыдағы «Ұят» феномені

Мартбек Әсел

11 «В» сынып,

Н.Нұрмақов атындағы

мамандандырылған мектеп-интернаты,

Қарағанды қаласы

2019 ж

Жастар арасында көптеген пікірлер мен ойларға әкеліп, талқылауға ие болатын тақырыптардың бірі – отбасында жиі сөз болатын «Ұят» феномені. Неліктен осындай қарапайым түсінік айтарлықтай феномен болғанын және оның қарапайым Қазақстандық отбасында алатын ролін бірге анықтайық.

Біріншіден, ұят дегеніміз не? Ғаламтор желісіне сүйенсек, ұят - ол, жасаған әрекетіңнің жөнсіздігін түсінушілік, намысқа кір келтірушілік, моральдық рухтың асқақтығын қорлау. Осыған орай, ұят дегеніміз қарапайым тілмен алсақ, белгілі бір әрекет үшін масқара болуды білдіреді екен. Өмір сахнасында ең кем дегенде 1-2 рет ата-анаңыздан, ата-әжелеріңізден немесе аға-әпкелеріңізден «Қой, ұят болады» деген сөзді естіген боларсыз. Осындай сөздердің кейбірі орынды, кейбірі орынсыз айтылады. Ежелгі заманнан қалыптасқан, ата-бабаларымыздан асыл мұра етіп бізге жеткен халықты халық ететін қасиетті құндылығы – салт-дәстүр. Осы салт-дәстүрге назар аударсақ, қазақта не көп? Дұрыс, қазақта «Отыз күн ойын, қырық күн тойын» дейтін той думандар өте көп. Адам дүниеге келгенен бастап, о дүниеге кеткенше онын айналасында болатын ойын-сауықтар ешқашан құнсыз өткен емес. Менің ойымша, қазақ халқының менталитетіне тән қасиет ол- осындай қуаныш кештерін өмірінде соңғы рет өткізетіндей өткізу. Мұндай той әрқашан басқа көршілердің, не болмаса жақын бауыр-құрдастардың, туыстардың тойларына қарағанда ерекше, бір басқаша өтуі тиіс. Әрине, осындай тапсырыстарға әркімнің жеке қаражаты жете бермейді. Бірақ, баяғы қазақтың «Қой, ұят болады, айтады ғой ертен..» деген келесі менталитетінің бірі іске қосылады. Тығырыққа тығылған сәтте, оларға кредит «көмекке» келеді. Сонымен, жас жұбайларды алдымен аппақ қардай жылтырлаған лимузинмен, сосын мейрамханада 6-8 жігіт арқалаған үлкен алтын тастармен әшекейленген арбамен алып келіп төрге орын жайғастырады. Тамада құлаққа жағымды дауыспен сөз сөйлеп, анау жақта эстрада әншілері ән айтып, тіпті бір жай торттың өзін 1-2 метр арнайы тапсырыспен жасатып...айта берсек сөз көп демекші «ұзын сөздің қысқасы» той керемет өтеді. Бірақ, той думан біткеннен кейін, оның шығынын өтеу үшін бір 5-6 жыл өтетіні мәлім.

Осыдан, «Ұят болады» феноменінен бір күн өтетін мерекеге неге соншалықты шашылу біздің халықта соншалықты қанына сіңіп кеткен деген терең ойларға толғандырады.

«Ұят» феномені қазақтың ертеден келе жатқан тәрбиелік мәнінде қолданылатын ұғым. Әрине, белгілі бір жағдайларда ұят ол орынды, әрі керек нәрсе болып табылады, бірақ бұл түсініктің қазіргі жастар қоғамына әкелетін бір қатар келеңсіз жайттардың себебі десек те болады. Осы ойымды анық ашып

...

Скачать:   txt (10.1 Kb)   pdf (40.6 Kb)   docx (10 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club