Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сыныптағы білім беруді бағалау мен өлшеу

Автор:   •  Ноябрь 1, 2023  •  Лекция  •  2,983 Слов (12 Страниц)  •  154 Просмотры

Страница 1 из 12

№ 4 Лекция тақырыбы: Сыныптағы білім беруді бағалау мен өлшеу 

Лекция жоспары: Жалпы мектептік тәрбие жұмыстарының жоспары, оның құрылымы мен мазмұны.  Сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлаудың формалары, әдістері мен тәсілдері. Ұжым туралы түсінік, балалар ұжымына сипаттама.

Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Сыныптағы білім беруді бағалау мен өлшеу. Мектепте, сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлау, тұлға қалыптасуына орай тәрбиелік жұмыс салаларын талдау.

Лекция мазмұны:

  1. Сыныптағы білім беруді бағалау мен өлшеу .Қазіргі мектептерде тәрбиенің сапасына, әдіс-тәсілдерінің мазмұнына, мақсатына зор көңіл бөлуде және жаңаша көзқарастар қалыптастырылуда. Жаңа талап негізі қарқынды өркениет бағыттарынан қалыспай, терең білімді игеру. Осыған орай, қазақ мектептерінің оқыту жүйесінде әлемдік және ұлттық негізде жеке тұлғаны дамыту үшін өте орынды жағдайлар жасалып, нәтижелері көрінуде болашақ ұрпақты  тәрбиелеу ең басты міндеттердің бірі- мектеп оқушыларының іс-әрекетін ізгілендіріп, рухани дамуының дұрыс жолға қойылуы. Ол үшін оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін гуманистік бағытта тәрбиелеп, олардың алдын-ала шығармашылықпен дамытуына жол  ашу. Тәрбие берудің кез-келген  жүйесінің негізгі мақсаты - білім алушы (оқушы) тұлғасының дамуы жөнінде айта келе, ең алдымен қазіргі замандағы педагогикалық психикалық психологияның негізгі ережелерінің бірін атап өту қажет, оған сәйкес оқыту адамның және жалпы алғанда, тұлғалық дамуының шарты ғана емес, сонымен катар оның негізі және құралы болып табылады. Оқыту мен дамытудың ара қатысының сипаты туралы сұрақ та маңызды. Тәрбие процесінің барлық кезеңінде белгілі бір сапалар қалыптасады, бірақ әр жеке сыныпта тәрбие әдісі өзгеріп отыруы тиіс. Бірінші сыныпқа дәл келетіні, үшінші сыныптағыларға сәйкес келмейді, ал бесінші сыныптағылар оны қабылдамауы мүмкін. Тәрбиеленушілердің жекелік және түлғалық ерекшеліктері. 

Қазіргі қазақ мектептері оқыту мен тәрбиенің сапасына, әдіс-тәсілдерінің мазмұнына, мақсатына зор көңіл бөлуде және жаңаша көзқарастар қалыптастырылуда. Жаңа талап негізі қарқынды өркениет бағыттарынан қалыспай, терең білімді игеру. Осыған орай, қазақ мектептерінің оқыту жүйесінде әлемдік және ұлттық негізде жеке тұлғаны дамыту үшін өте орынды жағдайлар жасалып, нәтижелері көрінуде. Ең бастысы, оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың тиімді жолдарын табу, оқушыны іздену, үйрену әрекетіне жұмылдыру, педагогтің өз әрекетіне ішкі мотивтері мен шығармашылық ізденісін байланыстыра отырып, кәсіби ілгерілеуіне түрткі болатын инновациялық технологияларды іріктей білгендігінде. Жастардың бүгінгі білімі-ертеңгі капиталы болатындай,ал қазіргі тәрбиесі-қазақтың қадірлі қасиеттерін қастерлей білетіндей болуы тиіс.  Мәлік Ғабдуллиннің мына сөзі менің тәрбие туралы ойыма ой салды. «Тәрбие дегеніміз баланың үстіне кигізе қоятын дайын киім емес. Тәрбие жұмысының мыңдаған түрі мен қыры бар. Олар тәжірибеде сынала келе нәтижеге ие болады. Сондықтан тәрбие мәселесі мектеп өмірінде ешқандай маусымды, үзіліс дегенді білмейді, үздіксіз жүргізіліп отыратын процесс». Жаңа үлгідегі ұлттық мектеп моделін жасау және оның нәтижелерін жалпы білім беретін мектептердің оқу-тәрбие үрдістеріне енгізудің ғылыми әдістемесін қамтамасыз ету. Қазақ мектебінің мәселесі-қазақ елдігінің мәселесі.Қазіргі уақытта өмірлік дағдылар мен біліктілікті қалыптастыру-тәрбиенің негізгі міндеті. Интеллектуалдық дамыған елді қалыптастырудың өзекті бір жолы толыққанды жеке тұлға тәрбиелеумен, оқушының жаңа ойлампаздығын дағдыландырумен, қазіргі ғылыми жетістіктердің негізін терең біліктендірумен ұштасады. Ғылыми-эксперимент жұмысының аса маңызды саласы сабақтан тыс тәрбие клубтары мен орталықтарын құру арқылы жүзеге асырылады, әрбір баланы қайталанбас тұлға деп қарастырып, оның өзгеше қасиеттерін дамыту мақсаты қойылған. Қай баланың болмасын бойынан жақсы қадір-қасиет іздеп табу, соған арқау сүйеу, оған үлкен үміт арту-ұстаз тәрбиесінің тәжірибесі болу керек. Тіпті баланың әрең байқалатын ізгі қасиеттерін де айтып, жақсы талпыныстарын бағалап, үміт білдіріп отырса, соғұрлым ол сенімді бағалай біледі, ашыла түседі. Сонымен қатар, жаңа білім беру мазмұнын жүзеге асыруда оқушының білім сапасын дамытудың мақсаты мен міндетін айқындаудың және тәрбие кеңістігінің тірек-талдау схемасын қалыптастырдық. Оқушыларға тәрбие арқылы білім беруде қоғамдық пәндердің атқаратын ролі ерекше. Ол шәкірттерде отансүйгіштік, ұлтжандылық, идеялық сенімді қалыптастырады. Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін дебаттық, спорттық, өнертапқыш клубтары және әр түрлі конкурстар, фестивальдар ұйымдастырылады. Тәрбие – қоғамдық құбылыс. Ғылыми коммунизмнің негізін қалаушылар К. Маркс пен Ф. Энгельс қоғамдық дамудың заңдарына материалистік талдау жасап, тәрбие мен өндіргіш күштердің дамуы арасында заңды байланыс болатын анықтады. Олар «Адамның тұрмыс жағдайларының  олардың қоғамдық қатынастарының, олардың қоғамдық болмысының өзгеруімен бірге олардың түсініктері, көз қарастарымен ұғымдары да өзгеретінін» дәлелдеп берді.

...

Скачать:   txt (37 Kb)   pdf (624.2 Kb)   docx (530.2 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club