Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазіргі әлеуметтік-мәдени білім берудің ролі мен ерекшеліктері

Автор:   •  Октябрь 1, 2021  •  Практическая работа  •  12,974 Слов (52 Страниц)  •  842 Просмотры

Страница 1 из 52

Практикалық сабақ №1.

Тақырыбы: Қазіргі әлеуметтік-мәдени білім берудің ролі мен ерекшеліктері

Тапсырма 1. Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.

Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады.  К.Д.Ушинский.

Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуында жетекші  роль атқарады сондай – ақ оны әрі қарай айқындай түседі. Ал білімнің қалыптасып дамуының жалпы шарттары философияның негізгі мәселесі– рухтың материяға  сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетін білім таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбірлі айырмашылығы – ол білімнің қалыптасуы мен неізделуінің жалпы ұстанымдарын объективтік қатынастарды қалыптастырады.  

Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай қазіргі заман талабына сай әр мұғалімі өз білімін жетілдіріп ескі бірсарынды сабақтардан гөрі жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса сабақ тартымды да мәндіі қонымдыы тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу  білім беруді ақпараттандыру халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған  елдің қатарына жеткізетін терезесін тең ететін – білім». Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп мектеп өміріне енуде.

Тапсырма 2. Білім философиясы  –  білім теориясының тарауы, осы әлеуметтік мекеменің мәнін, қоғамдағы маңызын және адамның дамуындағы рөлін зерттейді.

 Білім философияның маңызды міндеті - ұзақ перспективаға есептелген білім беру стратегиясының базалық принциптерін жасау. 

Білім беруді құндылық ретінде қарастырудың өзі үш блоктан тұрады: 1) білім бері мемлекеттік құндылық ретінде; 2)білім беру қоғамдық құндылық ретінде; 3) білім беру тұлғалық құндылық ретінде.

Білім беру мен тұлғаның дамуын ұштастыру тәжірибелері бар. 1)Біз нені оқып үйренуіміз керек? 2)Біздің қалай оқып үйренуіміз тиімді? 3)Нені оқып жатқанымызды қалай біле аламыз? деген сұрақтар төңірегінде ұйымдастырылғаны тиімді болады. Білім философиясының арнайы ғылыми сала ретінде бөлініп шығуына себеп болған маңызды негіздерге мыналар жатады: 1)білім берудің технологияларының өзгеруі; 2)білімнің көлемінің өсуі; 3)қоғам мен оқу-білім саласы арасындағы қайшылықтардың тереңдей түсуі. Білім философиясында білімділік идеясы, білім берудің мақсаты, білім беретін жүйелердің тарихы сияқты маңызды педагогикалық сұрақтар талқыланады. Оқу-білім жүйесінің ұзақ мерзімді стратегиясының негізінде әлеуметтік-педагогикалық мақсаттылықтың мәселелерін шешу жоспарлары қойылады. Осындай мақсаттардың иерархиясын жасақтауда білім философиясының көмегі қажет.

Глобалды философиялық тұрғыдағы мақсаттардан нақты жағдайлардағы мақсаттарға көшудің механизмі болады. Оны анықтау күрделі процесс, мұндай жұмысты атқару тек педагогиканың күшімен жүзеге аса алмайды. Осы мақсатта да білім философиясы өзінің мүмкіндігін паш ете алады. Осы мәселелерді сыңар жақты шешетін болсақ, субъективизмге орын беріледі, тәрбие жұмыстарында схематизм, шаблон бойынша жұмыс істеу сияқты кемшіліктерге жол беріледі. Сондықтан, оқу-білім саласында әлеуметтік-педагогикалық мақсаттылықтың теориясын және методологиясын жасақтау маңызды шарт болып табылады.

...

Скачать:   txt (154.7 Kb)   pdf (324.1 Kb)   docx (58.5 Kb)  
Продолжить читать еще 51 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club