Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Стресске жауап берудің жеке стильдері

Автор:   •  Ноябрь 30, 2025  •  Реферат  •  1,739 Слов (7 Страниц)  •  20 Просмотры

Страница 1 из 7

КІРІСПЕ.

Қазіргі заманда адамдар күнделікті өмірде түрлі стресс жағдайларына жиі тап болады. Стресс – бұл адамның психикалық жəне физикалық жағдайына əсер ететін сыртқы немесе ішкі факторларға табиғи реакциясы. Əр адамның стресті қабылдауы жəне оған жауап беру тəсілі əртүрлі. Бұл ерекшеліктер адамның тұлғалық қасиеттерімен, өмірлік тəжірибесімен, темпераментімен жəне мінез-құлқымен тығыз байланысты. Стресске жауап берудің жеке стильдерін зерттеу арқылы адамның қиындықтарға қалай төтеп беретіні, қандай қорғаныс механизмдерін қолданатыны жəне өз психологиялық тепетеңдігін қалай сақтайтыны туралы түсінік алуға болады. Бұл тақырып қазіргі психологияда өзектілігін жоғалтпай, адамның ішкі ресурстарын анықтауға көмектесетін маңызды бағыттардың бірі болып саналады.

Адамдар стреске түрліше жауап береді: бірі қиындықтарды жеңуге тырысса, енді бірі жабырқау, күйзеліс жағдайында қалып қояды. Мұндай айырмашылықтар адамның өмірлік ұстанымдарына, өзін-өзі бағалауына, эмоцияны басқару қабілетіне жəне психологиялық қорғаныс механизмдеріне байланысты. Стресске жауап берудің жеке стильдерін зерттеу – тұлғаның өзін-өзі реттеу деңгейін, оның бейімделу қабілетін анықтауға көмектеседі жəне психологиялық көмек көрсету барысында үлкен маңызға ие.

3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

Стресс ұғымын ғылымға алғаш енгізген канадалық физиолог Ганс Селье болды. Ол стрессті ағзаның кез келген сыртқы немесе ішкі тітіркендіргішке бейімделу реакциясы ретінде сипаттады. Стресс адамның өмірінде жиі кездесетін құбылыс болғанымен, əр адам оған əртүрлі əрекет етеді.

Стресстің үш кезеңі болады:

• Дабыл кезеңі (алғашқы реакция) – ағза қауіпке жауап ретінде «күрес немесе қаш» механизмін іске қосады.

• Қарсы тұру кезеңі – адам стресті жағдайға бейімделуге тырысады, ішкі ресурстарын жұмылдырады.

• Жігердің таусылу кезеңі – ұзаққа созылған стресс нəтижесінде адам шаршап-шалдығады, психикалық жəне физикалық əлсіздік байқалады. Психологияда стресс тек физиологиялық реакция ғана емес, сонымен қатар адамның эмоционалдық, когнитивтік жəне мінез-құлықтық жауаптарын қамтитын күрделі психологиялық процесс ретінде қарастырылады.

1-сурет. Жеке тұлғалардың стресске жауап беру ерекшеліктері.

Стресске жауап берудің жеке стильдері ұғымы

Стресске жауап беру стилі – адамның стресстік жағдайға тап болған кезде қолданатын мінез-құлқындағы жəне ойлауындағы тұрақты үлгілер. Бұл стильдер əр адамда əртүрлі болуы мүмкін жəне көбінесе оның темпераментіне, тəрбиесіне, өмірлік тəжірибесіне байланысты қалыптасады. Зерттеушілер (мысалы, Лазарус пен Фолкман) стресске жауап беру стилін екі үлкен топқа бөліп қарастырады:

• Мəселені шешуге бағытталған стиль – адам стресті жағдайдың себебін жоюға тырысады.

• Эмоцияны реттеуге бағытталған стиль – адам өзінің ішкі күйзелісін жеңуге тырысады, бірақ мəселенің өзіне көп мəн бермейді.

Бұл екі стильдің əрқайсысының тиімділігі жағдайға байланысты. Кейде эмоцияны басқару маңызды болса, кейде нақты əрекет

...

Скачать:   txt (24.5 Kb)   pdf (109.8 Kb)   docx (18.7 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club