Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Психологиялық әсердің мәні

Автор:   •  Март 17, 2021  •  Реферат  •  912 Слов (4 Страниц)  •  975 Просмотры

Страница 1 из 4

Зерттеу жұмысы

Эссе

Аты-жөні 

Жанболат Айша

Тақырып атауы

Психологиялық әсердің мәні

Тақырыптың тезисі 

Психологиялық әсер әр адамға әрқалай әсер береді. Яғни, бұл әсер өзінің зардабын да ,немесе керісінше жақсы, пайдалы әсерін бере алады.Бірақ,бұның барлығы адамның проблемасына, тағдырында болып жатқан жағдайларға байланысты.Қандай жағдай болмасын, адамға ең бастысы психологиялық көмек қажет.

Аргумент 

Айтар болсақ, ерлі-зайыптылардың бір-бірімен келіспей қалуы және оны күнде көріп өскен бала үлкен психологиялық соққыға ұшырайды. Стресс алып, балалық шағы күйзелісте өтуі мүмкін. Тіпті, ол балаға дер кезінде көмектеспесе, ол болашақта өзінің жарына сондай қарым-қатынаста болып, ұруға дейін апаруы  ықтимал.

Аргумент 

Санасы түзелген, ойлау деңгейі  жоғары баланың өзінің құрдастарынан да психологиялық әсер алуы мүмкін. Соққы алып,  тұлғалық дамуы жетілмеген балада « Мен шынымен сондай ұсқынсызбын ба» деген сұрақ көкейін мазалайды. Бұл стресттің өзі денсаулықтың нашарлауына алып келеді.

Аргумент

Жалпы, төбедегілерден қорытынды жасасақ, бұл жағдаяттар әсіресе жасы кіші балаға қатты әсерін береді. Кейін өсе келе ол айқай-шудан қорқады, қорқыныш сезімі пайда болады, өзін-өзі жоғары бағаламайды, құнын білмейді.Бұндай жағдайда оған тек психолог, психологиялық кітап, Аллаға деген берік сенім ғана көмектесе алады.

Әдебиеттер тізімі 

1. С.М Жақыпов «Жалпы психологияға кіріспе» Алматы 2007,

 2. Шульц Д.П., Шульц С.Э. «Қазіргі психология тарихы». 11- басылым. Алматы: Ұлттық аударма бюросы. – 2018 жыл. 1-40 бет(1-2 тарау- психология тарихы)

3. Намазбаева Ж.И. Психология .Алматы: 2005,

Жанболат Айша

Тақырып:  Психологиялық әсердің мәні

Тақырыпша:     Бала психологиясы

      Бала психологиясы - жас ерекшелігі бойынша психологияның ең бастапқы бөлімі.Ол адам  өміріндегі  бастапқы шағының психикалық заңдылықтары мен дамуын зерттейді. Баланың табиғатын тану,оны түсіну, алға қарай жетелеу, дұрыс жолға бағыт-бағдар беру- өнегелі ата-ананың әрекеті.Сана,ой мен көзқарасты дұрыс қалыптастыра білу,тәрбие мен мәдениетті түсіну,жасы үлкендерге құрмет көрсету - барлығы да осы балалық шақтан негіз алады.

     Дегенмен де, балалар әрқашан өздерін  мәдениетті түрде ұстай алмайды Олар анасының сүйікті құмырасын сындырып қоюы мүмкін. Осы жағдайда ол баланың ойы қандай болады?  Бірден ұрысып тастайтын анасы баласының психикалық ойлауына  әсер етуі мүмкін. Бұл жағдайда ,керісінше, анасы баласын түсініп, мақұлдап, қате одан кеткенін ,сонымен қатар, кешірім сұрай білу қажеттігін үйрету керек.Балаға әрқашан ата-анасының қолдауы, жылы сөздері мен  көңілі қажет.Оған ата-анасының бір-бірімен ұрысып жатқаны қажет емес, көрген жағдайда да бала күйзеліске түсуі әбден мүмкін.Оның жас,әрі қалыптасып болмаған психологиясын бұзып алмау үшін қарым-қатынас берік , мықты  болуы қажет.Мысалы, балаға «мен сені жақсы көремін,мен саған сенемін,сенің қолыңнан келеді, ботам,ақылдым сол, барлығы үшін рақмет,мен әрқашан өзіңмен біргемін» сынды жылы сөздер айтса, ол өзіне әлдеқайда сенімді,жауапкершілікті сезіне алатын,махаббатқа адал адам  болады.  Бала ойыншықтарын жинап, үй шаруасына көмектескен болса бұл үшін міндетті түрде оған ризашылық білдіру дұрыс. Бастапқыда барлығын тазалап жинай қоймас, бірақ уақыт өте үйренеді. Кемшіліктерді бірден айтып-сөгу дұрыс емес. Керісінше балаға рақмет айту қажет. Осы кезде бала көмектесудің дұрыс дүние екенін ұғынады.Мұнымен қатар , ол сыпайылық ережелерін үйренеді.Сонда ғана баланың психологиясына неше түрлі зиян дүниелер емес, санасына тәлім мен тәрбиенің не екендігін ұғынған жан болып шығады. Өсе келе алдынан қиындық шыққанда ол жалғыз емес, қасында ата-анасы бар екенін түсінеді. Ата-ана баласының әрбір қадамын қолдап, қорғаштап отыруы қажет.Әрине шалыс басатын кезеңдер де болады. Бұндай кезде бірден балаға бас салмай, «сенің де қателесуге құқығың бар» деп, - өзінің кінәсін түсінуге мүмкіндік беру керек. Анасы баласына мен «өзіңмен ақылдасқым келеді» дей отыра , оның үлкен азамат болғанын,және ойын жеткізу арқылы,пікірінің маңызды екенін ұға алады.Қыз бала болса да, ұл бала болса да, ата-анасына әрқашан еркелігісі келеді.Оны бетінен қақпай, әртүрлі қошемет сөз айтып, жасаған ісін мақтап отыру қажет.Мынадай қарбалас тіршілікпен арпалысып, өзін ересек адам санап,жауапкершілік алып жүрсе де, кейде ата-ананың да көңілі қажет. Бала мектепте дос балалармен ерегісіп,сөзге келіспей қалуы да мүмкін. Бұндай жағдайда баладан не себептен бұлай жасағанын, не итермелегенін сұрау қажет. Кінә өзінен болса, ақылға салып, түсінідіріп кешірім сұрата білген жөн.

...

Скачать:   txt (12 Kb)   pdf (76.3 Kb)   docx (10.8 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club