Психикалық дамудың негізгі кезеңдерінің сипаттамасы
Автор: Dana2 • Сентябрь 26, 2021 • Реферат • 1,856 Слов (8 Страниц) • 466 Просмотры
Қаратай Данагүл
4 тақырып . Психикалық дамудың негізгі кезеңдерінің сипаттамасы
1.Әр түрлі жас сатыларындағы психикалық даму ерекшеліктері.
Адамзат тарихында іс- әрекетті жүзеге асыру құралдары ғана дамып қоймай, осы құралдарды, қоғамдық тәжірибені кейінгі ұрпаққа жеткізудің ерекше жолы да қалыптасып, дамып, күрделене түсті. Бұл ерекше жол-оқыту, ол қоғамдық тәжірибені берудің бағытталған және ұйымдастырылған әдісі болып табылады. Оқыту баланың психикалық даму процесінде айқындаушы роль атқарады.Адамның психикалық іс-әрекеті - өте күрделі құрылым. Оның ерекшеліктері алдымен баланың тіршілігі және тәрбиесімен сабақтас. Сөздік-логикалық ес, ұғынымды ойлау, заттық қабылдау және (басқа да жоғары психикалық жолмен қалыптасып), адамға тән жоғары психикалық функциялар биологиялық тұқым қуалаушылық жолмен қалыптасып берілмейді. Бұл олардың тарихи даму процесінде өзгерістерге ұшырап, жетілі түсінуге мүмкіндік береді.Адамның өмірде қалыптасатын күрделі психикалық іс-әрекеті (ойлау, сөйлеу) мен неғұрлым қарапайым табиғи функцияларын (қозу мен тежелу процестерінің арақатынасы мен ерекшелігі)
ажырата білу керек. Психикалық іс-әрекет өзіне басқа да көптеген компоненттермен қоса осынау қарапайым функцияларды да қамтиды.Балалардың дамуының оқыту процесіндегі ең басты және анықтаушы жағы білімдерді, іс-әрекет әдістерін күрделенуден тұрады. Қазіргі кезде көптеген психолог-зерттеушілер оқыту мазмұны, яғни балаға берілетін білімдерді және іс-әрекет әдістерін өзгерте отырып, баланың дамуын елеулі өзгертуге болатынын дәлелдеп берді.
Баланың психикалық дамуы оның жеке басының тұтас өзгерісін, яғни жеке адамның жалпы қасиеттерінің дамуын да қамтиды. Даму процесінде балалардың психикалық іс-әрекетінің түрлі қыры өзгереді, сан алуан әрекеттерді барған сайын көбірек орындау іскерлігі, тәсілдері жинақталып, өзгеру болып өтеді, білімі мен ұғымы өзгереді, жаңа мотивтері мен қызығулары қалыптасады.Жасы өскен сайын адамның өз іс-әрекетін жоспарлауы мен оны жүзеге асыра білуі дамиды. Бұл ерекшеліктердің бәрі оқу тапсырмаларын орындаудан, оқу іс-әрекетінен көрініп жатады. Сонымен, іс-әрекеттің психологиялық құрылымының даму процесінде балалардың жалпы мінез-құлқының құрылысы да өзгеріске түседі.Бала дамуының тұтас процесінің үш негізгі жағын бөлуге болады.
1. Оқыту процесінде білім мен іс-әрекет тәсілдерінің дамуы;
2. Игерілген тәсілдерді қолданудың психологиялық механизмдерінің дамуы;
3. Жеке адамның жалпы қасиеттерінің (бағыттылығы, іс-әрекет, сана және ойлаудың психологиялық құрылымы) дамуы. Дамудың көрсетілген бағыттарының әрқайсысы өзіне тән өзгешеліктері мен сипатталып, ақиқат түрде барлығы өзара байланыста болады да, тек барлығы бірге қосылғанда ғана психикалық даму деп аталынатынын жеке адамның өзгеріс процесін құрайды.
Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала-дамуының осы кезеңдегі оның жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығы құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Л.С. Высотский жас шағы дамудың белгілі, біршама тұйық кезеңі деп қарады. Бір жас сатысынан екіншісіне өтуде пайда болады және даму барысының өзі қайта құрылып, өзгеріп отырады.
Жас ерекшеліктері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықтайды. Бұл - әрі балаға оның өмірінің осы кезеңінде қойылатын талаптар жүйесі әрі айналасындағыларымен қарым-қатынастарының мәнісі, әрі ол игеретін білім мен іс-әрекеттер типі, әрі осы білімдерді игеру тәсілдері. Жас шағына ерекшеліктерді анықтайтын жағдайлардың жиынтығына баланың дене дамуының түрлі жақтарының (мыс, сәбилік шақтағы белгілі морфологиялық құрылымдардың организм өзгерістерінің ерекшелігі т.б.) ерекшеліктері де енеді.
Жас кезеңін айналасындағылармен қарым-қатынас жасаудың даму деңгейі бөлімдердің тәсілдерінің, қабілеттердің даму деңгейі арасындағы байланыс анықтайды.
...