Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Адам эмбриологиясы. Дамудың қауіпті кезеңдері

Автор:   •  Февраль 20, 2019  •  Реферат  •  1,052 Слов (5 Страниц)  •  2,714 Просмотры

Страница 1 из 5

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина университеті

                                       

[pic 1]

      Студенттің өзіндік жұмысы

Тақырыбы:Адам эмбриологиясы. Дамудың қауіпті кезеңдері

Дисциплина:Морфология және физиология негіздері

 Кафедра:Гистология негіздері

Мамандығы: Жалпы медицина

Орындау  түрі:Эссе

        

         

Орындаған: Алматов Алибек

Тобы: 118Б

Тексерген:Темирова.Г.А

Актобе-2019 жыл

                             Дамудың қатерлі кезеңдері

    Онтогенез (жеке даму) – бұл даму ұрық болып түзілуден организмнің қартайып өлуіне дейінгі өзгерістердің жиынтығы. Осы организмнің жеке дамуы барысында көптеген қатерлі кезеңдерді кездестіреді. Әсіресе қатерлі кезең эмбриогенез барысында, яғни ұрықтың сезімталдығы жоғары кезеңдерде байқалады. Ресей эмбриологі дамудың қатерлі кезеңдері жайлы теория қалыптастырды. Бұл теория бойынша, ұрықтың және оның мүшелерінің дамуының әрбір сатысы жасушаның дифференциялануымен, пролиферациясымен, детерминациясымен қатар жүреді. Бұл уақытта эмбрион әртүрлі зақымдаушы әсерлерге (рентген, химиялық заттар т.б) сезімтал болып келеді.

    Ана құрсағында нәресте пайда болысымен екеуінің арасында байланыс, яғни ана-нәресте жүйесі  пайда болады. Олар бір-бірімен плацента кіндік қан тамырлары арқылы байланысады. Анамен нәрестенің әрекеттесуі нейрогумаральдық реттеліс арқылы болады. Сол себепті құрсақтағы бала жағдайы бірінші анаға сезіледі. Бұл жатырдағы рецепторлар арқылы беріледі, егер жатыр рецепторлары тітіркендірілсе, ана организімінде  қан қысымының көтерілуі, тыныс алуының жиілеуі сиақты  өзгерістер пайда болады, ал бұл жатырдығы ніресте жағдайына қолайлы жағдай жасайды. Сонымен ана организміндегі реттелістер ОЖЖ және гормондар  есебінен жүреді.

       Қалыпты жағдайда жүктілік 38-41 апта, осы аралықта жүктіліктің алғашқы үш айы өте қауіпті мыс:кей дәрілік препараттың нұсқаулығында жүктіліктің 1ші триместірінде қолдануға болмайды деген жазуды көреміз. Бұл экзогендік зақымдаушы фактор. Сонымен қатар нашақорлық, алкаголизм, темкі тарту, экологиялық әсерлер және дұрыс тамақтанбау.  Жатырдағы нәрестенің қоретенуі ана есебінен жүреді. Сондықтан ана рационында әдеттегіден көп мөлшерде тағам қабылдау қажет. Тағы бір айтып кетер жайт  ана организміндегі кейбір жетіспеушіліктердің орнын толтыру үшін кей препараттарды қабылдау ұсынылады  мыс: ана организіміндегі анемия(қан аздық) ол жатырдағы нәрестеге гипоксия тудыруы болады сол себепті жүктілік кезінде осы жетіспеушіліктің алдын алу үшін фолли қышқылы, темір препараттары тағайындалады. Бұл жоғарыда аталған зиянды факторлар түрлі ауытқушылықтарға, тіпті шетінеуге алып келуі мүмкін.

      Эндогенді зақымдаушы әсерлерге келер болсақ. Ана мен бала қанындағы конфликттердің болуы. Егер ана қаны 1(0) топ болса, ал нәресте қаны 2(А) немесе 3(В) топ болса, онда нәресте қаны ана организіміне түсіп, анасының қанында оған қарсы антителла түзіледі. Ол нәресте үшін қауіпті себебі ол нәресте организіміндегі эритроциттердің гемолизіне әкеп соғады. Гемолиз нәтижесінде бөлініп шыққан тікелей емес билирубин көбейіп нәресте оргнизімі уланады(ОЖЖ , бауыр , көкбауыр). Бұл жағдайды гемолитикалық анемия дейді. Бұның салдарынан түсіктер немесе өлі туылулар болуы  мүмкін немесе бала туа бітті гемолитикалық сарығыштықпен туылады. Оның ауырлық дәрежесіне қарай спленоэктомия (көкбауырды кесіп алып тастау) жасалады.

     Енді өз тәжірибиемде болған нәресте жыныс мүшесіндегі аномалиялармен мысал келірсем. Қызылорда қаласындағы Урология және Андрология орталығында бірнеше жағдайлар кездестірген болатынмын. Солардың ішінде ерекше көзге түскені, жыныс мүшесі анықталмаған екі жастағы екі сәби. Оларға проффессор Табынбаев.Н.Б ота жасаған болатын. Ота барысында бірінші сәбидің жыныс мүшесін ашып қарағанда, қыз баланың жыныс мүшесіне ұқсас , бірақ аталық без анықталған және кішкене пениске ұқсас өсінді болған. Екінші сәбиде мүшесін ашып қарағанда аталық без анықталмаған жыныс мүшесі қыздың жыныс мүшесіне ұқсас, бірақ жатыр анықталмаған. Екі сәбилердіңде ұл не қыз екені толық анықталмады. Гермофродитизм диагнозы қойылды. Емі аяқталмады алда әліде жағасады. Жалпы жыныс мүшесі 11-12 апталардан бастап дами бастайды 16-18 апталарда УДЗ арқылы нәрестенің жынысын анықтауға болады. Және басқада гипосподия, крипторхизм және туа біткен бүйрек паренхимасының бел омыртқа тұсында емес жамбас астауында орналасуы.

...

Скачать:   txt (14.1 Kb)   pdf (306.4 Kb)   docx (223.4 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club