Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жергілікті флораға жататын негізгі тұқымдастарының сипаттамасы

Автор:   •  Февраль 12, 2021  •  Лекция  •  1,234 Слов (5 Страниц)  •  365 Просмотры

Страница 1 из 5

№ 14 – практикалық   сабақтың  тақырыбы.

Тақырыбы:  Жергілікті  флораға  жататын негізгі  тұқымдастарының сипаттамасы

Жоспары:

1.Оңтүстік  аймақта, жергілікте  өсетін  ағаш және бұтатектес өсімдіктерді  анықтау  және  кеппешөп жасау

2.Мәдени  өсімдіктердің жергілікті  жерде  өсетін  түрлерін  анықтау,  жинау  және  кеппешөп  жасау.

3.Әртүрлі гүлдерден  кепешөп жасау.

Сабақтың  мақсаты  :  Cтуденттерді  өсімдіктердің  әр топқа жататын  түрлерінен  кеппешөп жасату, машықтандыру. :  Өсімдіктерді  морфологиялық  сипаттаудың  кейбір  мысалдарын  келтіру

Сабақтың  мазмұны:

Шырмауықтар  тұқымдасы.  Дала шырмауығы

        Көпжылдық  шөптесін  өсімдік,  биіктігі 20-120см.  Өсімдік  сағағы  жіңішке,  шөптесін,  жерге  төселе  немесе  маңайындағы  өсімдіктердің  тік  сабағына  шырматыла  орала өседі.  Сондықтан  өзіне  сүйеу  болған  өсімдіктің  бірқалыпты   өсуіне  зиян  келтіреді.  Жіңішке  сабақтың  сырт пішіні  жұмыр,  майда-көп  қырлы.

        Дала  шырмауығының  тұқымы  жерүстінде  өнеді (тұқымжарнағын  топырақ  бетіне  көтереді ).  Тұқымжарнақтан  қолтықты  өркендердің  дамуы  өте  ерте  кезеңде  қалыптасады да,  көлбей,  жерге төселе  өседі.  Бұл өркендердің  буындары  қосалқы  тамырланады да,  оны біртіндеп  топырақ  қабатына  тартады.  Яғни, өсімдіктердің  тамырсабақ  табиғаты  эпигеогенді  (жерден  біртіндеп  топыраққа батып,  сіңіріле  қалыптасуы).  Даму  барысында  тамырсабақтың  қосалқы  бүршіктерінен  көптеген  вегетативті  өркендер  қалыптасады.  Демек  өсімдік  вегетативті  жылжымалы.  

        Тұқымжарнақтың  астыңғы  қылтаны біртіндеп,  белсенді  тарамдалған  кіндік  тамырға  өтеді де,  бірнеше  көктеу  жазында  көптеген  вегетативті  бүршіктер  қалыптасады.

        Жапырақтары  кезекті  орналасқан,  сағақты,  түбі  жебе  немесе найза  пішіндес,  кең  бүтін 1-2  тісті  құлақшасы  болады. Жапырақ  жұмыртқа  немесе  эллипс  пішіндес.

        Гүлдері жекелеген,  ақшыл-қызғылт,  біршама  ірі түтікті  қоңырау  тәріздес.   Қос  гүлсерікті  тостағаншасы  бес, түбі  кіріккен,  жоғары бөлігі бос,  күлтесі  бесеу  толық кіріккен,  аталығы-5,  жіпшелері  күлте түбіне  бекіген.

                Шаруашылық   маңызы:  аса  зиянды  арамшөп,  ірі қара малға  улы.

Астық  тұқымдасы.  Жатаған бидайық

              Көпжылдық  шөптесін  өсімдік,  биіктігі 50-100 см.  Бидайық   сабағы  арасы қуыс  сабан,  жасыл  немесе  сұрғылттау, сидам,  жапырақ  қынапшасы  жалаңаш  жылтыр,  тілшегі  қысқа.

      Жапырақтары  кезекті  орналасқан,  қынапшалы,  табақшасы жалпақ-таспалы,  сирек  жағдайда  ширатылған.  Жапырақ табақшасының  асты тегіс,  үстіңгі  беті  кедір-бұдыр.  Жатаған бидайық  біздің  республикада ең   көп  тараған,  вегетативті  көбейетін  мүшесі,  бірмаша  тереңдікте  орналасқан,  ұзындығы  әртүрлі   тамырсабақтар  бар  өсімдік.  

       Атпа  өркендер  тамырсабақтың  қосалқы  бүршіктерінен  дамиды.  Бидайықтың   тамырсабағының  қалыптасуының  ерекшелігі,  өзінің  қосалқы  бүршігінен пайда  жерасты  өркені,  жер бетіне  көтерілмей-ақ  тамрсабаққа  айналады (өтеді).  Тамырсабақтың  мұндай   тәсілімен  пайда  болуын-гипогеогендік  деп  атайды.

                Жер  бетіне  көтерілген  атпа  өркен  толық  жетіліп, гүлдеп, жемістенгеннен  соң,  қурайды.

Шаруашылықтағы маңызы: егістіктердегі аса  зиянды  арам шөп  және өте  құнарлы  шалғындық,  жайылымдық  шөп.

...

Скачать:   txt (10.4 Kb)   pdf (84.7 Kb)   docx (10.3 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club