Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Лексика-фразеологиялық бірліктерге қатысты терминдер глоссарийі

Автор:   •  Октябрь 20, 2022  •  Реферат  •  1,354 Слов (6 Страниц)  •  565 Просмотры

Страница 1 из 6

[pic 1]

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Филология және көптілді білім беру институты

Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы


СӨЖ 3

Тақырып: Лексика-фразеологиялық бірліктерге қатысты терминдер глоссарийі

        

6В01701 - "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы

2-курс

206-топ

                                                   Орындаған:Бердімұрат Әмина

                                                     Қабылдаған: Раева Гүлзат

Глоссарий - бұл анықтамалары мен мамандандырылған терминдердің алфавиттелген тізімі. Баяндамада , ұсыныста немесе кітабында глоссарий әдетте қорытынды жасағаннан кейін орналасқан. Сондай-ақ клавиш (латын сөзінен «кілт») деп те аталады.

Лексика саласындағы терминдерге глоссарий:

  1. Омонимдер (гр. homos – біркелкі, onyma – есім) — шығуы жағынан да, мағына жағынан да басқа-басқа, айтылуы және жазылуы бірдей сөздер.

моним сөздерді көп мағыналы сөздерден ажырату қажет. Өйткені бұлардың үйлестігінен гөрі айырмашылыктары көбірек. Қазақ тілінде атдеген түрде біріне-бірі байланысы жоқ, екі-үш түрлі сөз бар.

  1. Ат – жұмыс көлігі;
  2. Ат – есім, атау;
  3. Ат – етістік (бұйрық рай).

Бұлар — жеке-жеке үш сөз. Бұл сөздердің арасында өзара мағыналық ешбір байланыс жоқ, тек айтылулары ғана бірдей. Осы сөздердің әрқайсысы өз алдына көп мағыналы сөз. Мысалы, ат: біріншіден, жалпы көлік; екіншіден, жылқының үйірге түспейтін еркегі; т. б. мағыналары бар. Мұнда тек дыбыстық үндестікқана емес, мағыналық байланыс бар. Ал, алғашқы келтірілген ат деген үш сөзде дыбыстық бірлестік қана бар мағыналық байланыс жоқ.

  1. Синонимдер - айтылуы, естілуі, жазылуы әр алуан, мағыналары бір-біріне жақын, жуық мәнді сөздер.

Синонимге тән негізгі белгілер:

  1. синоним сөздердің дыбысталуы әр түрлі болады;
  2. синоним сөздердің мағынасы бір-біріне жақын болады;
  3. синоним сөздер бір сөз табынан болады.

Мысалы, менің әпкем - сұлу, әдемі қыз. Бұл жердегі синонимдік қатар – «сұлу, әдемі».

  1. Антонимдер - мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер. Мысалы, үлкен-кіші, ақылды-ақымақ, жуан-жіңішке, биік-аласа.

Қазақ тілінде антоним сөздер мақал-мәтелдерде, жұмбақтарда көп қолданылады. Мысалы, «Ақылды бала – арлы бала, ақылсыз бала – сорлы бала» т.б.

  1. Көп мағыналы сөздерді ғылымда полисемия деп те атайды. Олар сөздер бір сөз табынан болады және бір негізден таралады.

Мысалы, "бас" сөзі. Негізгі мағынасы — адамның басы, яғни анатомиялық мүше болса, көп мағынаға ие болғанда абстрактілі мағынада қолданылады.

Мысалы, әңгіменің басы, жиналыстың басы, жолдың басы т.б. Осы жердегі "бас" сөзі бір негізден таралып, бір сөз табынан болып тұр.

Ал "жерді бас" деген мысалда етістік болып тұр, ол да көп мағыналы сөз бе деген орынды сұрақ туындаса, бұл жерде етістік мағынасындағы "бас" пен зат есім болып тұрған "бас" — омоним сөздер. Көп мағыналы сөз бен омонимдердің айырмашылығы осында.Яғни,  көп мағыналы сөздер омонимдер сияқты бір негізден тарамайды, бір сөз табынан болмайды.

  1. Көнерген сөздер – күнделікті қарым-қатынаста жиі қолданылмайтын, бірақ тілдің сөздік қорындасақталған, көпшілікке түсінікті сөздер. Көнерген сөздер көнелену дәрежесі мен себебі және қолданылу сипатына қарай өзіндік лексикажүйесін құрайды. Көнеру дәрежесі бойынша: 
    а) мағынасы түсініксіз сөздер (байыз – байыз табу, кежеге– кежегесін кейін тарту);
    ә) мағынасы түсінікті, бірақ сирек қолданылатын сөздер (бәйбіше, қатын, мыстан, алдаспан) болып бөлінеді. 
    Көнерген сөздер көнеру сипаты мен тілдегі қолданылу ерекшеліктеріне қарай екіге бөлінеді: тарихи сөздер мен архаизмдер. Тарихи сөздердің көнеруі лауазымдық атаулардың, қоғамдық құбылылыстардың жойылуымен, сондай-ақ, әскери қару-жарақ, өндірістік құрал-жабдықтардың қолданыстан шығып қалуымен байланысты (болыссұлтанбарымтаақ беренайбалта). Архаизмдер халықтың күнкөріс тіршілігіне, салт-сана тұрмысына, әдет-ғұрпы, дүниетанымына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып, ескіріп, пайдаланудан біржола шығып қалған сөздер (жаушыдағараергенексаптыаяқтүменасадалдүрияпатсайы, т.б.). Әйтсе де, қайсыбір көнерген сөздер жаңа мағына алып, сөздік құрамдағы белсенді сөздерге қосылуы мүмкін. Мысалы, жасақ– жасақшы, төре– төреші тәрізді сөздер қосымша жалғану арқылы қайтадан күнделікті қолданысқа ие болды. Көнерген сөздер тарихи өзгеріп отыратын лексика-семантикалық құбылыс.
  2. Неологизмдер – ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге ене бастаған жаңа сөздер. Мысалы: кеден, ұшақ, жарнама, делдал, зейнетақы, саябақ т.б.

Неологизм негізінен мына жолдармен жасалады:

Бұрыннан бар сөздерге түрлі жұрнақтарды қосу арқылы: оқулық, көрермен, балмұздақ, өміршең т.б.

Жалқы есімдерді жалпы есімдерге айналдыру арқылы: суворовшылар, мичуриншілер т.б.

...

Скачать:   txt (17 Kb)   pdf (122.1 Kb)   docx (26.2 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club