Инклюзивті білім беру
Автор: nurdinova2020 • Июнь 21, 2022 • Лекция • 5,670 Слов (23 Страниц) • 440 Просмотры
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Философия және саясаттану факультеті
Педагогика және білім беру менеджмент кафедрасы
«Инклюзивті білім беру» пәнінен семинар сабақтарын өткізуге әдістемелік ұсыныстар
«Инклюзивті білім беру» пәнінен семинарлық сабақтардың негізгі міндеті — студенттердің арнайы педагогиканың теориялық негіздері бойынша білімдерін тереңдету және бекіту; мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім мен тәрбие беру және әлеуметтендірудің психологиялық-педагогикалық негіздерін меңгеріп, білімдері мен құзыреттіліктерін жетілдіру;
инклюзивті білім мен тәрбие берудің заңдылықтар мен ұстанымдарын, әдіснамалық және психологиялық негіздерін, оқытудың түрлері мен формаларын меңгерту; мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік ортаға бейімделуіне педагогикалық-коррекциялық, психологиялық жағдай жасау амалдарын, кедергілерді жою жолдарын меңгерту.
Семинар сабақтарына дайындық кезінде студенттер лекциялар конспектілерін, осы тақырыпқа қатысты негізгі ұсынылған әдебиеттерді, нормативтік-құқықтық құжаттарды оқып білуі тиіс. Сабақтан қалған (себептеріне қарамастан) және семинар сабақтарында қанағаттанарлықсыз баға алған студенттер оқытушыға консультацияға екі аптадан кешіктірмей келуге және сабақта оқыған тақырып бойынша жұмыс істеуге міндетті.
Семинар 1.
Тақырыбы: Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі, ғылым саласы ретінде дамуының негізгі кезеңдері
Мақсаты: студенттердің инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесімен, арнай педагогика ғылым саласы ретінде дамуының негізгі кезеңдерімен таныстырып, теориялық білімдерін тереңдету.
Талқылау үшін сұрақтар:
- Шет елдерде XX ғасырға дейінгі дауында ақауы бар балаарды зерттеу тәжірибесі.
- Арнай педагогикалық ойлардың даму кезеңдері.
- Арнай педагогика ғылымының қалыптасу және даму кезеңдері.
- Қазақстандағы арнайы білім беру жүйесінің дамуы.
- Қазіргі таңдағы инклюзивті білім мен тәрбие берудің өзекті мәселелерін талдау.
Студенттерді бес топқа бөлініп дискуссия жүргізеді. Әр топ өзінің ортақ пікірін ұсынады.
Әдебиеттер:
- Абаева Ғ.А., Төребаева К.Ж., Оразбаева Г.С., Қартбаева Ж.Ж. Арнай педагогика. Оқулық. - Қарағанды, 2019. - 262 б.
- Айтбаева А.Б. Арнай педагогика негіздері: оқу құралы. – Аламты: Қазақ университеті, 2017. – 250 б.
- Айдарбекова А.А. Ермекбаева Л.Х., Дербисалова Г.С., Самигулина З.Р. Жалпы білім беретін мектепте ерекше білімдік қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу: әдістемелік ұсыныстар/ Алматы, ННПЦ КП, 2014.-116 с.
- Білім беру ұйымдарының тәжірибесіне инклюзивтік педагогика мен енгізу жүйесінің қағидаларын дайындау. Әдістемелік ұсынымдар. –Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 33 б.
- Ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру үдерісіне енгізу үлгілерін дайындау. Әдістемелік ұсыныстар.– Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2015. – 48 с.
- Жалпы білім беретін мектептерде арнайы сыныптардың жұмысын ұйымдастыру. Әдістемелік ұсынымдар.-Астана:Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА , 2016. – 47 б.
- Инклюзивтік білім беру: Барлық балаларға арналған ОДВ стратегиясы /Петерс Сьюзен Дж. /Т.В. Марченко, В.В. Митрофаненко, В.С. Ткаченко редакциясымен; ағылшын тілінен аударған Ю. В. Мельник. – Ставрополь: ГОУВПО «СевКавГТУ», 2010. – 124 с.
- Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 13 б.
- Мадалиева, З.Б., Б. А. Әрінова. Арнайы педагогика және психология негіздері : оқу құралы / З. Б. Мадалиева, Б. А. Әрінова ; әл-Фараби атын. ҚазҰУ. - Алматы : Қазақ ун-ті, 2016. - 185 б.
- Мектепке дейінгі ұйымда инклюзивтік білім беру: әдістемелік ұсыным.–Астана, 2014.–25 б.
Семинар 2.
Тақырыбы: Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығын, еркіндігі мен бостандығын сақтаудағы отандық және халықаралық нормативтік құжаттар
...