Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Инклюзивті білім беру моделі

Автор:   •  Октябрь 9, 2018  •  Реферат  •  1,593 Слов (7 Страниц)  •  16,900 Просмотры

Страница 1 из 7

Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Инклюзивті білім беру моделі.

Орындаған: Танысбекова М

Тексерген: Сатыбалдина Р

2018 ж

Жоспар

           Кіріспе...................................................................................................3

  1. Инклюзивті білім берудің мақсаты, міндеті, қағидалары............4
  2. Инкюзивті білім берудің негізгі бағыттары..................................6
  3. Қазақстанда инклюзивті білім беру жүйесінің моделі.................7
  4. Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі....................8
  5. Қорытынды
  6. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

        

Кіріспе

Мүмкіндігі шектеулі балаларды сапалы біліммен қамту - қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Соңғы жылдары арнаулы білім жүйесінде кемтар балалардың білім алуға қолжетімділігін кеңейтуге оң өзгерістер жасалып жатыр. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы», «Қазақстан Республикасында кемтарларды әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізді, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру мақсатында 2009 жылғы ҚР инклюзивті білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленген және 2010 жылдың 1 ақпанында бекітілген ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама.

        

3

Инклюзивті білім берудің мақсаты, міндеті, қағадалары.

Инклюзивті білім беру дене бітіміне, психикалық, интеллектуалдық,

мәдени, этникалық, тілдік және өзге ерекшеліктеріне қарамастан ерекше білім

беруге қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру кеңістігіне енгізуді, олардың сапалы білім беруде кедергілерді жоюды және әлеуметтік ортада

бейімделуін және ықпалдасуын көздейді. Ерекше білім беруге қажеттілігі барбалаларға ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар; мигранттар мен

оралмандар отбасыларының, аз ұлттар балалары; қоғамға әлеуметтік бейімделуде қиындықтары бар балалар жатады.

Кеңейтілген мағынада инклюзивті білім беру дегеніміз – кедергілерді жоюмен ерекше білім беруге қажеттілігі бар адамдарды оқыту процесінде енгізугебағытталған білім беру процесі және олардың сапалы білімге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

     Әдістемелік ұсынымның мақсаты: инклюзивтік білім беру кезінде

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасының қолжетімділігін

қамтамасыз ету.

Міндеттері:

- мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивтік ортаны бейімдеу;

- мектепке дейінгі ұйымдарда мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-

педагогикалық қолдау үшін пункттер құру;

- мектепке дейінгі ұйымдарда мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыста

педагогтерге арналған біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру болып

табылады.

Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі балаларға оқуда жетістікке

жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы

бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы балаларды адамгершілікке,

ізгілікке, қайырымдылыққа және толеранттылыққа тәрбиелей аламыз.

Инклюзивті оқытудың негізгі қағидалары:

1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.

...

Скачать:   txt (25.2 Kb)   pdf (165.3 Kb)   docx (21 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club