Жас ерекшелігі психологиясынын баска гылымдармен байланысы
Автор: Аяжан Файзулина • Май 8, 2023 • Реферат • 697 Слов (3 Страниц) • 228 Просмотры
3. Жас ерекшелігі психологиясынын баска гылымдармен байланысы
Жалпы психологияда психикалық функциялар – қабылдау, ойлау, сөйлеу, есте сақтау, зейін, елестету зерттеледі. Жас ерекшелігі психологиясында әр психикалық функцияның әр түрлі жас кезеңдеріндегі даму процесі қадағаланады. Тұлға психологиясында мотивация, өзін-өзі бағалау және талап ету деңгейі, құндылық бағдарлары, дүниетанымы сияқты тұлғалық қалыптасулар қарастырылады. Жас ерекшелігі психологиясы бұл өзгерістер балада қашан пайда болады, олардың белгілі бір жаста қандай ерекшеліктері бар деген сұрақтарға жауап береді.
Жас ерекшелігі психологиясынын басқа ғылымдармен байланысы: анатомия, физиология, философия, психология.
Жалпы психология - барлык психологиялык гылымдардын теориялык негiзi. Жалпы психология - психика дамуынын жалпы заңдылыктарын, оны зерттеу әдістерін, теориялык принциптерін жане оның ғылыми ұғымдарының калыптасу жүйесін зерттейдi.
Анатомия және физиология - бала дене құрылысының әр жаска қарай нығайып өсуiн, органдардың атқаратын қызметін, әр жаста түрлiше өзгерiстерге ұшырау себептерiн көрсетедi.
Философия - барлык ғылымдардын әдiснамалык негiзi. Философия барлык гылымдар ескеретін ортак зандылыктарды ашады (қарама-қайшылык, дамудын секірмелілігі заны). Жас ерекшелік психологиясының ен тыгыз байланысатын гылымы педагогика болгандықтан — зерттейтін обьектісі бір. Ягни бала, жеткіншек, жасөспірім. Бірак баланы зерттегенде зерттеушi оның психикасының әр турлі жағын алып карастырады. А.С Выготский, А.П Нечаев пікірінше, баланын психикасын зерттеу (дамуын көрiп, дұрыс бағыт беру) тек оқу тәрбие процесiнiн барысында жургiзiлуi тиiс. Дегенмен де даму туралы қарастырсақ: бул жас туралы түсiнiктi бередi, яғни «жас» және «жастық шақ», «жас» немесе «жастық кез» - бұл даму циклі болып табылады. Жас ерекшелік кезенi психикалык даму функциясымен ерекшеленіп коймай, ол әр жастагы карым- катынасын, негiзгi жас мөлшерiн аныктайды.
Жас ерекшелігі психологиясының әлеуметтік психологиямен байланысы баланың дамуының ол жататын топтардың ерекшеліктеріне тәуелділігін байқауға мүмкіндік береді: отбасынан, балабақша тобынан, мектеп сыныбынан, жасөспірімдер қоғамынан. Тәрбие психологиясы аясында ересектердің баланы тәрбиелеу мен оқытудың мақсатты ықпалы зерттеледі. Дамыту-педагогикалық психология бала мен ересек адамның өзара әрекеттесу процесін әр қырынан қарайды: жас ерекшелігі психологиясы бала, педагогикалық психология тәрбиеші, мұғалім көзқарасы тұрғысынан. Дамудың жас ерекшеліктерінен басқа, дифференциалды психология айналысатын жеке ерекшеліктер де бар: бір жастағы балалардың интеллектінің әртүрлі деңгейлері және әртүрлі тұлғалық қасиеттері болуы мүмкін. Жас ерекшелігі психологиясында барлық балаларға тән жас ерекшеліктеріне байланысты заңдылықтар зерттеледі. Бірақ сонымен бірге дамудың негізгі бағыттарынан бір бағытта немесе басқада ықтимал ауытқулар да қарастырылған.
Қортынды:
Жас ерекшелігі психологиясының өзі бірнеше бөлімдерге бөлінеді: балалар психологиясы, жастық шақ психологиясы, ересек жас психологиясы және геронтопсихология. Психологияның осы салаларының барлығы бір-бірімен тығыз байланысты, өйткені олардың біреуін білмеу немесе түсінбеу білім мен тәрбиені қалыптастыру процесінде үлкен кемшілік болып табылады. Әр жастың психологиялық процестерінің өзіндік ерекшеліктері бар, туындаған мәселелерді болдырмау немесе дұрыс жою үшін психологияның басқа салаларын білу қажет.
...