Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Темір жол көлігіндегі байланыс

Автор:   •  Апрель 20, 2018  •  Курсовая работа  •  6,146 Слов (25 Страниц)  •  2,321 Просмотры

Страница 1 из 25

1 Темір жол көлігіндегі байланыс

  1. Технологиялық байланыстың жіктелімі және мақсаты

Бұл өзара әрекеттестікті ұйымдастырудағы басты роль өз болмысы бойынша технологиялық болып табылатын көлік байланысына тиесілі. Әсіресе пойыздардың қозғалысын тікелей басқарудағы, жүк ағындарын реттеудегі және жылжымалы құрамның ең тиімді қолданылуын ұйымдастырудағы технологиялық байланыстың ролі жоғары болып табылады.

Технологиялық байланыстың (1.1-сурет) екі желісі бар: жалпы технологиялық (немесе жалпы қызметтік) желі және жедел сипаттағы мәселелерді шешуге арналған, яғни жедел-технологиялық желі (ЖТЖ). Біріншісі темір жол көлігі бөлімшелерінің, қызметтерінің және кәсіпорындарының жұмысын жалпы басқаруға арналса, екіншісі технологиялық процесті тікелей ұйымдастыруға және пойыздардың қозғалысын реттеуге, аралықтардағы және учаскелердегі техникалық құрылғылардың жұмысын қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар көліктің техникалық құрылыстарын пайдалануға және жөндеуге арналған. Темір жол көлігін басқарудың барлық бөлімдерінің үздіксіз және тәртіпке салынған жұмысын қамтамасыз ету үшін технологиялық байланыс желісі құрылады. Қолданылу аймағы бойынша қосымша технологиялық желілер жалпы қызметтік және жедел-технологиялық желілерге бөлінеді. Жалпы қызметтік қолданыстағы және жергілікті телефон байланысының желілері темір жол көлігі бөлімшелерінің жұмысын жалпы басқаруға арналған және өзара байланысқан байланыс желісіне қосылуы тиіс (ӨБЖ). Кейбір жағдайларда алғашқы желінің ортақ арналарын және коммуникациялық құрылғыларды қолдану арқылы жеке қосымша желілер қосылуы мүмкін. МПС технологиялық байланыс желісінде интеграл цифрлық байланыс жүйесін енгізген кезде бұл процесс анағұрлым қарқынды түрде жүретін болады. Онда ақпараттық сигналдардың берілуі және үлестірілуі бірыңғай цифрлық түрде жүзеге асырылады. Желілерді және арналарды бірыңғай жүйеге біріктіру желіні және хабарлау  ағындарын басқару жүйелерін анағұрлым оңтайлы түрде құруға мүмкіндік береді. Технологиялық байланыстың алуан түрлерін және оларға сәйкес желілерді негізгі екі белгісі бойынша жіктеуге болады: берілетін ақпарат түріне және әрекет ету ауданына байланысты.

Берілетін ақпараттың түріне байланысты технологиялық байланыстың қосымша желілері телефон (сөйлеу), телеграф (әріптік-цифрлық мәтінді жіберу), деректерді табыстау, телебасқару сигналдарын жіберу және телебақылау желілеріне бөлінеді. Бұған қоса, көлікте үш технологиялық радиобайланыс қызмет атқарады. Желілік байланыс және радиобайланыс желілері бөлек жұмыс істейді және міндеттері бойынша ортақ технологиялық байланыс желісін құрайды. Станциялық технологиялық байланыс желісін АСУЖТ жүйе бөліктерінің қызметін қамтамасыз етуге арналған деректерді табыстау желісімен, сондай-ақ темір жолдардың кез-келген пункттерінің арасында қызметтік телеграфтық хабарламаларды жіберуге арналған технологиялық телеграфтық байланыс желісімен толықтырады.

[pic 1]

1.1-сурет. Технологиялық байланыстың жіктелуі

Әрекет ету ауданы бойынша технологиялық телефон байланысының желісі магистральді, жолдық, бөлімшелік және станциялық байланыс желілеріне бөлінеді. Осы желілердің әрқайсысында қолданылу аймағымен және темір жол көлігінің тиісті бөлімшелерін басқару процесіне ықпал ету дәрежесімен ажыратылатын байланыстың жалпы қызметтік және жедел-технологиялық түрлері кешені ұйымдастырылады.

Байланыстың магистральді желісі барлық МПС байланыс желісінің немесе жартысының шегінде ұйымдастырылады, оған байланыстың келесі түрлері жатады:

- кеңестердің магистральді байланысы (МСС) — МПС басқарушы қызметкерлерінің жедел кеңестерін жүргізу және темір жолдарды басқару үшін;

- магистральді – басқарушылық байланыс (МРС) — вагондар мен жүктерді реттеу үшін, сондай-ақ  локомотив және вагон парктерін темір жолдардың бағыттары бойынша бөлу үшін. Ол жолдар қозғалысы қызметінің үлестіруші бөлімдері бар жолдық телефондық байланыс арналары бойынша вагон ағындары пайда болатын тораптық және басқа да ірі станциялармен байланыс орнату үшін жолдар басқармаларының жауапты қызметкерлері бар және жолдық қалааралық телефон станциялары бар жолдар жұмысын тікелей басқару қызметін атқарады;

...

Скачать:   txt (85.9 Kb)   pdf (856.8 Kb)   docx (173.3 Kb)  
Продолжить читать еще 24 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club