Достық – асыл қасиет
Автор: 44488899 • Декабрь 19, 2022 • Реферат • 967 Слов (4 Страниц) • 288 Просмотры
Бекітемін:[pic 1]
Мектеп директоры: АААА
Шымкент қаласы
№39 М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебінің шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік комуналдық кәсіпорыны
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы:
Достық – асыл қасиет
Орындаған: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі ААААА
2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫ
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Бөлім: | 4-бөлім: Сүйіспеншілік пен достық |
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сынып: 7 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Достық – асыл қасиет |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: | 7.2.5.1.Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру 7.4.3.1.Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар үшін: Мәтін бойынша сұрақ құрастыра алады, фразеологизм мен мақал-мәтелдерді ажырата алады; Көпшілік оқушылар үшін: Мәтін бойынша проблемалық сұрақ құрастыра алады, фразеологизм мен мақал-мәтелдердің мәнін, көркемдік ерекшелігін түсініп қолдана алады; Кейбір оқушылар үшін: Мәтін бойынша проблемалық сұрақ құрастыра алады, оған жауап бере алады, фразеологизм мен мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшелігін түсініп өмірде қолдана алады; |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы | Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Кезекшімен сұхбат. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру. Бөлімді қорытындылау және алдағы сабақпен байланыстыру мақсатында оқушыларға бір-біріне денсаулыққа қатысты мақал-мәтелдер арқылы тілек тілеуін, ақыл-кеңес айтуын ұсыну. | Мұғаліммен сәлемдеседі. Бөлімді қорытындылау және алдағы сабақпен байланыстыру мақсатында оқушылар бір-біріне денсаулыққа қатысты мақал-мәтелдер арқылы тілек тілейді, ақыл-кеңестерін айтады. Мысалы: Мерей «Адамның басты байлығы денсаулық» дегендей өзіңнің денсаулығыңды күт. | Белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!», «Өте жақсы», «Тамаша» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. | Слайд Мақал-мәтелдер | ||||||||
Алдыңғы сабақты пысықтау | Алдыңғы сабақты пысықтау. «Кеден» әдісі 61-бет 11-тапсырма. Берілген сұрақтарға жазбаша жауап беру. -«Денсаулық зор-байлық» тақырыбы бойынша не үйрендің? -Сен үшін бұл бөлімдегі қай мәліметтер маңызды болды? -Өз жұмысыңа, сыныптастарыңның топ ішіндегі әрекеттеріне көңілің тола ма? -Осы бөлім бойынша тағы не білгің келеді? -Осы бөлім бойынша тағы қандай ақпарат көздерін оқисың? | Топта отырған оқушылар «Кеден» әдісінің ережесіне сәйкес бір-бірінің дәптерлерімен ауысып, үйде орындап келген тапсырмаларын оқиды. Топ бойынша ақылдаса келе, үй тапсырмаларының барлығын кеденнен өткізіп, бір-біріне кері байланыс беріп, ішіндегі ең үздік жұмысты әр топтан бір оқушы ғана оқиды. | Дескриптор: -Бөлім бойынша не үйренге нін жазады; -Бөлім бойынша қай мәлімет маңызды болғанын ажырата алады; -Өз жұмысы мен сыныптастарының жұмысына баға береді; -Бөлім тақырыбына сәйкес алға мақсат қоя алады; Мұғалім әрбір жауап берген оқушыларға жүрекшелер үлестіріп отырады. | Бағалау үшін берілетін жүрекшелер | ||||||||
Қызығушылықты ояту. | Суретке қарап тақырыпты болжау. -Мына сурттерден не көріп тұрсыңдар? -Бұлар кімдер? -Суреттерге тақырып беріңдерші. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Достық –асыл қасиет» Сабақ мақсатымен таныстыру. «Миға шабуыл» стратегиясы -«Асыл» деген сөз қандай мағына береді? -Достық қандай болады? -Досың бар ма? Ол қандай? Саған дос не үшін керек? -Достық туралы жазылған шығармаларды оқыдың ба? «Топтастыру» әдісі [pic 2] Досқа тән тағы қандай қасиеттерді білесіңдер? Міне осы қасиеттерге қарай топтарға бірігеміз. (түрлі-түсті жүрекшелерді таңдап, артында жазылған сөздерге қарай топтарға бірігеді.) 1 топ Адалдық 2 топ Шыншылдық 3 топ Мейірімділік | Суретке қарап тақырыпты болжайды. Ықтимал жауаптар: «Табиғатқа қамқор достар» «Сағынып кездескен достар» «Шынайы достық» «Достармен өткізген уақыт» Тақтаға плакат ілінеді, оқушылар «Достық» сөзін топтастырады. Досқа тән қасиеттерді атап, жүрекшелерді таңдау арқылы топтарға бірігеді. | Қалыптастырушы бағалау. Өз ойын білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан, сұрақтарға жауап берген оқушыға «Жарайсың!», «Өте жақсы», «Тамаша» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. | Оқулық, жұмыс дәптерлері, Слайд достар суреттері, Тақтаға плакат ілу. Топ аттары жазылған қағаздар. Слайд. | ||||||||
Жаңа сабаққа кіріспе | Ой түрткі -Сұрақтың қандай түрлері бар? -Қандай сұрақтарды проблемалық сұрақ дейміз? (Өзіңді тексер) | Білім алушылар ой түрткі сұрақтарға жауап береді. Слайдтан проблемалық сұрақ туралы білімдерін толықтырады. | Қалыптастырушы бағалау. Өз ойын білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан, сұрақтарға жауап берген оқушыға «Жарайсың!», «Өте жақсы», «Тамаша» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. | Интерактивті тақта, слайд | ||||||||
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу.
| Жеке жұмыс Ж. Айжанованың орындауындағы «Достарым» әнін тыңдату. Ж. Айжанованың орындауындағы «Достарым» әнін тыңдап, мәтінде кездесетін тұрақты тіркестер мен бейнелі сөздерді дәптерлерге теріп жазу.
| Бейнежазбаны көріп, жеке жұмыс тапсырмасын орындайды. Өлең мәтінінде кездесетін тұрақты тіркестер мен бейнелі сөздерді дәптерлеріне теріп жазады. | Дескрипторлар: -Бейнежазбаны мұқият тыңдайды; -Бейнежазбаның мәтінін түсінеді; -Мәтіннен тұрақты тіркестер мен бейнелі сөздерді теріп жазады; Мұғалім әрбір жауап берген оқушыларға жүрекшелер үлестіріп отырады. | Бейнежазба, жұмыс дәптерлері, слайд https://www.youtube.com/watch?v=BACnZLWgnxk | ||||||||
Жұптық жұмыс «Сағат дос» ойыны 9.00-«Дос», «Достық», «Татулық», «Жолдас» туралы мақал-мәтел жазу және мағынасын түсіндіру. 12.00- Арасынан қыл өтпейді, Бауыр басу, Қаймағы бұзылмау, Қол жалғау (қол ұшын беру) тұрақты тіркестердің мағынасын түсіндіру. 15.00- Оқулықта 62-бет 1-тапсырмадағы мәтінді мұқият оқып, мәтін бойынша проблемалық сұрақ құрастыру. 18.00- Оқулықта 64-бет 6-тапсырма. Өлеңде қарамен жазылған сөздердің қайсысы атау, қайсысы фраезологизм, қайсысы эмоционалды сөз екенін айту. | Оқушылар жұптарға бірігіп, «Сағат дос» ойынының тапсырмасын орындайды. Әр уақыт ауысқан сайын жұптарын аустырып отырады. Белсенділікпен қатысады. | Дескриптор: - Достық туралы мақал-мәтел жазады; -Тұрақты тіркестерді және олардың мағынасын ажыратады; -Мәтін бойынша проблемалық сұрақ құрастыра алады; Мұғалім әрбір жауап берген жұптарға жүрекшелер үлестіріп отырады. | Сағат суреті Интерактивті тақта Слайд | |||||||||
Топтық жұмыс «FILA» кестесі.
Оқулықта 64-бетте берілген оқылым мәтіні бойынша «FILA» кестесін толтыру.
Тақтамен жұмыс Оқулықтағы 62-бет 2-тапсырма. Мәтіннен нақты дерек пен авторлық көзқарасты табу. Басқа топ мүшелері топтық жұмыс жасап жатқанда, әр топтан бір оқушы шығып тақтамен жұмыс орындайды. Дәптермен жұмыс Оқулықтағы 64-бет 7-тапсырма. Өлеңдегі қарамен жазылған сөздердің қолданыстағы мағынасын ашып, олардың синонимдік, антонимдік қатарларын жазыңдар. | Оқушылар топпен ақылдасып «FILA» кестесін толтырады. Әр топтан бір оқушы шығып тақтамен жұмыс жасайды. Мәтіннен нақты дерек пен авторлық көзқарасты табады. Топтық жұмысты орындап болған оқушылар дәптермен жұмыс жазады. | Дескриптор: -Мәтіннен фактілерді табады; -Мәтін идеясын анықтайды; -Мәтін бойынша проблемалық сұрақ құрастырады; -Әрекет жоспарын жазады; Мұғалім әрбір жауап берген оқушыларға жүрекшелер үлестіріп отырады. Дескриптор: Мәтіннен нақты дерек пен авторлық көзқарасты табады. Мұғалім әрбір жауап берген оқушыларға жүрекшелер үлестіріп отырады. Дескриптор: Өлеңдегі қарамен жазылған сөздердің қолданыстағы мағынасын ашып, олардың синонимдік, антонимдік қатарларын жазыңдар. Мұғалім әрбір жауап берген оқушыларға жүрекшелер үлестіріп отырады. | «FILA» кестесі | |||||||||
Сабақтың соңы Кері байланыс
| “Аяқталмаған сөйлем” әдісі арқылы кері байланыс жасату. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуы. Үй тапсырмасы 63-бет 5-тапсырма. Өлеңді оқып, екеуіндегі ортақ ойларды тауып, екеуінде де қайталанып тұрғантірек сөздерді жаз. | Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы «Аяқталмаған сөлем» әдісі бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды. | Бағалау парақшасы | Кері байланыс “Аяқталмаған сөйлем” әдісі
|
...