Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Батыс ойшылдарының этнопсихологиялық ойлары

Автор:   •  Ноябрь 26, 2018  •  Реферат  •  507 Слов (3 Страниц)  •  1,461 Просмотры

Страница 1 из 3

Батыс ойшылдарының этнопсихологиялық ойлары

Герадоттан бастап ежелгі ғасыр ғұламалары барлық елдердің ұлттарының тұрмыс салттарына, ұлттық ұстамдарына үлкен назар аударды. Халықтардың ұлттық ерекшеліктері туралы білімдер елдер арасында тиімді жолмен сауда саттық және мәдени  қарым – қатынас орнатуға мүмкіндік беріп отырды. Тайпалар мен ұлттардың бет пішіндеріндегі, салт-дәстүрлері мен  мәдениеттеріндегі айырмашылықтарды, қарастыра отырып ғұламалар сол айырмашылықтардың табиғатын анықтауға тырысты. Гиппократ ұлттардың фихиологиялық және психологиялық айырмашылықтарын географиялық орналасу және климаттық жағдайлардың ерекшеліктерімен түсіндірді.

 Ұлы географиялық жаңалықтар кезінде Жер шарының  тұрғындарының өмір салты мен мінезіндегі айырмашылықтарға үлкен қызығушылық туындағанымен, халықты ғылыми  психологиялық бақылаулардың пәні жасаудың алғашқы қадамдары тек XYIIIғ. жасалды. Тағыда орта мен климат халықтар арасындағы айырмашылықтардың негізінде жатқан факторлар ретінде қарастырылды. Осылайша, интеллектідегі айырмашылықтарды анықтай келе, оларды климаттың сыртқы жағдайламен түсіндірді.

 Интеллект ғана зерттелмеді. XYIIIғ. ағартушылары халық рухы түсінігін енгізді және оның географиялық факторлармен байланыстылығы міселесін шешуге тырысты. Француз философтарының ішінде детерминизімнің айұын өкілі болып Ш.Монтескье болып табылады. Ол «көптеген заттар адамдарды басқарады: климат, дін, заңдар, басқару принциптері, өткен өмірдің үлгілері, дәстүр; осының нәтижесінде халықтың жалпы рухы пайда болады» деп түсіндірген болатын. Бірақ көптеген факторлардың ішінен бірінші орынға климаты кеткен. Филисоф, тарихшы Шарль Монтескье қоғамды ұлттың рухынан көрінетін заңдылығы бар әлеуметтік ағза ретінде қарастырды.

 Халық рухы идеясы XYIIIғ. тарихының неміс философиясыны енді. Көрнекті өкілдерінің бірі болып И.Г.Гердер табылады. Ол халық рухын қарастыра отырып,  «қылықтық жан», «халықтың жан» және «халық мәнезі» түсініктерін бөлмеді Гердердің көзқарасы бойынша, халық рухын сезімдері, тілі, істері арқылы білуге болады, яғни  олардың бүкіл қмірін зерттеу қажет.

 Халықтардың мінезі туралы білімнің дамуына өз үлестерін қосқан ағылшын философы Д.Юм, ұлы неміс ойшылдары И.Кант, Г.Гегель қосқан болатын. Олардың халық рухына әсер ететінін факторларға қатысты ойлар айтып қана қоймай, сонымен қатар олардың кейбіреулеріне «псизологиялық портреттер» ұсынды.

...

Скачать:   txt (7.6 Kb)   pdf (67 Kb)   docx (11.9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club