Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Осымандық мәдениеттің Батыс пен Шығысқа ықпалы

Автор:   •  Сентябрь 29, 2018  •  Реферат  •  1,030 Слов (5 Страниц)  •  761 Просмотры

Страница 1 из 5

ӘЛ-ФАРАБИ  АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

                                   Шығыстану   факультеті  

                                        ТҮРКСОЙ   кафедрасы  

                               СӨЖ 

Осымандық мәдениеттің Батыс пен Шығысқа ықпалы

Орындаған: Әлімбетова Айгерім

Тексерген: Абдукадыров Н.М

                                     Алматы, 2018 ж.

                                         

                                                Жоспар:

  1.  ХIV- XVII ғасырдағы Осман империясының мәдениеті.

А. Поэзия

Б. Архитектура

     2. Османдық мәдениеттің Батыс пен Шығысқа ықпалы.

     3. Қортынды

     Орта ғасырдағы өзінің бір маңызды көрінісін түрік мәдениеті  әдебиеттен тапты. Жазба көркем әдебиеті селжұқтың жалғасы ретінде дамыды. Оған да сол  бір қасиеттер тән:  имитация, поэтикалық жанрдың үстемдігі, ақындардың тілінде араб және парсы сөздерінің көптігі, сондықтан да ол қарапайым түріктерге  түсініксіз болды. Бұл әдебиет сол заманның түрік қоғамына арналған.

     Түрік жазба көркем әдебиетіне парсы үлгілері басым әсер етті. Дегенмен сол кездің өзінде XIV  ғасырда   шығармалары түрік  тілімен де  танымал көрнекті ақындар болды. Мәдениеттің  даму кезеңіне шолысақ селжұқтар дәуірінің  өзінде осындай екі ақынымыз аталынады: Сұлтан Велед және Юнус Эмре, олар  XIII- XIV ғасырлар аралығында  шығармашылықпен айналысқан. Бұл ақындардың есімі селжұқ пен осман дәуірімен байланысты. Олардың жалғастырушысы шейх Али Ашык- паша (1271-1332), оны Осман мемлекетінің бірінші түрік ақыны деуге болады. Оның ең бір үлкен ақындық шығармасы «Гарибнаме» және «Книга чужака-скитальца» деп аталынады. «Гарибнаме» адамгершілік идеялармен толықтырылған. Түрік әдебиетінің ең үлкен даму кезеңі  XX- ғасырдың екінші жартысында Османлы мемелекетінің мықты империя болу кезеңімен басталды. Бірақ сол кездің өзінде түрік әдебиеті имитациялық сипатта жүрді. Түрік әдебиеті XV-XVI ғасырда сарай сотының қолдауына тәуелді болды. XV ғасырдың 2-ші жартысында – XVI ғасырдың бас кезеңінде негізгі басым ақындардың есімі- Ахмед-паша, Неджати, Михри- хатун, Мосихи т.б аталынды.  Ахмед- паша Бурсайда дүниеге келген ақын-лирик. Түпнұсқадағы өлеңдері аз болғанымен, осман-түрік тілінде жазылғандықтан үлкен маңызға ие.  Көбіне түпнұсқалы және талантты ақын Иса Неджати болды. Ол Амасьиде дүниеге келген христиан құлының баласы, ұрпағы екенін атының өзі айтып тұр. Оның шығармасынан тек  мазмұнының мәні  ғана емес қаншалықты талғампаздығы, әсемділігі ,  байқалады. Михри- хатун ерекше қызығушылықты тудырады. Әйел-ақын Түркияда сол кезде де, одан кейінгі уақытта да ерекше құблыс болды. Михри-хатун Амасьиде дүниеге келген, сол қаланың кадиясының қызы болған. Әйелге білім беруді жоққа шығаратын мұсылман дәстүріне қарамастан, ол бұл білімді әкесінен алды.Ақын Месихидің шыққан тегі албан, талантты ақын-лирик, әсіресе  өзінің табиғатты суреттеуімен даңқы шыққан. Ең маңызды шығармаларының бірі  «Көктем» поэмасы және өлеңі, көктемді сипаттауға арналған. Месихи тағы поэзияда юморлық жанрдың авторы. Бұл жанр кішігірім «Шехренгиз»- «Возбуждающий город» поэмасында ұсынылған. Заманауи  Месихи және көрнекті ақын Хамди Мұхаммед Хамдуллах (1449-1503). Оның шығармаларының арасындағы 5 поэма ерекше орын алады. Солардың ішінде ақынның атағын шығарған поэма «Лейла и Меджнун». Бұл поэма өзінің жоғары суреттелуімен ерекшеленеді. XVI- ғасырда Осман империясы өзінің биік бір деңгейіне жеткен кезде  түрік мәдениетіде сол дәрежеге жетті. Алдынғы он жылдықта түрік поэзиясы өзінің өркендеуін жалғастырды.Сұлтандар ғана емес сонымен қоса князьдерде ақындар көп болды. Осы жылдар ішінде ақындар түрік әдебиетіне өшпес із қалдырды. Олардың ішіндегі ең маңыздылары Хыяли, Зати, және әсіресе Бакы.Хыяли- ақынның есімі емес лақабаты «арманшыл» дегенді білдіреді. Хыяли өзінің ақындық қасиетін өте ерте байқады, өзінің образдық және  түрлі-түсті өлеңдерімен елдің назарын аударды сосын ақындардың ортасына жақындай бастады.Келесі өрескел ақын заманауи Хыяли, Иваза Зати(1471-1564) Анатолияның Қарасу ауданында дүниеге келген, етікшінің баласы және өзі бірінші қолөнермен айналысқан. Зати өзі ақын және сыншы ретінде үлкен атаққа ие болды. Сол дәуірдің ең керемет ақыны Бакы(1527-1600). Оның шын есімі – Молла Махмуд, бірақ ол түрік тарихына Абд-уль Бакы бүркеніш атымен танылған. Сол кездері  ертедегі шығармалары оның ақындық қасиетін ертерек ашты. Көп ұзамай ол Сүлеймен сұлтанның ең сүйікті ақыны, ал өлімінен кейін мұрагері атанды.

...

Скачать:   txt (10.9 Kb)   pdf (377.4 Kb)   docx (13.7 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club