Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ақыл - ойы кем жасөспірімдердің әлеуметтік дезадаптациялану мәселесі

Автор:   •  Апрель 28, 2022  •  Реферат  •  19,060 Слов (77 Страниц)  •  333 Просмотры

Страница 1 из 77

Кіріспе

Қоғамдағы болып жатқан өзгерістердің барлығы әрбір адамның, әсіресе жасөспірімдердің дүниеге деген көзқарасында, психикалық қалыпта бейнеленеді. Жасөспірімдердің мәселелерін шешуде тек жасөспірімдерді қарастыруға болмайды. Оның өмір сүретін қоғамдық ортасының қалпын да зерттеу қажет.

Қазіргі жасөспірім әлеуметтену тенденциясы мен мазмұны жағынан күрделі әлемде өмір сүруде. Бұл біріншіден, жас адамдарға жаңа талаптар қоятын техниктік-технологиялық қарқынның жаңартылуымен байланысты. Екіншіден, нақты өмірлік тұғыры әлі бекітілмеген жасөспірімге терең әсер ететін ақпараттардың қанық сипатымен байланысты. Үшіншіден, балаларда үмітсіздік пен тітіркену (өзіндік жауапкершілік сезімі жоқ уақытында) тудыратын, біздің қоғамды жаулап алған экологиялық және экономикалық дағдарыстармен байланысты.

Жасөспірімдік шақта физикалық дамудың негізгі факторы болып жыныс мүшелерінің дамуы табылады, ол ішкі мүшелердің жұмысына әсер етеді. Жасөспірімдік шақтағы физикалық даму ерекшеліктері бұл кезеңде дұрыс өмір тәртібіне, оның ішінде отбасылық өмірде қалыптасатын еңбек ету, дем алу, ұйқы және тамақтану, дене тәрбиесі мен спорт, еңбек ету тәртібіне маңызды орынды береді.

Жасөспірімнің психикалық дамуының ерекшелігі осы кезең барысында, ол прогрессивті, сонымен қатар гетерохромды сипатта болады. Латын тілінен аударғанда (adolescere) жасөспірім сөзі «ересек адамға айналу дегенді» білдіреді. Жасөспірімдік кезең пубертаттан басталып, ересектік міндеттерді қабылдаумен аяқталады.

Қазіргі уақытта біздің қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, идеологиялық тұрақты емес жағдай жасөспірімнің тұлғалық дамуы мен жүріс-тұрысында әртүрлі ауытқулардың өсуін көрсетеді. Олардың арасында тек жасөспірімдердің жоғарғы мазасыздығы мен рухани кедейшілігі ғана емес, олардың шектен шыққан арсыздықтары, мейірімсіз қылықтары, агрессивтілігі жоғары алаңдаушылықты туғызады. Бұл процесс әсіресе баланың балалық шақтан ересектік қалыпқа өтуінде, яғни жасөспірімдік шақта байқалады.

Бүгінгі күні біздің қоғамда жасөспірімдерге бағытталған позитивті әсер етулер өте аз. Сонымен байланысты, әлеуметтік адаптация жасөспірімдердің психологиялық дамуына әсер ету мәселесі өзекті болып табылады.

Әлеуметтік дезадаптация – бұл индивидтің қоршаған ортамен өзара әрекеттесудің, әлеуметтік дамудың, индивидтің әлеуметтенуінің бұзылуын білдіреді. Жағымды әлеуметтік рөлді жүзеге асыруға мүмкіндік болмағандықтан, жасөспірім дамудың қажеттіліктерін іске асыру үшін басқа жолдар іздейді.

Жасөспірімдік шақ адамның дамуының ең қиын кезеңдерінің бірі. Ол индивидтің барлық дерлік болашақ өмірін анықтайды. Бір жағынан жасөспірімдік шақ психикалық даму сипатына орай балалық кезеңге ұқсайды, екінші жағынан біздің алдымызда дамып келе жатқан , қоғамдық бақылаулардың жаңа сипатына бағытталатын адам. Ол шынайы түрде жаңа өзара байланыс, қарым – қатынас формаларына енеді,олардың мінезін түсінуге, өзін-өзі анықтауға тырысады.[1]. Жасөспірімдердің тұлғалық ерекшеліктерді көп жылдар бойы зерттеуде. Осы зерттеулердің ішінде жасөспірімдердің өзін-өзі бағалау көп қарастырылыған.

Жасөспірімдік шақта терең өзгерулер жүреді, тұлғаның тұтастай дамуына әсер ететін өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі тану жетіледі. Көптеген авторлардың пікірінше өзін-өзі бағалау жасөспірімдік шақтың орталық жаңа түзілістерінің бірі болып табылады. В.С.Журавлев Ю.А. Захаров және тағы басқа авторлар өзін-өзі бағалау мазмұнының өзгеруін бақылай отыра келе жасөспірімдердің өзін-өзі қабылдау , тұлғалық сипат және мінез факторларына көп көңіл бөлетіні туралы айтады [2].. Өзін-өзі бағалаудың маңызды жиынтықтарының бірі жасөспірімдердің өздерінің сырт келбетінің көрінісі болып табылады. Жасөспірімдерде өзін-өзі бақылауға, бейімдігі, эгоцентризм, “Мен бейнесінің” тұрақсыздығы байқалынады. Жасөспірім басқалардың арасында ол қандай екенін, оларға қаншалықты ұқсайтыны сұрақтарына жауап іздейді [3].

...

Скачать:   txt (300.3 Kb)   pdf (474.1 Kb)   docx (104.6 Kb)  
Продолжить читать еще 76 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club