Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Адамның жан

Автор:   •  Октябрь 11, 2022  •  Реферат  •  2,560 Слов (11 Страниц)  •  172 Просмотры

Страница 1 из 11

САНА МЕН БЕЙСАНА

Есеп және Аудит мамандығының

2 курс студенттері Жексенов Алибек, Ерболат Дархан, Оңлахан Қасымжан, Мұхтар Ұлықпан, Насырлаева Айгерім, Сайлаубаева Асемай

Ғылыми жетекші: PhD доктор, оқытушы Балабекұлы Д.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Аңдатпа: Осы аңдатпада біз сана мн бейсана туралы ,анықтамасымен, ұғымымен, философиядағы орнымен, түрлерімен және ғұламалардың пікірімен танысамыз.

Кілт сөздер: психика, сана, ой, рефлексия, бейсана, адам, ми, процес, таным.

Адамның жан-дүниесінің, яғни ғылымда қабылданған термин бойынша психикасының (грекше PSYche-жан), соншалықты күрделі екендігі шын мәнінде соңгы екі ғасырда гана айқындала бастады. Оған дейін ғылымның, әсіресе философияның тарихында ойшыл- дардың көпшілігіне жан әлемі тек санадан түратындай көрінетін. Өткен гасырларда ойлаудың барлық жақтары тек саналы процестер ретінде талданып келді. Эрине саналы түрде өтпейтін психикалык қызметтер, процестер барын сезген, біршама андаған ойшылдар да болды. Солардың ішінде мысалы Г.Лейбниц. Шексіз коп монадалардьщ бар- лығы тұйык субстанциялар. Олардың әрқайсысында белгілі дәрежеде психика бар. Бірак олардағы психика, жан көбіне бейсаналық түрде. Адамға жақындаған сайын олардың психикасының саналылық деңгейі де арта береді. Қүдіреттің жаратқан жандарының ішінде ең саналысы, әрине, адам. Бірақ адам жанында да көптеген оқиғалар саналы дәрежеде өтпейді. Тек күдай ғана бүкіл өзі жаратқан әлемді жарқыраған күндей айқын санамен қабылдайды. Бүл Лейбниц қағидасының қысқаша ғана түжырымы.

Лейбництен кейін де философияда, психологияда бейсаналық психикалық процестер барлығын айтқандар болды (Вунд т.б.). Бірақ бейсаналық психикалық қызметтің адам жанында айрықша зор орын алатынын толық дәлелдеген австрия психологы 3.Фрейд (1856-1939) Фрейдтің адам психикасы жайлы теориясын бүл жерде толық баяндай алмаймыз. Оның кейбір негізгі идеяларын әр мәселеге байланы­ сты айтып отырамыз.

Сананы бейсаналықтан ажырататын негізгі белгі - саналы процестерді адам оз ойларында барлық уақытта біледі, ал бейсаналықты, яғни саналы түрде іске аспаған психикалық қызметті өз ойлауында байкдмайды, тіпті білмейді, олардың не жөнінде, қалай және қашан болғаны жөнінде өзіне ешбір есеп бере алмайды. Бірақ бүл білу, не білмеу назарға бірден ілігетін сыртқы белгі. Оны біз күнделікті тәжірибемізден жақсы білеміз. Ойлауымыздағы саналы түрде болатын нәрселерді біз одан тыс түрған адамдай бақылап, тіпті тәптіштеп талдай аламыз.

Бірақ осы сыртқьі айқын белгі бізге сананың жөне бейсаналықтың қандай процесс екендігін түсіндіре алмайды, неліктен біз бір жағдайда психикамызда болған оқиғаны анык біле аламыз, ал екінші жағдайда білмейміз. Саналы процестерден есімізде қалатын эсер - ол психиканың бір жарық сәуле түсіп түрған бөлігі сияқты да, ал қалған жағы бір тас түнектей. Осы жарық пен қараңғы туралы бейне бейсанылыққа арналған зерттеулердің бәрінде кездеседі. Ол бейне сана мен бейсаналық туралы тек белгілі бір корнекі елес туғызады, бірақ, әрине, оны түсіндіре алмайды.

Ең алдымен сана туралы мөселені анықтауға өрекет жасап корейік. Философия бүкіл тарихында ойлауды тек саналы қызмет деп карағандықтан, ол туралы көптеген концепциялар туды. Олардың көпшілігі күнделікті тәжірибеде туған сана, саналылық хақындағы пікірлерге ғана сүйенеді. Соңғы ғасырларда ғана сананың рефлексиялық табиғаты жонінде айтыла бастаған. Рефлексия бүрын айтқанымыздай сыртқы дүниеге катынастың субъектіге қайта оралуы, яғни сыртқы дүние арқылы субъектінің өзінің өзіне қатынасы. Сана да осындай қатынас. Сонда адам сыртқы нәрселер жайында ғана ойланбайды, солармен бірге және соларға байланысты ол өзіне де, өзінің сол қатынасын да көреді, сезінеді, біледі. Оның да деңгейі, дәрежесі әртүрлі. Осыған дейін біз еркіндік, жаттану процесіндегі адамдардың бір нәрсені қалауы, екінші нәрседен аулақтануы көбіне саналы түрде емес, бейсаналық дәрежеде өтеді деп келдік. Енді соның табиғатын анықтауға кезек келді.

...

Скачать:   txt (35.4 Kb)   pdf (149.4 Kb)   docx (17.6 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club