Кендi шикiзатты өндеудiн жана баfыттары
Автор: Kenegessova • Март 31, 2018 • Статья • 1,297 Слов (6 Страниц) • 856 Просмотры
[21:39, 31.3.2018] Ерназар Гр: КЕНДІ ШИКІЗАТТЫ ӨҢДЕУДІҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ Бугінде кенді өңдеудің болашақ жұмырын ұзартуға байланысты жан-жақты шаралар қолға алынуда. Соның бірі өңірді дамытудың кешенді жоспарына да байланысты. Оған Жезқазған аймағындағы жер телімдерін пайдалы қазбаларын игеруді де айта кеткен жөн. Үкімет қаулысына сәйкес толықтырылып қайта қабылдаған Жеқазған, Сатпаев қалаларымен Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арнплған кешенді жоспарында негізінен өңірдің минералдық-шикізат базасын одан әрі кеңейтудің жаңа мүмкіндіктерін айта кеткенді де жөн көрдік. Жер қойнауынан шығып жатқан шикі зат қоры жылдан-жылға кемуде. Соған байланысты соңғы кезде елдің болашағын ойлайтын азаматтарымыз «Болашағымыз не болады?»- деп алаңдаушылықтарын білдірген.[1] Осының қарсаңында Елдің 2020 жылға дейінгі ғылыми-технологиялық дамуының сала аралық жоспары бекітілген болатын. Қазақстан Республикасының ұлттық әләқұатын барынша қол жеткізу мақсатында, сондай-ақ әлемде туындап жатқан жаңа ғылыми білімдер мен технологиялардың негізінде экономикадағы жаңа салаларды дамытуға арналған іргетас қалау үшін экономиканың дәстүрлі салаларын пайдалану үшін бірінші дәрежелі мәнге ие. [2] Қалдық мөлшерінің үздіксіз өсу тенденциясы-металлургиядағы шикізат базасындағы (қорларындағы) флатациялық байытудың металл құрамды қалдықтары. Забалансты және қиын байытылған кен орындар рөлін жоғарылату осы шикізат көздерінен металдарды бөліп алу ары қарай дамытумен байланысты. Забалансты кен-бұл берілген бір техниканың даму деңгейінде жерден қазып алуы және өңдеуді экономика тұрғысында қолайсыз кендер. Зертеулер екі бағыт бойынша жүргізіледі: 1)қазіргі кездегі бар технологияларды жетілдіру; 2) ерекше еріткіштер және аппаратуралық безендіруді пайдаланумен негізгі жаңа технологиялық схемаларды өңдеу. бағалы Соңғы жылдары үйінділеп шаймалау даму үстінде. (Үйінділеп шаймалау-бұл компоненттерді қалдықтардан және кедей кендерден ашық, арнайы қондырғыландырылған алаңдарда жүргізілетін шаймалаудың түрі. Бұл мыс нарқының дамуымен және құрамында мыстың ерігіш қосылыстары бар мыс кендерінің үлкен қорларының бар болуымен, сонымен қатар, алтынды бөліп алу технологиялық дамуымен байланысты. Үйінділеп шаймалау кендерді дайындау кезінде арнайы шараларды, жер қыртысына ерітінділердің кездейсоқ түсуімен қоршаған ортаны қорғауды талап етеді. Сонымен қатар, әсіресе уран және бірге жүретін металдарды бөліп алу үшін жерасты шаймалау әдістері де дамуда. (Жерасты шаймалау-ерітінділердің кеуекті немесе жарықшақты кенге, үстіңгі жақтан түсетін кездегі шаймалау; байытылған
[21:39, 31.3.2018] Ерназар Гр: ерітінділерді жинайды және минералдарды бөліп алу үшін сорып алады). Үйінділер және жерасты шаймалау кезінде металдарды бөліп алуды жоғарлату және қарқынды күшейту, ерітіндіні жинау және бүркіп суландыру, шикізатты дайындаудың ұтымды варианттарын құру мақсатымен жұмыстары келесі уақыттарда жүргізіледі. 1) үйінді, қалдықтарды салып алу үшін іргетас дайындаудың тиімді және арзан әдістерін өңдеу,
...