Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ұлы ағартушылар мен педагогтардың педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлестері

Автор:   •  Сентябрь 19, 2024  •  Реферат  •  1,259 Слов (6 Страниц)  •  43 Просмотры

Страница 1 из 6

[pic 1]

Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Реферат 

Пәні: Бастауыш мектеп педагогикасы

Тақырыбы: “Ұлы ағартушылар мен педагогтардың педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлестері”

Орындаған: Қанатова.Д

Тексерген: Омарова.Г

                                   

Алматы, 2024

Мазмұны

І. КІРІСПЕ

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Педагогикалық ғылымдар жүйесі
  2. Педагогика ғылымының қалыптасуына үлес қосқан орыс педагогтары

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


І. КІРІСПЕ

                                    Педагогика тәрбие туралы ғылым.

  Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде дүниеге келеді. Оның тұлға болып жетілуі үшін – тəрбиелеу қажет. Тəрбие адамды ізгілендіріп, оған қажет қасиет, сапаларды қалыптастырады. Қазіргі қоғамда тəрбие жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мекемелер түзілген. Бұл процесті кəсіптенген адамдар басқарады. Тəрбие жөнінде арнайы ғылым қалыптасқан. Міне сол ғылымды үйренуді енді бастаймыз. Адам тəрбиелеу жөніндегі ғылым педагогика деп аталады. Ол өз атамасын грек сөздері «пайдес»- балалар жəне «аго» -жетектеу дегеннен алған, тікелей аудармасында «педагогика» сөзі бала тəрбиесін бағыттау өнері дегенді аңдатады, ал «педагог» сөзі бала жетектеуші мəнін білдіреді.

  Педагогика - тəрбие жөніндегі ғылым. Оның басты міндеті адам тəрбиесі жөніндегі ғылыми білімдерді жинақтау жəне жүйелестіру. Педагогика адамдарды тəрбиелеу, білім беру жəне оқыту заңдылықтарын ашып, соның негізінде алға қойылған мақсаттарға жетудің ең пайдалы педагогикалық жолдары мен тəсілдерін көрсетіп отырады.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Педагогикалық ғылымдар жүйесі

  Педагогика – кең ауқымды ғылым. Оның шұғылданатын оқу жəне тəрбие мəні мен олардың барша байланыстарын жеке бір ғылым шеңберінде қамту мүмкін емес. Педагогика дамудың ұзақ жолын басынан кешіріп, көптеген білімдер жинақтап, бүгінгі күнде ғылыми білімдердің кең тармақты жүйесіне айналып отыр. 

  Адам жөніндегі ғылымдар жүйесіндегі педагогиканың орны оны басқа ғылымдармен байланыстыра қарастырғанда ғана айқындалуы мүмкін. Өзінің ұзаққа созылған тарихында педагогика көптеген ғылымдармен тығыз байланыста болып, өз дамуы мен кемелденуінде олардың əрқилы ықпал-əсеріне ұшырап отырды. Бұл ұштастықтардың кейбірі тарих тұңғиығынан жалғасып келе жатса, енді біреулерікейінгі, жақын дəуірлерде пайда болды.

2. Педагогика ғылымының қалыптасуына үлес қосқан орыс педагогтары

Орыс педагогикасында тəрбие туралы ой-пiкiрлер мен қолданылмалы идеялар тез қалыптасты. Ерте заманның өзiнде Руста мектептер ашылды. 1030 жылдың өзiнде Новгородта 300 балалық мектеп ашылғаны ел жадында. ХII ғасырдағы ''Князь Владимир Мономахтың балаларды үйретуi'' атты педагогикалық трактаты, өз кезiнде кеңiнен тарағаны белгiлi. Бұл трактатта - өз Отаныңды сүю жəне қорғау туралы, адамдарға көмек көрсету жəне қайрымдылық құрметтi болу жəне үлкендерге, құрдастарға, жасөспiрiмдерге сыйлы болу, сауаттылыққа ынталылықпен жету т. б. озық ойлар басым болды.

Орыстың педагогикалық ойының дамуына М. В. Ломоносов үлкен үлес қосты. Ол ''Риторика'', ''Россия грамматикасы'' т. б. бiрнеше оқу кiтаптарын жазды. Россия педагогикасына өлшеусiз iз қалдырған Н. И. Новиков болды. Ол ''Жүрек жəне ақыл үшiн балалар кiтабы'' атты Россияда бiрiншi рет журнал шығарды.

Ұлы орыс педагогы К. Д. Ушинский  (1982-1870)

К. Д. Ушинский есiмi ХIХ ғасырдың екiншi жартысындағы орыс ағарту iсiнiң көрнектi қайраткерлерiнiң қатарынан бiрiншi орын алады. Ол Россиядағы педагогика ғылымының жəне орыс халық мектебiнiң iргетасын қалаушылардың бiрi. Оның ''Балалар əлемi'', ''Ана тiлi'', ''Педагогикалық антхопология'' атты еңбектерi балалар мен мұғалiмдер үшiн таптырмайтын, қайталанбас, орыс-тың педагогикалық əдебиетiнiң алтын қорына қосылған туындылар. Сондай ақ, педагогика ғылымы саласынан шетелге тұңғыш танылған еңбектер болды.  Ушинскийдiң педагогикалық жүйесiнде оқудың принциптерi мен мақсаттары, тəрбиенiң мəнi мен маңызы көрнектi орын алады. Ол қарапайым, заңдылық-парадокстi қамтитын тəрбие, егер ол адамға бақыт сыйлағысы келсе, онда ол бақыт үшiн тəрбиелемей, өмiрге жəне еңбекке баулу керек. ''Тəрбиенi жетiлдiре отырып, адамдардың дене, ақыл-ой, нравтық күшiн белгiлi деңгейден əрi жалғастырып - көтерiп тастауы мүмкiн'' - деп жазды. Қалай болса да, адамда жəне тəрбиенiң жоғарғы мұраты, тағы да бiр ерекше күш тауып, межелi мақсатқа жетуге жол табуы тиiс''-деп көрсеттi.

...

Скачать:   txt (17 Kb)   pdf (139.8 Kb)   docx (27 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club