Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттіліктің қалыптасуы мен көшпелі және отырықшы мәдени аймақтардың өзара қатынастарының алғашқы кезеңдері

Автор:   •  Октябрь 31, 2023  •  Реферат  •  5,651 Слов (23 Страниц)  •  278 Просмотры

Страница 1 из 23

Қaзaқстaн Республикaсының білім және ғылым министрлігі

Әл-Фaрaби aтындaғы Қaзaқ Ұлттық Университеті

[pic 1]

Фaкультеті: Биология және биотехнология

Кaфедрaсы: Биоалуантүрлілік және биоресурстар

СӨЖ

Тaқырыбы:Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттіліктің қалыптасуы мен көшпелі және отырықшы мәдени аймақтардың өзара қатынастарының алғашқы кезеңдері(б.з.д 3ғ-б.з 2ғ)

                                                                          Орындаған:Қантөре Ж

                                                                          Қабылдаған:Дауытбекова М

                                       Алматы-2022

Кіріспе

   «Ұлы Дала»ұғымы-баяғыдан бар ұғым.Ұлы Дала ұғымына мынау Алтайдан Қара теңізге дейінгі даланы атайтын болған .Оның негізгі аумағы-біздің қазақтың жері.

   «Ұғыммен теңестіретін болсақ,бізге «Ұлы Дала еліміз»мен «Көк аспан»деп те атауға болады.Кең дала-біздің жеріміз.Осы жерде мемлекетімізді құрып,оны шаңырағын биік қылып,көк тәдың астына жиналып жатырмыз .Біздің байрағымыздың өзіңде көк аспан ,жарқыраған күн бейнеленген.Бірақ,біз халықтың ішінде ұлы даланың ұрпағымыз десек,келіп тұрған сияқты.Ол халықтық атау болуы керек»,-деді елбасы .

   Тамырын тереңнен алған бұл ерекше атау егемен еліміздің дүниежүзіне бұдан да артық таныла түсуіне,мемлекеттік,ұлттық имиджіміздің көтерілуіне орасан ықпал етпек.

   Көне тариихи жазбаларға көз жүгіртсек,«Ұлы Дала»ұғымының ежелден бері келе жатқанын аңғарамыз .Бұл атау ғасырлар қойнауынан аршып алынып,бүгінгі күнге дейін жеткен жыр,қисса,дастандарда,түркітілдес халықтар туралы деректерде,орыс әдебиеттерінде,Қытай жазбаларында және Лев Гумилев сынды көрнекті тарихшы-ғалымдардың еңбектерінде көп кездеседі.Демек,Қазақстанның  «Ұлы Дала елі»деген бейресми,қосымша атауға ие болуында тарихи негіз бар.Бұл атау еліміздің географиялық ерекшелігіне сипаттама ғана емес,бұл мемлекеттің күш-қуатының айрықша мәртебесі. «Ұлы Дала елі»атауы біздің ұлттық болмысымызды айқындап,іс-шараларымыздың қазығы деп ойлаймын.

   Біз барлығымыз-бақытты мемлекеттің азаматтарымыз,ата-бабаларымыздан мұра болған «Ұлы Дала елінің»перзентіміз.Терең мазмұнға ие осы құндылықтарды біз кейінгі ұрпақтардың жүрегіне жеткізіп,ой-санасына сіңіруіміз керек .

   Тамыры сонау Сақтардан бастау алатын Ұлы даланың рухты ұрпақтары мынау дүние ғаламда талай соғыстарды басынан өткеріп,талай қанұйлы жаулармен текетіреске түсті.Қаншама ғасырлар өтті,қаншама ұрпақтар жаңарды,бірақ,мақсат пен мүдде өзгермеді.Ұлы Дала әр ғасырда алуан тілде сөйлейтін,нәсілдік сипаты әртүрлі көшпелі және жартылай көшпелілер қоныс етті.Ұлы Дала кең байтақ ашық кеңістік.Даланың табиғаты ұшы қиыры жоқ байтақ алқапты болып келеді.Осыған байланысты ежелгі уақыттан бері аумақта түрлітілдер,тайпалар,мәдениеттер,діндер және өркениеттер тоғысып жатты.

   Сақ тайпалары Солтүстік Қара теңіз өнірі мен мен Днепр бойын мекендеген скифтердің және төменгі Еділ бойы мен Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтардың,Кир мен I Дарий парсыларының және Александр Македонский дәуріндегі гректердің замандастары болған. Б.з.б I мыңжылдықта Солтүстік Үндістанды,Ауғанстанды,Орта Азияны және Қазақстанның оңтүстігін қамтитын кең-байтақ аумақта жинақтап алғанда сақ деп аталатын көптеген тайпалар мекендеген .Геродот (б.З.б Vғ)және басқа антик тарихшылары оларды Азия скифтері деп атаған.

   Ғылымда сақтардың Орта Азия мен Қазақстан аумағында шоғырланғаны туралы көптеген болжамдар бар .Олардың біреуіне Шаш,Солтүстік Қырғызстан аумағында және Қазақстанның оңтүстігінде тиграхауда-сақтар мекендегені,бұл сақ тайпаларының этникалық аумағы кеңірек болған,оған Оңтүстік Орал өңірі мен Таулы Алтай да еңген .

   Ежелгі жазбаша деректемелердің сақтардың тайпалық одақтарына қатысты мәліметтерін 2 топқа;1)антик деректемелердің деректері;Геродот (б.з.б Vғ),Ксенофонт (б.з.б VI-Vғ),Птолемей (б.з.б IIғ  2)ахеминидтік (ежелгі парсы)сына жазбалары топтарына бөлуге болады.

...

Скачать:   txt (85.8 Kb)   pdf (300.4 Kb)   docx (90.4 Kb)  
Продолжить читать еще 22 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club